Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дəнді дақылдардың өркендеу фазалары



Pdf көрінісі
бет15/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
2.8. Дəнді дақылдардың өркендеу фазалары
Өсімдіктің өркендеу фазалары немесе өсімдіктің өсіп жетілу 
кезеңінде өтетін сыртқы пішінінің өзгеру фазаларына тұқымның, өнуі, 
өсімдіктің бұтақтануы, масақтың түтікке шығуы, масақтың шығуы, 
гүлдеуі жəне дəннің пісу кезеңдері жатады.
Тұқымның өніп жер бетіне шығуы. 
Жердің жоғарғы қабатына 
орналасқан тұқым жердің ылғалдығы жəне топырақ жылуы жеткілікті 
болған жағдайда суды бойына сіңіріп, бөртіп өсе бастайды. Бұл жағдайда 
ұрықтың ішіндегі бұтақша мен тамырша өсіп, бірі төмен, бірі жоғары 
қозғала бастайды. Бұтақшаның ұшы мөлдір түсті қабы (чехлик) немесе 


29
колеоптилмен жабылған. Олар жас нəзік бұтақша ұшын жарақаттанудан 
қорғайды. Олар жер бетіне шыққан соң жарылып, сыртқа бірінші жа-
сыл жапырақты шығарады. Міне, осы кезеңді тұқымның өніп шығуы 
деп атаймыз.
Өсімдіктің бұтақтануы. 
Өсімдік жер бетіне өніп шыққаннан кейін 
жапырақтары тез көбейе бастайды да, оның 3-5 жапырағы шығып 
болған соң, олардың өсуі тоқталып бұтақтану кезеңі басталады, жер 
қыртысындағы тораптан бұтақшалар шыға бастайды. Күздік дақылдар 
қысқа 5-6 бұтақпен кетеді, ал бұтақтану жаздық дакылдарда 1,5-2 
жапырақ шығарған фазасында басталады. Сол бұтақтар шыққан жер 
бұтақтану түйіні 
деп аталады.
Масақтың сабаққа шығуы өсімдік бұтақтанғаннан кейін басталады. 
Бұл фазада өне бастаған масақ сабақтың ішіне қарай жылжиды. Бұл 
кезде сабанның, буынаралықтары ұзарады да, өсе бастаған масақ 5-6 
буыннан соң өсімдіктің басына шығады.
Масақтану, сіңсібастану. 
Масақ (сіңсібас) өсімдіктің басы-
на шығуын масақтану (сіңсібастану) дейді. Осы уақыттан бастап 
жапырақтар, сабақтар тез өсуіне жəне масақта дəн байлануына байла-
нысты өсімдік су мен қоректік заттарды көп пайдаланады. Сондықтан 
астық өнімі осы кездегі қоректік заттар жəне сумен қамтамасыз етілуіне 
байланысты болады.
Масақтың гүлдеуі, ұрықтануы. 
Масақ (сіңсібас) жоғарғы 
жапырақтың қойнауынан шыққан соң, гүлдің кабықшалары ашыла-
ды да, аналық ұрықтың жоғарғы аузымен тозаңдық сыртқа шығады. 
Аталық тозаң шашылып, аналықтың аузына түседі де өне бастайды. Со-
нымен түтікше арқылы аналық ұрыққа жетіп, онымен қосылады, яғни 
ұрықтандырады. Бұдан ары қарай жүретін үдерістерді 
2.7-
тақырыбынан 
оқыңыздар.
Дəннің қалыптасуы, пісуі. 
Гүл тозаңданып болған соң, аналық 
ұрық тез өсіп, дəннің қалыптасуы басталады. Ол аналық клетканың 
ұрықтануынан кейін басталып, тез өсе бастайды. Өсімдік бойындағы 
барлық қоректік заттар дəнге қарай бағытталады. Эндосперм, ұрық 
жəне дəн қабыршақтары жеке өсе бастайды. Бұл кезде қоректік 
заттардың дəнге ертінділер ретінде келіп құйылуына байланысты, 
оның көлемі үлкейіп, ылғалдылығы өте жоғары болады,70-75 пайызға 
жетеді. Бірақ дəннің ұзындығы осы кезде қалыптасады. Осыдан кейін 
бірте-бірте суы азайып, дəннің толуы басталады. Дəннің ылғалдығы 
38-40 пайызға дейін төмендейді. Дəннің толуы 20-25 күн жүреді. Ол 
төрт сатыға бөлінеді: 1. С
улы саты 
– дəннің құрғақ заттары 2-3 пайыз-


30
дан аспайды. Бұл саты 6 күнге созылады (дəнді дакылдар үшін); 2. 
Сүт 
тəріздес сатының алдыңғы кезеңі 
– дəннің ішіндегі ертінділер ағара 
бастайды, ал қоректік заттардың көлемі (құрғақ заттарға есептегенде) 
10 пайызға дейін өседі. Бұл саты 7 күнге созылады. 3. 
Сүт тəріздес 
қоспа сатысында 
– дəннің құрғақ заттарының көлемі 50 пайызға дейін 
өседі, ол 7-15 күнге дейін созылады; 4. Қ
амыр тəріздес nicy сатысы 
– 
эндосперм қамырға ұқсайды. Құрғақ қоректік заттардың көлемі 85-90 
пайызға жетеді. Бұл саты 4-5 күнде аяқталады.
Осы 4-ші сатыдан кейін дəнге қоректік заттардың құйылуы тоқталып, 
онын пісу кезеңі басталады. Дəннің ылғалдығы 12-18 пайызға дейін 
азаяды, бірақ дəн өзінің толық жетілу сатысын аяқтап бола алмайды, 
технологиялық қасиеттері əлі нашар болады.
Ауыл шаруашылығында жоғарғы көрсетілген сатыларды астық 
пісуінің сүт тəрізді, қамыр тəрізді кезеңдері деп атап кеткен. Осыдан 
кейін дəннің нағыз пісуі басталады. Ол екі кезеңнен тұрады: 1. 
Бала-
уыз nicy кезеңі. 
Бұл кезеңде дəннің ылғалдығы 30 пайыз шамасында 
болып, қабыршақтары сарғыш келеді. Бұл кезең 3-6 күнге созылады; 
2. 
Дəннің толық nicy кезеңі. 
Эндосперм қатайып, оның іш құрылысы 
ұнтақ немесе шынылық дəрежеге жетеді. Қабыршақтары қатайып, 
дəннің өзіне тəн түсі тұрақталады. Ылғалдығы 8-22 пайыз шама-
сында болады. Бұл кезең 3-6 күнге созылады. Бұл кезеңде де дəн 
пісті деп есептегенмен, оның ішінде жүріп тұратын биохимиялық 
өзгерістер одан əрі қарай жалғаса береді. Бұл кезең астықты жинап 
алғаннан кейінгі пісіп жетілуі деп аталып кеткен. Бұл кезең астықты 
орып, жинап алғаннан кейін оңтүстік аймақтарда бірнеше күннен 
солтүстік аймақтарда бірнеше айға дейін созылады. Міне, осыдан 
кейін барып астық дəні тұкым ретінде себілуге жəне ұн тарту жəне 
басқа да тағамдар алу кабілетіне толық ие бола алады.
Астықтың пісуіне оның сабаны да қатысады. Бұл кезде сабандағы 
қоректік заттар масаққа, дəнге қарай бағытталып, оның ылғалдығы 
төмендейді, бойы аласарады, сарғаяды, кебеді. Бұл кезде дəнге 
көптеген, құрамында азоты бар заттар келіп қосыла береді. Осы кезде 
дəнге жиналатын қоректік заттардың 1/4 бөлігі келіп қосылады. Осы 
қоректік заттар келіп қосылып болған соң, дəннің эндосперм масындағы 
клеткалардың ядросы бөлшектеніп, крахмал ұсақ түйіршіктерге ай-
налады да, көлемі кішірейеді. Сондықтан эндосперм солып, оның 
тығыздығы азайып, протоплазма түгелдей крахмал түйіршіктеріне ай-
налады. Крахмал түйіршіктері домалақтау немесе көп бұрышты болып 
орналаса бастайды.


31
Астық пісу кезеңдерінде сағыздың да көлемі көбейеді, ал кейін келіп 
жеткен құрамында азотты басқа қоспалардың саны азаяды, ал фермент-
тер болса, өзінің белсенділігін төмендетіп, «ұйқыға» көшеді. Минерал-
ды заттардың да саны азаяды. Бұл өзгерістерді мына кестеден көруге 
болады.
2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет