Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың əсері



бет21/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақ жамылғысына антропогендік факторлардың əсері




Антропогенді факторлар деп адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін əсерінің жиынтығын айтады. Табиғатты қорғаудың түрлі аспектілерін ескермей жүргізген адамның шаруашылық іс-əрекеттері қоршаған ортаның соның ішінде топырақтың да ластануына əкеп соғады. Нəтижесінде топырақ өндірістік, құрылыстардың қалдықтарымен жылу электр станцияларының күлімен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі жердің бетіне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйілген, мұнай өнімдері жиналған, т.б «индустриялық дала- лар» пайда болады. «Индустриялық далалардың» топырақтарында ештеңе өспейді. Бұның себебі, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетін химиялық элементтер болады. Олар көміртек күкірт молибден, мыс, кадмий, мырыш, алюминий, никель, вольфрам, натрий, хлор, темір, бор, ба- рий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық элементтердің топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.
Топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің нəтижесінде де жүреді. Топырақты (сол сияқты ауа мен суды) едеуір ластаушы көздер мал шаруашылығының комплекстері. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа кешендері немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін кешендердің қоршаған ортаны ластау дəрежесі 400, 500 мың халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дəрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі. Сонымен қатар, көп жағдайда жанар-жағар майлар- ды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде, топырақтың биологиялық белсенділігін нашар- латады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не
4–1427 49
егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды. Мұнай өндіру жəне барлау жұмыстары топырақтың түрлі, жуғыш заттармен ластануы- на себеп болады. Нəтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне əкеліп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп бо- лады. Əдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді. Көптеген жер- лер тұрмыстық жəне өндірістік қалдықтары жинақталған қалдық үйінділермен ластанады. Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекеме- лерден шыққан қалдықтар, əртүрлі синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.
Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түр- лері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себепболады. Ал пестицидтердіңтопырақтажинақталуы жəнеондағы организмдердің жойылуы топырақ түзілу процестерінде əсер етіп, оның құнарлылығын төмендетеді. Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрін, тыңайтқыш берілетін дақылдың ерекшеліктерін ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сілтіленуіне əкеліп, қоректік элементтердің антогонизмін туғызады.
Антропогендік жағдайдан пайда болған радиоактивтік ядролық жарылыс, атом өндірістерінің қалдықтары, т.б. себептермен топыраққа радиоактивтік изотоптарды əкеледі. Атом жарылыстары- нан пайда болған радиоактивтік заттар ауамен таралып, жауын-ша- шынмен жерге түсіп, топырақты жəне табиғи суларды радиоактивтік заттармен ластайды. Антропогендік радиоактивтік изотоптар туралы айтқанда Қазақстан жерінің басым бөлігінде олардың көп тарағанын ескергеніміз жөн. Оның басты себебі қазақ жерінде уранның негізгі кендері табылды. Одақ кезіндегі атомдық сынақ жарылыстары да осында жүргізілгені белгілі. Биологиялық айналымға қосылып, жа- нуарлар денесіне, олар арқылы адамның денесіне еніп, жайылып радиоактивтік сəуле тигізеді.
Ең қауіптісі стронцийдің изотопы (90Sr) цезиидікі (137Сs), өйткені олардың жартылай ыдырау уақыты өте ұзақ (90Sr - 28 жыл, І37Сs - 33 жыл) жəне олардың сəуле шығару күші үлкен болғандықтан, биологиялық айналымға белсенді қатысады.
Сондықтан бұл изотоптардың топыраққа сіңіру заңдылықтарын олардың топырақта жылжу тəртібін жақсы білу керек. Бұл изотоптардың екеуі де топырақтың қатты бөлігіне толық сіңіріледі, сол себептен 80-90% топырақтың жоғарғы қабатына жиналады. Оның ішінде гумустың тұнба фракциясы мен монтмориллонитке, гидрос- людалы балшықты минералдарға бай топырақтарға мол сіңіріледі. Стронцийдін көп қасиеттері кальцийге, ал цезийдің қасиеттері калий- ге жақын, сондықтан бұл радиоактивтік элементтердің топырақтағы тəртібі осы айтылған элементтердің тəртібіне ұқсас келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет