Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет16/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
Дəннің химиялық құрамы 
(Проскуряковтың мəліметтері бойынша)
Пісу кезеңдері
Ылғалдылығы
(пайыз)
1000 
дəннің 
массасы, г.
Крахмал 
(пайыз)
Белоктық 
заттар
(пайыз)
Сүт тəрізді пісу 
Балауыз тəрізді 
пісу 
Толық пісу
65,0 
54,0 
15,0
10,3 
24,2
35,5
31,7
49,8 
53,0
1,98
1,97
2,35
Астықтың толық пісу кезеңінде сағыздық заттардың бұзылуын 
тездететін протеаза ферменттерінің белсенділігі төмендейді, ал 
сағыздың, өзінің оған қарсы тұру кабілеті өседі. Астық піскен кезде 
барлық жағынан өмір сүру кезіндегі белсенділік қызметтері төмендеп
жоққа тəн болады.
Астық сапасының өзгеруі. 
Технологияда астық сапасының маңызы 
өте зор. Астықтың сапасы онын өзінің генетикалық шыққан түбімен 
жəне оның физикалық, биохимиялық қасиеттерімен тығыз байланысты. 
Ол ауа райының кұбылыстарына, жер қыртысының құнарлылығына 
байланысты өзгеріп тұрады. Астықтың сапасы бір масақтың өзінде де 
əртүрлі. Масақтың төменгі жағындағы дəндер ірі, ал бас жағындағы 
дəндер ұсақ болып, олардың шынылық қабілеті, сағыздық заттардың 
көлемі де əртүрлі болады. Осы жағдайларды ескере отырып ғалым 
Строна астық дəнінің сапасының əртүрлі болуын: 1. Генетикалық 
шыққан түбіне байланысты болатын өзгерістер; 2. Матрикалдық (ана-
лык) жəне 3. Экологиялық өзгерістер деп үш түрге бөледі.
Астық сапасының генетикалық шыққан түбіне байланысты əртүрлі 
болуы – өсімдік гүлдеген кездегі ұрықтануына қатысқан аталық жəне 
аналық өсімдіктердің сапалық қасиеттеріне байланысты болатын 
өзгерістер. Осы көрсетілген өзгерістер жаңа сорттарды шығаруда 


32
еске алынады. Көпшілік өсімдіктер тозаңдау кезінде өзінің керекті 
тозаңдандыратын өсімдіктерінің тозаңын таңдап ала біледі. Бұл таңдау 
бір масақтың ішінде де жүре алады. Сондықтан бір масақтың ішіндегі 
дəннің өзі əртүрлі болуы да ықтимал.
Астықтың аналық (матрикалдық) əртүрлілігі дəннің масақтың қай 
жеріне орналасуына байланысты. Бір масақтың көлемінде дəннің 
əртүрлі болуы оның қоректік заттармен əртүрлі қамтамасыз етілуіне 
байланысты болады.
Астықтың экологиялық жағдайларға байланысты əртүрлі сапада 
болуы ауа райының жəне басқа да табиғи өзгерістермен түсіндіріледі. 
Қолайсыз жағдайлар дəннің сыртқы, ішкі құрылыстарының, химиялық 
кұрамының өзгеруіне əкеліп соғады. Осы себептер ауыл шаруашылығы 
қызметкерлерінің əрекеттеріне де байланысты болады. Өсімдіктің 
күтімі жақсарса, оның сапасы да кенет өзгереді.
Өсімдіктің өсіп-өнуі жəне даму кезеңдері. 
Əр өсімдік түрінің өсіп-
өнуі жəне даму кезеңі əртүрлі болады. Ол тұкымның өніп, жер бетіне 
шығуынан бастап, жаңа дəн беруіне дейін созылады. Іс жүзінде ол астық 
оруға дейін созылады. Өсімдіктің өсіп-өнуі жəне даму кезеңі Қазақстан 
территориясында: күздік бидай – 275–350, жаздық бидай – 85-тен 120, 
күздік қара бидай – 270-370, жаздық қара бидай – 100-140, жүгері – 
85–140, сұлы – 93–103, арпа – 80-100, тары – 90-120, күріш – 90-130, 
бұршақ – 85-120, күнбағыс – 75-160 күнге жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет