Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет15/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4
Топырақ түзуге аймақтың геологиялық жасының əсері. Геологиялық жаңа аймақта топырақ та жас, яғни жаңа түзіле бастаған топырақ, ал геологиялық ескі аймақтың топырағы да ескі. Міне, осы тұрғыдан алғанда кең байтақ ТМД елдерінің теріс жағында жаңа жас топырақтар түзіліп жатса, оңтүстік жағында көне дəуірден келе жатқан топырақтар кездеседі. Себебі бұрынғы КСРО- ның теріскей жағы кейінгі дəуірлерде ғана мұздан арылған. Ал оңтүстік аймақтардың мұздан арылғанына бірнеше дəуірлер өтті. Тіпті, оңтүстік аймақтың көп жерлерін мұз баспаған. Сондықтан бұл алқаптарда топырақтың даму құбылыстары ерте басталған. Осыған қарап, жалпы оңтүстік өңірлерде жаңадан түзіліп жатқан жас топырақ жоқ деп айтуға болмайды. Мəселен, соңғы жылда- ры шегініп бара жатқан Арал теңізінің суы тартылуынан оның бұрынғы түбінде жаңадан топырақ түзілу құбылыстары басталды. Топырақ түзу процестеріне адам қоғамының тигізетін əсері.
Адам өзінің саналы əрекеттерінің нəтижесінде жерді қолдан суа- рып немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көп өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістердің көбі – топырақтың пайдалы қасиеттерін жақсартуға, топырақтың құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралар.
Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсімдіктер
орнына мəдени дақылдар егіледі, ал олардың табиғи өсімдіктерге қарағанда, топыраққа тигізетін əсері əрине, өзгеше.
Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізуден топырақтардың бұрынғы табиғи қасиеттері өзгеріске түсіп, жаңа «мəдениеттелген» сапалы топырақтарға айналады. Бұған Орта Азиядағы көп жылдар бойы суарылып келе жаткан жази- ра алқаптардың топырақтары мысал болады. Адамның саналы əрекетінің арқасында, табиғи жағдайда құнарсыз жатқан топырақ- тар (шөлді, батпақты, сорланған, сортаңданған) құнары артқан, са- палы топырақтарға айналды.
Дегенмен, осы əрекеттердің барлығы оң нəтиже беріп жүр деп айтуға болмайды. Суармалы алқаптардағы егістікті суарудағы жəне жерді мелиорациялаудағы жіберілген қателіктерден құрамында тұзы шамалы топырақтың екінші рет сорлану құбылыстары басталып немесе батпақтанып, топырақтары егістікке жарамай, істен шығып қалатын жағдайлардың да болып тұратыны рас.
Ал кейде жыртуға жарамсыз, механикалық құрамы жеңіл немесе сортаң топырақтар жыртылып, одан кейін жел эрозиясына ұшырап, пайдаға аспай қалатын жерлер қаншама. Мəселен, Қазақстанда ХХ ғасырдың 1950 жылдардағы тың игеру кезінде мұндай жағдайлар кездесті. Павлодар облысында мыңдаған гектар жыртуға жарамсыз жеңіл топырақтар мен Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, т.б. об- лыстарында сортаң топырақтар жыртылып, көптеген зиян шектік.
Осы сияқты халық шаруашылығына зиян келтіретін жайларға жол берілмей, керісінше топырақты өндеу, мелиорациялау, хи- мияландыру, оның құнарын арттыруға бағытталуы тиіс. Ол үшін əрбір аймақтың өзіндік ерекшелігін, топырағының қасиеттері мен құрамын жете білген жөн.
Қазіргі ғылыми-техникалық үдеу мен қоғамның дамуы нəтижесінде адамзат топырақ түзу құбылысын, оның құнарын арттыру жолын бүтіндей өз қолына алып, жаңа бетбұрыс жасауға кірісті. Өндірістік күштерінің дамуымен көптеген қолдан бүлдірген жерлерді қайта құнарландыру (рекулътивация) жұмысы жүргізілуде. Ертеректе адам қоғамының топыраққа əсерлері негізінен жергілікті мелиорацияланған жерлермен шектелетін. Ал қазір адамзат қоғамының топыраққа, жалпы табиғатқа тигізетін əсерлері өзгерді. Тек жыртылып, мелиорацияланған (суарылған, құрғатылған) жерлермен ғана шектелмей, тіпті, жыртылмаған жерлерге де тию-
де, яғни əлемдік деңгейде тарауда. Өйткені жыртылмаған жерлер- де өндіргіш күштерінің нəтижесінде игерілген топырақтардың тек ылғал тəртіптері ғана емес, сонымен қатар əртүрлі тыңайтқыштар енгізіп, арам шөптермен күресу үшін улы химикаттар сепкендіктен, топырақ құрамы елеулі өзгерістерге ұшырайтыны белгілі.
Осы кезде өндірістің дамуымен көптеген жылу электро-станция- ларынан əртүрлі зауыттардың биік мұржаларынан шығатын түтін құрамдарында зиянды газ қоспалары жеткілікті. Ол газдар ауа там- шыларымен қосылып кең алқаптарда қышқыл жаңбыр болып жа- уып, топырақ құрамына мол өзгерістер енгізеді. Сонымен қатар көптеген аймақтарда топыраққа атом жарылыстарының əсері де аз емес. Əрине, бұл зерттеуді қажет ететін мəселелер.
Сонымен, жоғарыда құрғақ жерлердің барлық аймақтарының топырақ түзілуіне əсер ететін негізгі факторлар сипатталды. Ал кейбір жерлерде топыраққа əсер ететін жергілікті (локалды) фак- торлар кездеседі. Мəселен, кейбір алқаптарда жерасты суының топырақ бетіне жақын жатуы, ол жерлерде шалғынды топырақтың түзілуіне əкеп соғады. Өзен бойларындғы біраз алқаптар жыл сайынғы су тасқындарының əсеріне тап болады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет