Топырақ – күрделі дене, ол бірнеше фазалардан: қатты фаза (минералдық жəне органикалық), сұйық фазасы (топырақ ерітіндісі), газды фазасы (топырақ ауасы) жəне тірі фазасы (топырақтағы тірі организмдер) тұрады. Бұл фазалар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Майда ұнтақталған тау жыныстары мен олардың топырақтағы минералды бөліктерінің өзінің пайда болу жағынан екі топқа бөлінеді: Алғашқы – магматикалық жəне метаморфикалық аса қатты үгілмеген минералдар. Екіншісі – жердің үгілу неме- се топырақ қабаттарында алғашқы минералдардың көпжылдық үзіліссіз үгілуінің нəтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған өнімдері түзілген биіктіктен ормандық белдеу басталады, онда са- мырсын, майқарағай, шырша, балқарағай жəне қайыңдар кездеседі.
Топырақтың жəне оның қабаттарының түстеріне əсер ететін негізгі құрамдар:
Қара шірінді заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.
Темір марганец тотықтары. Сары, қызыл, сия түстер береді.
Кремний қосылыстары, əк, каолинит, алюминий гидроксиді жəне суға ерігіш тұздар (Хлоридтер жəне сульфаттар). Олардың түстері-ақ келеді.
Темірдің шала тотығы. Ол көкшіл, сұр сия түсті келеді.
Үшбұрыш ақ, қара, қызыл түстер, ал олардың араларында осы үш негізгі түстердің азды-көптігіне байланысты неше түрлі түстер болады. Топырақтың түсін анық бір түспен айту қиын, сондықтан негізгі түске анықтама қосылады. Оның басым түсі соңына қойылады. Мысалы, қара қоңыр, сары құба, ашық сары деген сияқты.
Топырақтың түсінің практикалық маңызы үлкен. Топырақ қабатының қалың қара түсті болуы қара шірінді молдығын көрсетеді. Көкшіл немесе көк түсті топырақтың батпақтануы. Мұндай жерлерді пайдалану күрделі мелиоративтік жұмыстарды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |