Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтардың табиғи туындысы ретінде жалпы ерекшелігі жəне түзілуінің материалдық негіздері



бет16/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu
Лабораторная 4

Топырақтардың табиғи туындысы ретінде жалпы ерекшелігі жəне түзілуінің материалдық негіздері


Топырақтың түзілуіне жоғарыда сипатталған топырақ түзуші факторлармен қатар, оның түзілуіне тікелей қатысы бар материалдық негіздердің рөлі ерекше. Топырақ түзуші материалдық негіздерге: аналық тау жынысы, осы қабаттағы ауа құрамы мен ылғал, мекенденетін бүкіл жоғары жəне төменгі сатылы организмдер қосындылары жатады. Табиғаттың ауа райы мен жер бедерлерінің өзгешелігі нəтижесінде əртүрлі топырақтар түзіледі. Ескеретін жай, бұл топырақ түзуші материалдық негіздердің кейбіреулері, мəселен, аналық жыныстар, тірі ор- ганизмдер қосындылары жоғарыда сипатталғаннан əрі топырақ түзуші факторлар əрі топырақ түзуші материалдық негіздер рөлін атқарады. Сондықтан олардың қай рөлде маңызы басымырақ екенін бөліп айту қиын. Ол жағдайлар тек шартты түрде бөлінеді. Əдетте, бір затты түзуге қатысатын материалдық негіздерінің


үлесін зерттеу олардың химиялық құрамын анықтаудан бастала- ды. Биосферадағы əртүрлі табиғат денелерінің химиялық құрамын сипаттағанда, оның құрамындағы əртүрлі элементтердің орта есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығарады. Жер қабатындағы элементтердін орташа құрамын 1924 жылы алғаш есептеп шыққан американдық ғалым Ф. У. Кларк болды. Сондықтан мұны Кларк көрсеткіші деп атайды. Кейінірек жана қосылған мəліметтерге байланысты бұл Кларк көрсеткіштері бірнеше рет толықтырылды (А. Е. Ферсман, 1934-1939, А. П. Вино- градов, 1962). Сонымен қатар, ауа құрамындағы, судағы жəне тірі заттардағы элементтер кларкы да есептелінетін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет