Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жер бетіне жақын ауаның химиялық құрамы



бет18/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Жер бетіне жақын ауаның химиялық құрамы. Топырақ түзуші тау жыныстарының құрамымен салыстырғанда топырақ бетіндегі ауаның құрамы, ондағы кездесетін аз элементтердің қатынас мөлшері өте алшақ.
Жер бетіне жақын ауаның орташа химиялық құрамы, % (М. А. Глазовская, 1981 бойынша):

2
N - 75,51 Ne - І.310-5 N О - 1.510-4

2
О - 23.15 Нe - 7,210-5 Н – 310-6
Аz - 1,28 СН4 - 1,210 Хе - 1,810
-4 -5
СО2 - 0,046 К - 2,910 О - 3,610
-4 -6

Келтірілген мəліметтерден азот жер қыртысында аз эле-
менттер қатарында болса, ауа құрамында ол негізін құраушы це- мент. Ауадағы азот топыраққа берілетін азоттық негізгі көзі əрі биологиялық тірі организмдерге қажетті белок түзетін эле- мент. Топыраққа ол ауадан түсетін ылғалдар жəне ауадан aзотты сіңіретін микроорганизмдер арқылы келеді. Ауаның құрамындағы екінші негізгі элемент оттегі. Онымен тотықтандыру реакция- лары, соған байланысты тау жыныстарының үгілуі мен топырақ түзілу құбылыстары тікелей байланысты. Озон ауа құрамындағы өте аз элемент, өте белсенді тотықтырғыш.
Жасыл өсімдіктер үшін жəне топырақ түзуде ауадағы көмір қышқыл газының маңызы ерекше. Жасыл өсімдіктердің жапырағы арқылы фотосинтез жүреді. Осының нəтижесінде көмір қышқыл газындағы көміртегі өсімдіктердің барлық органикалық бөліктерін түзеді: олар кейін топыраққа беріледі. Органикалық заттардың
шіріп-ыдырау құбылыстарынан пайда болған топырақтың қара шіріндісінде (гумус) көміртегінің үлесі 58%, ол негізінен ауадағы көмірқышқыл газынан түседі.
Жер бетіндегі жəне топырақ кеуектеріндегі көмірқышқыл газы (СО2 + Н20 Н2СО3) ылғалмен қосылып, көмір қышқылын түзеді, ал ол қышқыл жер қыртысындағы, топырақтағы басқа əртүрлі химиялық
элементтермен қосылып, түрлі реакцияда жүруі арқылы карбонатты тұздар түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет