Оқулық Алматы, 2014 Əож 631. 67 (075. 8) Кбж 40. 6 я73



бет42/45
Дата30.03.2020
өлшемі20,16 Mb.
#61059
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
mustafaev auylsharuashylyk (1)
meliorat. mroz-18-1 zem.na kaz

Мелиоративтік жүйе

6.2. 1 Мелиоративтік жүйе – табиғи біртұтас су шаруашылығының бөлігі

Қазіргі уақытта қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастық дамуы əлеуметтік, құқықтық жəне тəрбиелік секілді мақсаттарды мінездеуді талап етеді.

Ғылым жəне техниканың дамуы қоғамның өндіріс күшінің өсуіне алып келіп, қоғамның табиғатқа тигізген əсерінің қарқыны жəне аумағы, табиғи кездейсоқ апаттың кезеңдерімен салыстырма- лы болып отыр. Осының салдарынан жер бетіндегі ауа райының мінезінің, химиялық заттардың қорлануының, өсімдік жəне топы- рақ жамылғыларының, гидрогеологиялық жəне гидрологиялық жағ- дайының өзгеруіне алып келді. Қорыта айтқанда, адамзат қазіргі заманда ландшафттардың эволюциялық өзгеруіне əсерін тигізетін негізгі күш болып табылады.

Табиғатты өзгерту, оның қорларын өндіріске пайдалануға бай- ланысты қажет жағдай. Оның негізгі мақсаты табиғат жəне адамзат арасындағы қарым-қатынасты екі жаққа да бірдей тиімді жүргізіп, экологиялық жағдайдың тепе-теңдігін сақтау арқылы оның байлы- ғына жəне өнімділігіне нұқсан келтірмеу. Сонымен, табиғатты түр- лендірудің негізгі мақсаты қоғам жəне табиғат арасында бір-біріне сай зат алмасуды қалыптастыру.

Табиғатқа өзгеріс енгізу жəне əсер ету, тек қана қоғамдық сұра- нысты қамтамасыз етумен шектелмеу керек, ол оның заңдылық- тарын түсіну көзі болу тиісті. Адамзат табиғатты өзгерте отырып, өзі де өзгеріске түседі жəне оны басқарушы болып қалыптасады.

Қоғамның дамуы барысында қоршаған ортаның түрленуінің қарқыны өседі жəне оның табиғаттың жаратылысындағы қалыптас- қан жағдайына тигізер əсері білініп отырады, осының əсерінен ауа райы, топырақ жəне табиғи жағдайы өзгереді, жаңа ландшафттар

пайда болады, ал оның бөлшектері болып жаңа пайда болған мəдени өсімдіктер, арналары жəне тоғандар, батпақтар жəне шөлейттер са- налады. Сондықтан адамзаттың табиғатқа енгізер əсерін зерттеу, қазіргі кездегі жаратылыстану ілімнің негізгі бірден-бір мақсаты бо- лып отыр.

Табиғатты өзгертудің бірден-бір мақсаты адамзаттың қызметінің нəтижесінде болатын біздің тікелей табиғи жағдайларды өзгертуге араласуымыздың салдары, сондықтан олардың ғасырлар бойы қа- лыптасқан жағдайын ескере отырып, үлкен сенімділікпен жүргізі- луге тиісті жəне ыңғайсыз қауіпті жағдайды болдырмау керек. Мұның бəрі табиғатта болып тұратын құбылыстарға терең, жан-жақты жəне түбегейлі талдауды қажет етеді, өйткені кез келген оған енгізілетін өзгеріс, кең аумақтың табиғи дəлелдемелерінің аралығында қарым- қатынасты қамти отырып, əлемдік дəрежеде биосфераға əсер етуі мүмкін.

Биосфера ілімінің жаратылыстану ғылымындағы қалыптасуына Жан Батист Пьер Антуан де Моне Ламарк (Jean-Baptiste Pierre Antoine de Monet Lamarck) жəне Жорж-Луи Лекле́рк Бюффон ( Georges-Louis Leclerc Buffon) Франциядан, Александар Гумбольт ( Alexander Humboldt) Германиядан, Эдуард Зюсс (Eduard Suess) Ав- стриядан ат салысса, Ресейден В.В. Докучаевтың, А.И. Воиковтың, К.А. Тимирязевтың, В.Р. Вильямстың, Н.И. Вавиловтың, В.Н. Сукачевтың, А.И. Оспариннің, А.П. Виноградовтың атына байланысты оның ішінде ұлы жаратылыстану жəне сынау ілімінің академигі В.И. Вернадскийдің атын ерекше атауға болады.

В.И. Вернадскийдің негізгі орталық жаратылыстану ілімі, ол

«жердегі заттың жоғарғы даму түрін тіршілік анықтайды, ал əлемдегі болатын барлық құбылысты өзіне бағындырады».

Себебі, тіршілік химиялық заттардың таралуына, көшуіне жəне ыдырауына тікелей əсер етеді. Ол күкірттегі, оттегі, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, азот жəне өте майда – кішкентай химиялық заттардың тағдырын анықтап жəне биосфераның ішкі əлеміндегі ай- налыс құбылыстарының қарапайым кезеңдерін көрсетеді.

Биосферада, нақты табиғи-техникалық жүйеде, оның құрамына кіретін арнайы бөлінген табиғи ортада жəне оның техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік құрамында, қуаттың біркелкі бол- май, үлкен дəрежеде ретсіз пайда болуын атай отырып, олардың мақсаттық түрлендіруді қажет ететін ескерту керек секілді. Оларға тəн бағытталған түрлендірудің əртүрлі төтенше қиындықтарға кез болатынын ескере отырып, оны өмірге енгізу жəне жобалауды өте сақтықпен жүргізу қажет.

Бірақ тарихта көптеген мысалдар кездеседі, кейде табиғи орта- ны жаңарту арқылы адамзат одан жоғары өнім алуға қолын жеткізіп жатса, кейде ортаны жаңғыртам деп бүлдіріп немесе оның əсерінен күтпеген жағдайға тап болғанын білмей қалады. Сондықтан таби- ғатты түрлендіру негізсіз жəне қолайсыз жағдайға тап болмас үшін табиғи техникалық жүйеге алдын ала терең құрамдық талдау жасау қажет.

Сондықтан талдауға қажетті табиғи құрылым ретінде белгілі үлкен өзен алқаптармен шектелген аймақтар алынып, оның су қорының, оның ішінде судың тепе-теңдігінің жəне сапасының өзгеру дəрежесін анықтау арқылы оны жан-жақты пайдаланудың мүмкіншілігін қарастыру керек.

Аймақтың су қорлары табиғи жəне техникалық қызметтің əсері- нен пайда болады. Жауын-шашынның жыл бойы өзгеруі, жердің бедері, топырақтың түрі, алқаптың ауданы жəне географиялық ор- наласу жағдайы, аймақтың су қорын мінездей алады жəне олар бір- бірімен байланысты. Бірақ шаруашылықтық қызметтің əсерінен жауын-шашынның жəне ауа жылуының өзгеруінің дəрежесі өте аз. Өте күрделі мəселе табиғи-техникалық қызметтердің арасын- да пайда болады. Себебі табиғи-техникалық жүйенің құрамына кіретін ауыл шаруашылығы өндіріс, гидро-энергетика жəне ба- лық шаруашылығы су қорына үлкен əсерін тигізеді. Сондықтан табиғат дəлелдемелерінің арасындағы кері байланыс күрделі бо- лып келеді жəне біркелкі мінезделмейді. Ал су қорының ауыл шаруашылығында, өндірістік өнімді өндіру қамтамасыз етудегі тиімділігін немесе судың жетіспеуінен болатын шығынды анық- тау өте күрделі. Оның ішінде, ерекше қиындық, егер суару жүйе- сінде су қорының жетіспеуінен болатын шығын болса немесе өндірістен жəне тұтынысқа пайдаланылған сулардан қайтатын тұрған суларды өзенге тастау арқылы оның суының сапасының төмен болуының салдарынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі, əсіресе өзеннің төменгі саласында төмен болуы мүмкін, ал су қорын шектеудің нəтижесінде табиғи-техникалық жүйенің шаруашылығының дамуының жағдайы да төмен болады. Осы- мен бірге, тағы бір түсініксіз жай, су жүйесінің бұзылуынан неме- се нашарлауынан болатын шығынды табу өте қиын, өйткені оның

«бағасы жоқ» немесе «бағасы болмайды». Осыған байланысты қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін бұзбай, табиғи су арналарының мəдениетті түрде салынған, топырақтың су тəртібін жəне сыртқы ортаның дəлелдемелерін реттеуді қамтамасыз ететін

бөлшектерден тұрғызу өте күрделі мақсат болып отыр. Егер осын- дай көз қараспен қарайтын болсақ, онда қолдан тұрғызылған табиғи- техникалық жүйе, біріншіден ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өнуі кезеңіндегі топырақ қабатындағы ылғалдық жетіспеуінен жер бетінің екі метрлік қабатындағы судың қосалқы шамасын, мүмкіндігінше басқаруға арналған. Осының салдарынан жер асты суының ағынының өсуінен өсімдік қажеттілігіне сай пайдалануының арқасында екінші тиімділік пайда болады.

Сонымен адамзат басқаларға қарағанда табиғатты басқару билігін қолына алады, себебі: адам биологиялық заттардың бір түрі секілді, табиғи қоршаған ортамен тепе-теңдікте болмайды, соның салдарынан қазіргі кездегі «адамзат жəне табиғат» жүйесіндегі қарым-қатынас үш бірдей мақсатты тудырады: жердегі табиғи қордың таусылуы- на немесе сарылуына байланысты техникалық-экономикалық;

«адам жəне тірі табиғат» арасындағы биологиялық тепе-теңдік- тің бұзылуы жəне қоршаған ортаның ластануына байланысты, экологиялық; қазіргі кезде көптеген мəселелерді шешу үшін адамзаттың күшінің қажет екеніне байланысты, əлемдік-саясат- тану.


Егер табиғатты пайдалануды жүйелі түрде қарастырсақ, оның ішінде суды пайдалану мəселесі өте күрделі жəне əр жақты бола- тынын атап айту керек. Соның ішінде, су қорын қорғау мақсатының негізгі мəселесі болып, оның ластануының жəне сапасының нашар- лануын болдырмау, тұщы сулардың əртүрлі жағдайдағы көлемінің пайдалы қатынастың өзгеруінің қамтамасыз ету, өнім өндіруге қажетті судың меншікті шамасын азайтудың жолын қарастыру.

Тарихтағы табиғат қорын пайдалану тəжірибесі көрсеткендей, қоғамның əлеуметтік жəне экономикалық дамуының арқасында, өндірістің, тұтыныстың, ауыл шаруашылығының жəне шаруашы- лықтың басқа да бағыттарының дамуына байланысты суды қажет етуі жəне пайдалану дəрежесі үздіксіз өседі. Оның ішінде суды пай- далану дəрежесі химиялық өндірістің дамуына байланысты өсіп отыр, себебі бір тонна өнім шығару үшін 3000-6000 текше метр суды шығын етеді. Сондықтан, əсіресе су қоры тапшы құрғақшылық аудандарда жəне аймақтарда, тапшы таза суды пайдаланудың көп салалық тиімді жолын қарастырудың негізгі жолы болып, оған пайдаланған су қорын көп рет қайта пайдаланудың негізін қарастыру болып табылады.

Сонымен, аймақтық табиғи жəне шаруашылық жағдайларға бай- ланысты су қорын пайдаланудың ерекше мінездемесі, құрғақшылық аймақтарға арналған су-шаруашылық жүйелерді айрықша жəне

ерекше мінездеуді қажет етеді. Оның ішінде, ерекше атап өтетіндей жағдай, ол суды пайдалану арқылы пайда болатын, өзінің сапасы жəне көлемі, гидрологиялық тəртібі жөнінен табиғи суларға қарағанда бөлектенетін қайтарма сулардың пайда болу жағдайы. Екінші жағы- нан, құрғақшылық аймақтардағы өзен арналарының тауаралық жа- зыққа жəне сайларға орналасуына байланысты, өзен арнасындағы су қорының шамасын, қайтарма суларды пайдалану дəрежесіне бай- ланысты, жалпы суды пайдалану дəрежесі көп асып кетіп жатады. Сондықтан өзеннен алынған таза суды екінші қайта көп рет пай- далану, бүгінгі күннің өзекті мəселесі, себебі жерді мелиорациялау кезінде кəріздік сулардың пайда болуының арқасында, су қорын жан- жақты қорғау бағытының дамуының бас шарасы болып, өндірістік, тұтыныстық жəне ауылшаруашылық өндіріске пайдаланған судың, қайтарма бөлігімен өзенге түсетін лас заттарды толығымен тоқтату. Осыған байланысты қоршаған ортадағы өндірістік ортадағы ла- стануды болдырмас үшін болашақта қалдықсыз жəне экологиялық қауіпсіз өндірістерді құру негізгі мақсат болып отыр.

Жалпы, экологиялық қауіпсіз жəне қалдықсыз аймақтық өнді- ріс саласы жəне табиғи құрылымның технологиясы дегенде, халық шаруашылығына табиғаттың барлық бөлшектерін тиімді пайдалану- дың негізгі қағидасынан туындайтын жəне құрылған техникалық жəне технологиялық өндіріс жүйелерін, ондағы өңдеуге алынатын табиғи шикізаттарды келелі пайдаланудың арқасында қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін бұзбайтын жағдайды айтады.

Ауылшаруашылық мелиорациясында қалдықсыз пайдалану көр- сеткіші ретінде, қайта пайдаланылатын су қорының (ΔWc), жалпы өндірістен шығатын қайтарма су қорына (Wc) қатынасын көрсететін, қайтарма суды пайдалану дəрежесін айтуға болады:



KcWc/Wc.

Су қорын пайдаланатын барлық өндірістерде, оның салаларының барлығын, қалдықсыз суды пайдалану технологиясына көшіру үшін күрделі қиын техникалық, экономикалық жəне ұйымдастыру жұмыстарынан өту керек, ал ол ауылшаруашылық өндірісінде жəне өндірістерде, күрделі қайта құру жаңа талаппен жұмыс істейтін технологиялық желілерді енгізуді талап етеді. Ол үшін қазіргі кез- дегі жұмыс атқарып тұрған технологиялық желілерді кезекпен экологиялық қауіпсіз жəне қалдықсыз, құрсауланған су айналымын- да жұмыс істейтін желіге көшірген жөн. Мұндай желілер өзен арнала- рындағы судың сапасын жақсартуға жəне экологиялық жүйелердің ластанбауына қажет. Мұның қиындығы өмір талабына сай су, жер

жəне басқа да табиғи қорларды пайдаланудың жаңа жолдарын іздеу жəне ол шаруашылықтарға пайдаланылатын сулардың қоршаған ортаға ыңғайсыз əсерін жоққа шығаруы тиіс.



Су қорын болашақта жан-жақты қарастырылған жүйенің негізін- де пайдаланатын болсақ, онда өндіріс жəне тұтыну шаруашылық- тарынан пайда болатын қайтарма суларды, егістік суаруға пайдала- нуға болады. Бұл жағдайда су қорын жан-жақты пайдалану барысындағы мелиорацияның негізгі міндеті «топырақ-өсімдік-жер бетіндегі ауа қабаты» жүйесіндегі, өсімдіктерден қажетті өнімді алу үшін оның өсіп-өнуіне əсерін тигізетін себепші шарттарды реттеу жəне басқару. Мұндай жағдай өндірісте, тек қана су қорын жан- жақты пайдалану мəселесін, топырақтың жоғарғы қабатындағы өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті су жəне қоректік заттар тəртібін қа- лыптастыра отырып, оның құнарлығының барлық уақытта өсіп оты- руына жағдай тудырған кезде ғана жүзеге асырылады. Сондықтан өндірістен шығатын қайтарма суды ауылшаруашылық дақылдарды суғару үшін өзен суымен бірге араластырып пайдалану мəселесі топырақтың оңтайлы мелиоративтік жағдайын жəне қоршаған орта- ның экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз ететіндей болу керек.

Өндіріс тəжірибесі жəне ғылыми ізденістер, мелиорацияның нəтижесінде, суғармалы жерлерде ыңғайсыз жағдайларды болдырмау үшін кəріз жəне жоғарғы агротехниканы пайдалану арқылы жетуге болатынын көрсетіп жүр. Осыған қарамастан, су мелиорациясының нəтижесінде, топырақ қабатынан сүзілетін судың тыңайтқыштармен ластануына байланысты олардың жер асты суларының тұздануына жəне ыңғайсыз өзгеріске түсуіне алып келетінін көруге болады. Су жүйесіне, мұндай лас қайтарма сулар түскен жағдайда, қоршаған ортаға үлкен шығын келтіріп жəне адамзаттың денсаулығына əсерін тигізеді, елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету дəрежесі нашар- лайды. Қазіргі кезде əлемде суғармалы егістік жүйесінің шексіз дамуының салдарынан көптеген елді мекендер қиын жағдайда қалып отыр. Осы жағдайларды болдырмас үшін егістік жерден шығатын қайтарма жəне кəріз суларын, су жүйесіне тастамаудың шаралары қарастырылуға тиісті.

Сондықтан ауылшаруашылық өндірісіндегі қайтарма суларды бағалау жəне олардың өзен арналарына қайта түсу жағдайын рет- теу мəселелері, мүмкін болған жағдайда көп рет қайта пайдала- ну мəселесі бүгінгі күнде қоршаған ортаны қорғау көзқарасы тұрғысынан өте үлкен мақсат.

Ағын жəне жер асты суларын, қайтарма сулардың нəтижесінде

ластануынан қорғау күрделі ғылымдық жəне өндірістік ізденістерді жүргізуді талап етеді, оның кейбір бөліктері қазіргі кезде мелиора- ция жəне су қорын қорғау мəселелеріне пайдаланылып жүр. Бірақ бұл саладағы көптеген мəселелер, оның ішінде ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге пайдаланылатын химиялық заттардың топы- рақта жəне суда таралуы, қайтарма сулардың құрамындағы лас заттардың ыдырауы жəне суармалы егістіктің ауданының күннен күнге өсуіне байланысты қайтарма суларды толық тазалау əлі де шешілген жоқ.

Суғармалы егістік жердің топырағының құнарлығын арттыру, ауылшаруашылығында су қорын тиімді жəне үнемдеп пайдалану, ауылшаруашылық өндрісінің қайтарма сулары арқылы су көзде- рінің ластану мəселелері, бүгінгі күнде суғару жүйелерін жобалау, құрылысын жүргізу жəне пайдалану саласында судың сапасын бас- қаруды қамтамасыз ететін, қалдықсыз жүйені өндіріске енгізе оты- рып, жаңаша ізденістерді жүргізуді талап етеді.

Бүгінгі күнде мұндай мақсатқа жетудің бірден-бір жолы бо- лып суғару жүйесіне құрсауланған суды пайдалану желісін енгізу табылады. Тек қана алдын ала қайтарма суды дайындау арқылы құрсауланған суды тарату жүйесіне көшкен кезде ғана кəріз жəне қайтарма сулардың сапалық құрамын, су көздерінің талап-тілегіне сай қамтамасыз ету мəселесін шешуге болады.

Жалпы, су қорын тиімді пайдалану жəне басқару қағидасын тек қана жүйелік талдау арқылы шешуге болады жəне ондағы басқаруды талап ететін табиғи құрылымдар бірнеше шағын желілерден тұра- ды деп қарастыру қажет. Қазіргі кезегі өндірісте пайдаланып жүрген су шаруашылық жүйесі өзінің ұйымдастыру деңгейі бо- йынша, əртүрлі қызметтерді атқарады. Олардың өзінің жұмыс ат- қару деңгейі бойынша мынадай топқа бөледі, мелиоративтік жүйе (МЖ), сушаруашылық қондырғысы (СШҚ), өндірістік сушаруа- шылық жүйесі (ӨСШЖ), алқаптың су шаруашылық жүйесі, (АСШЖ), аймақтық су шаруашылық жүйесі (ААШЖ), бірлескен су шаруашылық жүйесі (БСШЖ).

Бірлескен су шаруашылық жүйесі дегеніміз, ол су қорын жəне географиялық ортаның бөлшектерінің қызмет етуін басқаратын тех- никалық қондырғы, яғни табиғи бірлестік.

Табиғат жəне қоғам арасындағы қарым-қатынастың бір-біріне тигізетін көп салалы жəне күрделі əсерін анықтау, жүйелі талдау- ды пайдаланудың қажеттілігін анықтайды жəне оларды жеке топқа бөліп қарастырып, атқаратын қызметін өрнектей немесе бейнелей

білу керек. Бұл жағдайда қолдан жасалған техникалық жүйелер аймақтық ерекшеліктеріне байланысты, табиғи жағдайға өзгеріс енгізу арқылы жүзеге асырылады. Табиғи-техникалық жүйенің не- месе табиғи-аймақтық бірлестіктің мұндай ерекшеліктері оның құрамына əсерін тигізеді, ал олардың əлеуметтік-экономикалық құ- былысқа, өндіріс саласында табиғи қорды пайдалану мінездемесі шаруашылық саласының жəне табиғаттың ішкі жəне сыртқы бай- ланысын түзейді. Осының салдарынан, құрғақшылық аймақта, ауыл шаруашылығының табиғи ортамен бірлесуінің арқасында ішкі ортаның себепкер шарттарының қасиеті түпкілікті өзгеріп, биологиялық салмақтардың пайда болуына əсерін тигізеді де, био- сферада болатын ықтималды даму жағдайына жақындай отырып, адамзаттың табиғи құбылыстарды өзгертудегі атқаратын қызметін көрсетеді, қоғам жəне қоршаған орта аралығында үздіксіз қарым- қатынасты сипаттайды.

Осыған байланысты, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп- өнуіне қажетті сұранысын қамтамасыз ету жəне басқару мəселесі, белгілі бір қоғамдық қызметті атқару үшін қауіпсіз жəне қалдықсыз техникалық жүйелерді құруды талап етеді. Сонымен, қазіргі кездегі қоғамның заттық өндірістік қызметінің ауқымы, қоршаған ортаға үлкен өзгерістер енгізуіне байланысты жəне оның ішінде бұл қыз- меттің жеке жəне біртұтас экологиялық зардабын есепке ала оты- рып, аймақтардың экологиялық жағдайына баға беру арқылы адам жəне қоршаған орта аралығындағы күрделі қарым-қатынасты бас- қаруды талап етеді. Ауылшаруашылық қызметтердің оңтайлы бас- қару жүйесін орнықтандыру үшін қоғамның экологиялық даму жағдайын анықтау керек. Себебі, қазіргі кезде биосфераның да- муы қоғамның дамуы секілді, өндірісте бұл мəселені тиімді шешу үшін математиканың əдістемелерін пайдалана отырып, адамзаттың шексіз табиғатқа əсеріне жүйелік талдауды қажет етеді. Жүйелік талдаудың жəне математиканың əдістемелерін біріктіре отырып, талдау жүйесінің бейнесінің интегралдық əдістемесіне көшу арқылы экологиялық бейнелеудің шыңына жетуге болады.

Қоғам жəне табиғи ортаның қарым-қатынасын жүйелік талдау жəне жүйесін бейнелеу, іргелі ғылымдық бағыттың дамуын еске ала отырып, əлемді тану заңының ішіндегі – жылу динамикасының заңының көмегімен іске асырады.


      1. Мелиоративтік жүйе – табиғи-аймақтық бірлестіктің бөлшегі

Барлық ашық жүйеге тəн табиғи бірлестіктердің пайда болуы тек қана қоршаған ортадағы тұрақты зат жəне қуат алмасуы жүріп тұратын, ол əртүрлі жағдайда пайда болатын зат жəне қуат бағытын жəне қарқынның дамуын көрсете отырып, олардың арасындағы қарым-қатынасты мінездеу арқылы мелиорацияның мақсатын жəне табиғи құрылымын анықтайды.

Жүйе ол бір-біріне байланысты табиғи бөлшектердің уақыт ара- лығындағы, олардың арасындағы байланыстық қатынастың жиынтығы болып табылады. Сондықтан жүйенің бейнесі белгілі бір əлеуметтік жағдайдың орнын көрсете отырып, оның атқаратын қызметін мінез- дейді. Ал, басқа жағынан қарағанда, ол белгілі бір қызметті атқара оты- рып, белгілі бір жұмысты орындайтын жəне өнім шығаратын, өндірістік қызметті жүзеге асырады. Оның ішіндегі өңдеу жүйесін өнім шығару желісі деп атайды. Сондықтан өнімнің шығуын қамтамасыз ететін барлық өндірістік күштің жиынтығын жүйе деп атайды. Жүйе, ол – белгілі бір мінездемесі бар қондырғы, құбылыс немесе желі. Жүйенің атқаратын қызметі, белгілі бір уақыт ішіндегі мəліметтерді немесе қуатты өңдеу арқылы зат немесе мəліметтерді беру.

Мелиорацияның ғылымдық негізін қалаушы А.Н. Костяковтың

«Ауылшаруашылық гидротехникасы, арнайы жоғары оқу орнының ғылым пəні жəне оны оқыту» еңбегінде «Барлық гидротехникалық құрылыстарды жəне суғару əдісін, əртүрлі құрғату жəне суғару жүйелерін, суғару кезінде белгілі бір су көзінен егістік танапқа су жеткізетін, оны біркелкі таратудың нəтижесінде, топырақ қабатында өсімдікке қажетті сумен белгілі бір уақытта жəне белгілі бір шама- да қамтамасыз ететін, гидротехникалық тарату механизмі ретінде қарастыруға болады. Ал, құрғату жағдайында, егістік танаптық топырағындағы артық су қорын жинақтайтын жəне оны арықтардағы ағатын су ағынына айналдырып, су қабылдайтын жерге жеткізе отырып, құрғатылған жерге ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге жағдай тудыруы қажет» – деп жазған.

Сонымен, А.Н. Костяков жалпы қазіргі кездегі көзқарастағы жан-жақты қарастырылған суғару жүйесінің бейнесін толық ойлап қамтыған. Бірақ бұл жағдай немесе қағида тəжірибе жүзіндегі деңгей- де мелиорация пəнін тануы арқылы жүргізілсе, теориялық тұрғыда тəжірибелік мəліметтерге жүйелік талдау жасаудың негізінде пəнді ол арқылы тану мақсатында жүргізіледі.



23–1125

353

Осы жүйелік талдау арқылы, зерттеуге тиісті құбылыстың мақ- сатын аша отырып, оның даму заңдылығын, байланысын жəне қасиетін анықтайды.

Жүйе, жалпы заттың техникалық құралдан басқа, белгілі бір мəліметтік қорларды жинақтайды. Жүйенің даму деңгейіне байланысты мəліметтің меншікті шамасы барлық уақытта өсіп отырады. Топырақтың ылғалдану тəртібін реттеуге арналған жобалаудың негізгі, бұдан 4000 жылдар бұрын суғару жүйесін құру арқылы жүзеге асырылған. Тигр жəне Евфрат өзендерінің аралығында Вавилон тұрғындары топырақ үйіндісінен тұрғызылған арықтардың көмегімен ауылшаруашылық дақылдарын суғарудың нəтижесінде, жоғары өнім алуға қолдары жетіп, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ете білді. Қазіргі кезде, белгілі бір табиғи жəне топырақ жағдайында, ауылшаруашылық дақылдарынан күн сəулесінің қуатын пайдалану дəрежесіне сай, жоғары өнім алу үшін өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті себепші шарттарды біртұтас реттеп отыруға қажетті автоматтандырылған суғару жүйесін құру қажет. Сондықтан суғару жүйесін, ғылым жəне техникалық тұрғыдан жетілдірудің жəне адамзаттың ойлау қабілетінің өсуінің арқасында құрастырылған тіршілік дүниесі ретінде қарау қажет.

Себебі, ол бірнеше бөлшектерден құралған жəне нақты мəлімет- терге сай белгілі бір қызметті атқаруға жұмылдырылған нақты жүйе туралы айтып отыр.

Сонымен, техникалық жүйе тұрғыдағы көзқараста қарастырсақ, онда инженер-жобалаушының ойлау жəне бейнелеу мүмкіншілігі жобалануға тиісті құрылыстың жұмыс істеу қабілетінің пайдалы əсер коэффицентін жəне оның тиімділігін арттыруға бағытталған болғандықтан, суғару жүйелерінде «үлкен жүйеге» жатады (Р. Мас- кол, 1970).



Роберт Москолдың (1970) көзқарасы бойынша «үлкен жүйені», өте жоғары дəрежеде ұйымдастыра алатын жəне оны мінездейтін жеті нəрсені ескеру қажет. Оның мəні мынада:

  1. Жүйе, негізінен адамның қолымен құрастырылған, əртүрлі шикізаттан жəне құралдардан тұрады.

  2. Жүйе біртұтас болады, яғни оның əрбір бөлшегі белгілі бір мақсатты орындауға арналған; кірістің дəлелдемелерін ықшамдау арқылы шығыстың ықтималдық жағдайын тудыра отырып, белгілі бір өнімді өндіруге арналған, ал оның себебі – мақсаттың мəніне қарамастан, жүйенің ықтималдық көрсеткішін жəне оның кірісінің табиғатқа əсерін жобалаудың бастапқы кезеңінде көп нəрсенің белгі- сіз болып отыруы.

  3. Жүйе, əртүрлі бөлшектерден тұратын жəне құрылатын болған- дықтан, үлкен жүйеге жатады.

  4. Жүйе күрделі құрылыс, себебі оның бір көрсеткішіне өзгеріс енгізген жағдайда, ол басқа көрсеткіштерде өзгеріс енгізеді жəне ол бір-біріне тікелей байланысты емес, сондықтан оның математикалық бейнесі өте күрделі болу керек.

  5. Жүйе барлық уақытта жартылай автоматтандырылған, сондық- тан оның атқаратын қызметін автоматтандырылған есептеу машина- лары орындайтын болса, ал басқа бөлігі адамның қызметі арқылы жүзеге асырылады.

  6. Жүйенің шығысының əсері жаратылысынан немесе табиғаты- нан шашырап жатады, яғни осыған қарап жүйенің тəртібін кез кел- ген уақытта айтып беру мүмкін емес, ал ол жеке жағдайда кіріс əсерінің жылдамдығын көрсетеді, бірақ бұл жағдайда жобалау жəне құрастыру туралы жеке қиындықтар пайда болады.

  7. Көптеген жүйелер, оның ішінде күрделі жүйелер, белгілі бір жағдайға құрылымдық байланыста құрылады.

Жалпы А.В. Шилейконың (1970) ойы бойынша, қазіргі инженер- лер, мынадай қасиеті бар табиғи құрылымдармен кездесіп жүр:

    • iшкі ортадағы аз ғана өзгерістердің өзі зерзаттардың тіршілігіне байланысты, өзін өзгертуге тигізген əсерден де жоғары əсер етуі мүмкін;

    • табиғи құрылымдарды тұрғызу, құрастыру жəне жобалау əртүрлі саланың мамандарын қамти отырып, көп уақытты талап етеді жəне ол бірнеше жылдарға созылуы мүмкін;

    • табиғи құрылымдардың көбісінде ыңғайлану жəне өзін-өзі басқару қасиеті бар, яғни олардың құрамы барлық уақытта өзгеріп отырады жəне ол өзгерісті барлық уақытта қадағалап отыру мүмкін емес;

    • табиғи құрылымдардың атқаратын қызметі белгілі бір мақсатқа арналған болмаса да, оның мақсаты ішкі ортадағы эволюциялық құбылыстарға байланысты өзгеруі мүмкін.

Үлкен жүйенің жəне жүйелік талдаудың қағидасына сүйене оты- рып, суғару жүйесін, оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға бола- ды жəне оған суғармалы егістік жердің тұздануынан жəне батпақ- тануынан қорғайтын жүйелер де кіреді. Өндірісте мұндай шағын табиғи-техникалық жүйелерді- гидромелиоративтік жүйе деп атайды (140-сурет). Оларды агроэкожүйенің бір бөлшегі ретінде қарастыруға болады. Сондықтан суғару жүйесінің нақты анықтамасын бере оты- рып, оның егіншілік жүйесіндегі орнын тұжырымдаудың, оның басқа

табиғи жүйелермен араласу шекарасын жəне атқаратын қызметінің орнын анықтаудың маңызы зор.






140-сурет. Гидромелиоративтік жүйенің сұлбасы

1 – су қоймасы; 2 – бас суалғыш құрылым; 3 – екінші деңгейдегі арықтардың басындағы құрылым; 4 – екінші деңгейдегі арық; 5 – үшінші деңгейдегі арық;

6 – төртінші деңгейдегі арық; 7 – егістік танап; 8 – суғару жүйектері; 9 – бас арық; 10 – қашыртқы; 11 – бас арықтың соңындағы қашыртқы; 12 – су өтімін өлшейтін бекет; 13 – коллектор; 14 – суды ауылшаруашылық тұтынушылар бірлестігі (СПКВ); 15 – кəріз; 16 – су түсет тармақ

Соңғы кезде суғару жүйесіне берілген көптеген анықтамаларға талдау жасай отырып Е.А. Нестеров (1982), олардың əрқайсысының тұжырымдамасында «жүйе көптеген бір-біріне байланысты жəне бірге қызмет ететін бөлшектерден тұрады» деген қорытынды сөздің бар екенін атап айтты. Осындай талдаудың негізінде суғару жүйесін

«суармалы егістік жердегі гидротехникалық құрылыстар жүйесінен тұратын, суғару жəне құрғату шараларының бір-біріне байланысты технологиялық желісі» – деп анықтама берді.

Жалпы, суғару жəне құрғатудың технологиялық жүйесін, біртұ- тас жəне үздіксіз деп құрастырып, оларды əртүрлі қызмет атқара- тынын айтуға болады: су көзінен суғаруға қажетті суды алу; тұтынушылар арасына суды тарату; белгілі уақытта жəне белгілі мөлшерде суармалы егістікке жеткізіп беру; танапты суғару; артық суды құрғатылатын жерден алып кету.



Гидромилиоративтік жүйелердің қызмет атқару жұмысының негізгі мақсаты, негізінен біртұтас гидротехникалық құрылыстардың көмегі арқылы жүзеге асырылады: су алатын, суды тарататын, суды реттеп бөлетін жəне басқалар. Ал ол физикалық жəне географиялық

көзқараста, күн сəулесінің жəне ылғалдың қорын мінездей оты- рып, мелиорацияның негізгі қызмет атқаратын табиғи құрылымды бейнелейтін, бір-бірімен байланысқан табиғаттың бөлшектерінен құралған, табиғи-аймақтық құрылым. Оны қайта құрудың мақсаты олардың атқаратын қызметін өте ыңғайлы немесе оңтайлы жағдайға келтіріп, оның ішінде су айналымын реттеуге мүмкіншілік беретін инженерлік жүйеге келтіру.



Аймақтық-өндірістік құрылымы, яғни суды ауылшаруашылық тұтынушылар бірлестігі (СПКВ), экономикалық ауданның шаруа- шылық бөлігі бола отырып, өндірістік жəне ауылшаруашылық мекемелерінің бір-біріне байланысын біртұтас қамтиды жəне олар белгілі бір аймақта, аймақтың жүйелік деңгейін бөлуге қатысады (141-сурет).



141-сурет. Табиғи-өндірістің кешеннің құрылымдық жүйесінің сұлбасы

Нақты аймақтық-өндірістік құрылымдар, көбінесе жергілікті жердің табиғи жəне еңбек қорының ішкі көзінің дамуы болып табы- латын өндірістің, ауыл шаруашылығының жəне көлік қорының бір- біріне күрделі байланысының арқасында пайда болатын, өндірістің арасындағы бірлескен қатынасты көрсетеді.

Табиғи-өндірістік кешен жəне оның құрамындағы суғару жүйесі, өндірістік ұжымдармен бірлесе отырып, суғармалы егістік жерлерден өнім өндіретін өндірістік нысан бола отырып, ол табиғи жағдаймен байланыстыру арқылы аймақтың экономикасын қалыптастырушы болып табылады.

Табиғи-өндірістік кешеннің құрылымы (141-сурет) табиғи қор- лардан (су, жер, климаттық жағдайы), техникалық-қаржы, басқару жəне еңбек қорынан қалыптасады. Табиғи қорлар, табиғи-өндірістік кешеннің құрылымында жаңадан құрылған гидротехникалық құры- лымдардың əсерінен өзгеріске түседі, ал бұның өзі əкімшілік басқару жүйесінің қызметінің көрінісі. Кешеннің құрамында, оның қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі бір өндірістік құрылымдар пайда бо- лады жəне олардың арасында экономикалық байланыс туындайды.

Сонымен, суармалы егістік жерлерді игеру жəне құрғақшылық аймақтарда күрделі суғару жүйелерін құру арқылы егістік танапты суландырудың нəтижесінде топырақтың ылғалдану жəне тұздану тəртібін реттеу арқылы игеру алқабының табиғатын түпкілікті түр- лендіреді. Осының барлығы, яғни табиғи қорды оңтайлы құрамда реттеудің мөлшері жəне əдісі, мелиоративтік-егіншілік-өндірістік күші арқылы іске асырылады. Оның негізі құралы – суғару жүйесі болып табылады.

Өндірістік күш деп еңбек дəлелдемелерінің əртүрлі жүйесін құрай отырып, қоғамның қажеттілігін қамтамасыз ететін, қоршаған ортаның қуатын жəне заттарын түрлендіруге арналған белгілі бір технологиялық өндірістік əдісті айтады. Олардың ауылшаруашылығындағы заттық бөлшегі топырақ, ауылшаруашылық дақылдары, егіншілік техника- сы, тыңайтқыштар жəне басқа да қосалқы еңбек күштері.

Сонымен, мелиоративтік-егіншілік өндірістік күш, ол өте күрделі табиғи, техникалық жəне егіншілік табиғи құрылымдардан тұратын белгілі бір қызмет атқару жүктелген, яғни егіншілік алқаптарда өнім өндіруге арналған қызметті атқаратын құрылым.

Біртұтас мелиоративтік технологиялық қызметті құру, негізінен жаңа машиналарды жəне еңбек қорын енгізуді талап ете отырып, ол өндірістік ғимараттарды жəне тұрғын үйлерді, жолдарды, əртүрлі тұтыну жүйелерді қоса тұрғызуды талап етеді. Сонымен, бұлардың барлығы бақылау қорының оңтайлы құрамын құрайтын жəне

суғармалы егіншілікпен, біртұтас табиғи-өндірістік ирригациялық құрылымды (ТОИҚ) құрайды. Оның ішінде аймақтық-өндірістік құрылым (АӨҚ) өзінше жеке жəне арнайы ұйымдастырылған өнді- рістік күш ретінде, тек қана оның заттық-техникалық негізін құру үшін ғана қызмет етіп қоймай, көптеген мақсаттық жобаларды жəне мəселелерді шешуге тиісті.

Сондықтан аймақтық-өндірістік құрылымның құрамы судың табиғи қорына, суғармалы жəне құрғатылатын жерлердің ауданына, ауа райының жағдайына, мемлекеттің қаражаттандыру жəне еңбек қорының мүмкіншілігіне, тыңайтқыш қорына байланысты анық- талады.

Табиғи қор аймақтық бірлестіктің құрамында, инженерлік қондырғылардың арқасында өзгеріске түсіп жəне түрленеді. Бұндай құбылыстардың іс жүзінде тұрғызылуының өзі адамзаттың басқару қызметін көрсетеді, суғармалы жерлер пайда болады, ауа райы жəне гидрогеологиялық жағдайы белгілі бір дəрежеде өзгереді де, сарқынды-төкпе сулар пайда болып, өзен суларының шамасы жəне сапасы өзгеріске түседі.

Бірлестіктің немесе құрылымның құрамында өндірістік қызмет жүзеге асырылады жəне өндірістік бөлімдер құрылып, олардың ара- сында экономикалық байланыс пайда болады.

Мысалы, құрғақшылық аймақта суғару шаруашылық жүйелерінің пайда болуы, жер жəне су қорын тиімді пайдалана отырып, өсімдік жəне мал шаруашылығынан жоғары өнімді алуды қамтамасыз ете- тін, осы жерлерде үлкен дамыған су шаруашылығын, бұлардың нақты дамуы үшін қосымша жөндеу, пайдалану, қызмет ету өндіріс мекемелерін құру қажет. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығының өнімдерін өңдейтін өндірістермен қатар, табиғи қорды біртұтас пайдалануды қамтамасыз ететін, өндірістік мекемелерде пайда бо- лады. Осы өндіріс орындарының жөнді жұмыс істеуі үшін мəдени орындар жəне əлеуметтік-тұтынушылық қызметтер, бақылау орын- дары қажет. Сонымен қатар, сушаруашылық жүйесінің құрамына суғармалы егістік жерден басқа балық жəне əлеуметтік тұтыну- шылық шаруашылығы да кіреді.

Су қорын осындай жүйеде пайдаланған кезде, суғармалы егіс- тік жерлер сапалы өзгеріске түсіп, бір жағынан жаңа табиғи-эконо- микалық бөлімдер, суғармалы жерлер пайда болса, екіншіден, суғару кезеңінің əр жағдайындағы пайдаланған мелиоративтік, аг- ротехникалық жəне басқа да шаралардың арқасында, су қорын көптеген мекемелердің немесе өндірістік саласының бірлесіп пай-

далануының нəтижесінде, су жəне жер қорын қажетті дəрежеде қорғауға мүмкіншілік береді.

Жалпы, су шаруашылығы өндіріс жəне ауылшаруашылық бір- лестігінің құрамдық бөлігі. Ауыл шаруашылығы жəне өндіріс сала- сы, халықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін барлық уақытта да- мып отырады. Жаңадан елді мекендер, қалалар, өндіріс орындары пайда болды. Ал су қорын алсақ, құрғақшылық аймақтарда олардың қоры шектелген. Оның үстіне шаруашылық жəне əлеуметтік-тұты- ныс үшін судың сапасы жоғары болу керек. Сондықтан су қорын тиімді жəне бірлесіп пайдаланудың техникалық жəне əлеуметтік



-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, құрғақшылық аймақ- та өндіріс күшінің дамуы үшін қажетті мақсат. Оның үстіне ауыл- шаруашылық дақылдарынан жоғары өнімді алуға қажетті судың бірлік шамасына сай өндіруді, тұрғындардың қал-жағдайын жəне экономикасын көтерумен байланыстырып қарастыруды талап етеді. Осыған байланысты, аймақтық өндіріс бірлестігінің құра- мында, суғару жүйесі, табиғи қорды мақсатты басқару арқылы ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнімді алуды қамтамасыз етеді. Сонымен, аймақтық-өндірістік бірлестігіндегі, мелиоративтік жүйені, географиялық уақыт-кеңістік көлеміндегі табиғи жағдайды белгілі мақсатпен қайта құруға арналған бір-біріне байланысты мақсат деп қарастыру қажет (34-кесте).

34-кесте

Мелиоративтік жүйелердегі мелиорацияның мəні жəне мақсаты


Мақсаты

Ыңғайсыз жағдайды түпкілікті жақсарту

Тапсырма

Экологиялық

Экономикалық

Əлеуметтік

Аймақты суландыру

Жердің өнімділігін жоғарылату

Халықты азықпен қамтамасыз етуді жақсарту

Аймақты құрғату

Еңбек өнімділігін жо- ғарылату

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету

Топырақ- гидрологиялық жағдайын реттеу

Өнімнің меншікті құ- нын төмендету

Еңбек жағдайын жəне еңбек қорының тепе-теңдігін сақтау

Су көздерін ластанудан жəне тартылуынан қорғау

Мəдени тұтынушылық жағдайын жақсарту

Еңбекшілердің мамандығын жетілдіру

Мəні

Су жəне жер қорын тиімді пайдалану

Құралы

Техникалық

Ұйымдастыру

Агрохимиялық

Кəріз-коллектор желісін жетілдіру

Күрделі шаю

Ғылымдық жүйеге негізделген ауыспалы егістікті өндіру

Суғару техникасын жетілдіру

Кəріз-суын қайта пай- далану

Ғылымдық жүйеге негізделген тыңайтқышты енгізу

Автоматтандырылған мелиоративтік жүйені құру

Құрғату желісін құру

Химиялық мелиорация

АЖЖС жəне АБЖ құру

Құрғату-ылғалдандыру жүйесінің құрылысы

Алдыңғы қатарлы ауыл- шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясын енгізу

Суды бөлуді автомат- тандыру жəне меха- никаландыру

Гидромелиоративтік жүйенің құрылысы

Суғару тəртібін ықшамдау

Топырақтың мелиора- тивтік тəртібін ықшамдау

Сарқынды суды пайдаланатын суару жүйесін құру





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет