Бұл саңырауқұлақтардың вегетативті денесі жақсы дамыған бір клеткалы жіпшумақ. Жынысты спорасы – ооспора, ал жыныссызы
екі талшықты зооспора жəне конидия (14-сурет). Класс бес қа- тардан тұрады. Ал фитопатогенді саңырауқұлақтар екі қатарға топтасқан (3-кесте) – сапролегний (Saprolegniales), пероноспора (Peronоsporales).
Бұл қатардың сапролегний тұқымдасына көбінесе сапротроф- тар жəне өсімдік пен жануарлардың ауруын қоздыратын аздаған саңырауқұлақ түрлері жатады. Олардың жіпшумағы өте нəзік, жіңіш- ке сəл бұтақталған, түсі ақ жіпшелерден тұрады. Субстратқа қысқа ризоидтар арқылы орнығады да жіпшумақ үстінде зооспорангий құрады. Жынысты үдерісі – оогамия. Оның нəтижесінде жынысты қалың қабықты ооспоралар түзіледі. Ооспоралар тыныштық кезе- ңінен кейін зооспорангийге өніп, зооспоралар пайда болады (15-су- рет).
Ауыл шаруашылығында зиянды түрі Aphanomyces cochlioides
– факультативті паразит, ол топырақта өмір сүріп, қызылшаның тамыр жегі ауруы қоздырғышының бірі болып, кейбір жағдайдан əлсіреген өскіндерді залалдайды. Залалданған ұлпа түсі сұрғылт- жасыл болып, жіңішкеріп қараяды. Өсімдік тургоры төмендеп, со- лып, қурайды. Суық ауа райы, ылғалы мол ауыр топырақ жəне т.б. өскіннің өсіп-өркендеуіне қолайсыз жағдайлар, аурудың дамуына ықпал жасайды.