Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Өсімдіктің вегетативтік органдары



Pdf көрінісі
бет11/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
2.5. Өсімдіктің вегетативтік органдары
Өсімдіктің органдары əртүрлі тканьдардың бірлесіп орналасуы-
на байланысты пайда болады. Оған тамыр, сабақ, жапырақ сияқты 
өсімдіктің тұқым қалдыру қызметін атқаратын генератив органдары 
жатады.
Өсімдіктің тамыры жердің қыртысынан су жəне минералды заттар-
ды тартып алатын орган жəне онымен қатар өсімдікті жерге біріктіріп 
ұстау қызметін атқарады.
Тамыр ұрықтан жаралған негізгі тамыр жəне онан өсіп шығатын 
бұтақша тамырлар болып екіге бөлінеді. Тамыр өскенде оның 
бұтақтары негізігі тамырдан да, оның бұтақшаларынан жəне өсімдік 
сабақтарынан да өсіп шығуы мүмкін. Өсімдік сабағынан шыққан та-
мырларды қосымша тамырлар деп атайды. Мұндай тамырлар жүгері 
сияқты биік өсетін өсімдіктерде болады. Кейде ол тамырларды ауа та-
мырлар деп те атайды.
Дəнді дақылдардың тамыры көп шашақты тамыр деп аталады. Ол 
шашақтар мен қосымша бағыныңқы тамырлардан тұрады.
Тамырлар тек қана өзінің ұштары арқылы өсіп ұзарады. Сол 
ұштарында сүйір келіп өсетін орны берік қалқан затты қабы (чехлик) 
орналасқан. Мұның астындағы клеткалар тез өсіп, өсу аймағына ай-
налады, ал оның алдында ұзару аймағы жатады. Олар əртүрлі тамыр 
тканьдарына айналады, ал оның алдында сору аймағы болады. Ол 
көптеген ұсақ тамыр шашақтарынан тұрады. Міне, осылар ғана су 
мен ондағы еріп жүрген минералды заттарды жерден сорып алады да, 
оларды өсімдіктің сабағы арқылы жапыраққа жеткізеді. Жапырақта 
олар фотосинтезге (фото – жарық, синтез – пайда болу) қатысады, ал 
одан қалған су буланып ауаға шығады. Тамырдың ұзындығы жердің 
қыртысындағы ылғалдың жəне қоректік заттардың көптігіне байланыс-
ты болады. Өсімдік тамыры жердің ылғалды, құнарлы бөліктерін іздеп 
таба біледі.
Өсімдік сабақтары ең маңызды органдарға жатады. Онда қоректік 
заттарды өткізіп тұратын механикалық тканьдар, гүл шоқтары, 
масақтар, бұтақтар жəне басқа өсімдік өміріне керекті органдар мен 
тканьдар орналасқан. Ол өсімдіктң тік немесе оралып өсетін қасиеттерін 
атқарады, органикалық заттарды жапырақтан төмен қарай, ал су мен 
минералды заттарды жоғары қарай өткізеді де, ең негізгі масақ жəне 
генеративтік органдарды шығарып, оған жетілуге керекті, кейін қорға 
айналатын қоректі заттарды жеткізіп тұрады.


23
Негізгі сабақтарға бұтақтар орналасады. Олар өзара бірінші, 
екінші, т.б. қатар бұтақшаларға бөлінеді, кейбір бұтақшалар өзінің 
өсуін тоқтатып бүршікке айналады. Бүршіктер жапырақбетінде немесе 
бұтақшаның басында болады да, кейін келе гүл шоқтарына айналады.
Дəнді дақылдардың жаздық жəне күздік түрлерінің сабағы біржыл-
дық болады, жеміс беріп болған соң қурап қалады. Олар тік өседі, тек 
қана бұршақ тұқымдастардың сабағы шырмауық тəрізді өрмелеп өседі. 
Дəнді дақылдардың сабағы сабан деп аталады. Ол сабақтардың іші 
қуыс, көп буындарға бөлінген. Буындардан жапырақ өсіп шығады.
Өсімдік жапырақтары – негізгі органдардың ішіндегі ең негізгісі. 
Егер астық дəнінде қоректік заттардың қоры жиналатын болса, олардың 
өзі тек жапырақтарда ғана пайда болады жəне сонымен қатар тыныс 
алу үдерісінде көміртегін жұтып, оттегін бөліп шығарады. Сондықтан 
қоректік заттар (соның ішінде ет, сүт, май, жүн, т.б.), құрылыс матери-
алдары, киім, отын, (ағаш, тас көмір, мұнай, газ) түгелдей жапырақта 
жүретін үдерістерге байланысты. Көпшілік өсімдіктерде жапырақ өзінің 
пластинкасы (алақан) мен сабағынан тұрады, ал дəнді дақылдарда 
сабақтың орнына сабанды қаптап тұратын қынап (влагалище) болады. 
Жапырақ алақанының үстіңгі жəне астыңғы жағында көптеген мұршалар 
деп аталатын ұсақ тесікшелер бар. Оларда хлоофилл дəндері көп бола-
ды. Осы тесікшелер арқылы өсімдік тыныс алады жəне ол жасыл түсті 
болғандықтан, күн сəулесін байлап, көмір қышқылы мен судың буы-
нан көмірсутектерді (қант, крахмал) синтездейді. Жапырақтың үстіңгі 
жағында май тəріздес кутикула қабыршағы бар. Ол жапырақтың үстіне 
түскен зиянды нəрселерден қорғайды.
Тесікшелер күндіз ашық, түнде жабық болады. Өсімдік тыныс 
алғанда ауамен бірге көмір қышқылы кіреді де, ол сумен қосылып 
көмірсутектерге (6СО
2
+ 12Н
2
О = (С
6
Н
12
О
6
+ 6Н
2
О + 3О
2
) айналады 
да, газдар қайтадан сыртқа шығады. Бұл үдеріс күн жарығы мен мен 
хлоофиллдің қатысуы арқылы жүреді. Синтезделген қант (С
6
Н
12
О
6
+ nН
2
О = (C
6
H
10
O
5
)n крахмалға айналады да, тамақ жəне энергия 
қоры ретінде дəнге құйылып сақталады. Хлорофилл жасыл түсті 
болғандықтан, ол күн жарығының ультрақызыл сəулесін өзіне сіңіріп 
алады. Бұл құбылыстың қалай жүретінімен биохимия пəнінде таны-
самыз. Осы сəуле арқылы көмір қышқылы сумен қосыла алады, ал 
сəуленің өзі көзге көрінбейтін электрон ретінде астықтың энергия 
қорына айналады. Бұлардан басқа да жер қыртысынан көптеген ми-
нералды заттар құрамындағы органикалық заттарға қосылып, оның 
қоректік қорына айналады.


24
Жазда бидайдың бір га егістігі 40 центнер өнім береді деп есептесек, 
осы мерзім ішінде 10 тоннаға жақын биомасса пайда болады. Бұл син-
тезге 150 кг азотты, 500 кг басқа да минералды заттарды жерден сіңіріп, 
ал аудан 20-25 тонна көмір қышқылын байлап, 14 тоннаға жақын оттегін 
бөліп шығарады. Міне, осы 1 га жердегі жасыл өсімдіктер 4,5 млрд 
ккал күннің энергиясын сіңіреді, оның 2,2 млрд ккал өсімдік құрамына 
кіреді де энергия қорына айналып, жылулыққа, судың буға айналуына 
пайдаланылады. Бір грамм молекула қант синтезіне 674 ккал (2821,9 
Джоуль) күн энергиясы жұмсалады. Бұл:

2
О → 4Н + О
2
;
СО
2
+ 4Н → СН
2
О + Н
2
О болып жүреді.
Міне, осы заттар кейін қантқа, крахмалға, майға, сағыздарға, фер-
менттерге, дəрумендерге айналады.
Фотосинтез ауаның температурасы 25-30°С болғанда жақсы жүреді. 
Соның өзінде күн сəулесінің 1-2 пайызын ғана сіңіре алады. Ол энергия 

2
жапырақ ауданында бір сағатта тек 80-100кг органикалық заттарды 
байла алады.
Жазда фотосинтезбен қатар өсімдік жапырақтары арқылы тыныс 
алу үдерісі жүреді жəне су буланады. Судың булануынан өсімдік 
салқындайды да, өсімдіктің тамыры арқылы сорғы сияқты суды со-
руды қамтамасыз етеді жəне су буының фотосинтезге қатынасуын 
мүмкіндік туғызады. Өсімдік көп суды буға айналдырады. Мысалы, 
бір күнбағыс өсімдігі жаз бойы 200 кг суды буға айналдырады, би-
дай егістігінің 1 гектарында жаз бойы 2 млн кг су буға айналады. 
Сонымен 1 грамм органикалық синтезіне 125-1000 г су кетеді. Суды 
ең аз жұмсайтын бидай 1 г органикалық заттың синтезіне 300-400 г 
су жұмсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет