Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет13/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

2.6. Астық дақылдарының көбеюі
Өсімдіктің көбеюі немесе ұрпақ қалдыру қабілеті көбінесе жы-
ныстық көбеюге жатады. Дəнді дақылдар өзімен-өзі немесе айқас 
то заңданатын қос үйлі өсімдіктерге жатады. Олардың бəрі гүл шоқ-
тарының ұрықтануы арқылы көбейеді.
Өсімдіктің гүлі жыныс мүшелері арқылы тозаңданып көбеюге арналған 
жас бүршік (қысқа бұтақшалар) гүл тозаңданған соң тұқымға айналады. 
Гүл шоғыры гүлдерден тұрады. Дəнді дақылдардың гүлі ішкі жəне сыртқы 
екі қабыршақпен қапталған. Осы екеуінің арасында аталық жəне аналық 
жыныс мүшелері болады. Екі қабыршақтың төменгі аумағында екі ладику-
ле пленкалары орналасқан. Олар гүлденген кезде ісініп, гүлдің аузын аша-
ды да, аталық ұрықтың енуіне мүмкіндік жасайды.
Өсімдіктің аналық ұрығы. Өсімдіктің аналық клеткасының төменгі 
шетінде ұрықтық түйін орналасқан. Одан жоғары қарай діңгекше кетеді. 
Оның басында аналық аузы бар. Түйіннің ішінде ұрық бұтақшасы 
орналасқан. Олар ұрықтанғаннан кейін дəн пайда болады. Аналықтың 
ішінде аналық ұрық ядросы бар. Ядрода аналық ұрық қабы, оның 


26
ішінде орталық клетка, ал оның ішінде екінші ядро, ал жоғары шетіне 
жақын аналық ұрық ядросы орналасқан. Ол тозаңдану түтікшесімен 
жалғасады.
Өсімдіктің аталық ұрығы аталық жіпшігі мен тозаңдықтан тұрады. 
Тозаңдықта аталық тозаң пайда болады. Тозаң екі қабыршақпен 
қоршалған, ішінде үлкен вегетативтік жəне кіші генеративтік клеткалар 
орналасқан. Тозаңдықтар пісіп жетілген соң, ол жарылып, тозаң төгіліп
желмен немесе шыбын-шіркейдің көмегімен тарап кетеді де, аналық 
ұрыққа қонады. Аналық ұрық аузында олар өніп, түтікшелер арқылы 
ұрық бұтақшасына жетеді де, соның ішіндегі ядромен қосылады. 
Аталық үлкен ядро аналық үлкен ядромен қосылып келешекте эндо-
спермге айналады. Ұрықтанған бұл ядролар кейін дəн болып жетіледі.
Өсімдіктің гүлдері 
қос жынысты немесе бір жынысты болады. 
Бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары жəне күріш екі жынысты, яғни 
аталық жəне аналық клеткалары бірге орналасқан, ал жүгері бір жы-
нысты, яғни аналық жəне аталық ұрықтары бөлек орналаскан. Аталық 
ұрықтары сабақтың басында шашақ түрінде, ал атaлық ұрықтары 
жапырақ қойнында собық түрінде орналаскан.
Өсімдіктер бір үйлі немесе екі үйлі болуы да мүмкін. Екі үйлілерге 
сора жатады, ал басқа ауылшаруашылық өсімдіктердің бəрі бір үйлі, 
яғни аналық жəне аталық клеткалары бір өсімдікте болады, ал сорада 
екеуі (матерка жəне посконь) екі бөлек өсімдікте болады. Тұкымды тек 
аналық өсімдік қана береді, ал посконь аналық өсімдіктер тозаңданып 
болғаннан кейін өзінің өмір циклін аяқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет