Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет145/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
ө л і і і
 
қалады. Жітіден 
төмен жэне созымалы өткенде баяу фибринді пневмонияның белгілері, кера- 
тит, ринит, артрит байқалады, мал тез арықтайды. 
P. haemolytica
қоздыратын 
пастереллез кезінде пневмония жиі байқалады да, мастит сирек кездеседі.
Шоищада псістереллез
аса жіті және жіті өткенде дененің ыстығы 41°С- 
қа дейін жэне одан да жоғары көтеріліп, тынысы тарылып, фарингит, жүрек 
қызметінің кемістігі байқалады, кейде иек асты мен мойыныың тері асты шелі 
домбығады. Жануар тыныс ала алмай 1-2 тэулік ішінде өледі. Үзағырақ ет- 
кенде фибринді пневмония болып, ентігіп, жөтеледі, ринит байқалады. Ауру
5-8 күнге созылып, өліммен тынады. Пастереллез созылмалы өткенде пнев- 
монияның белгілері байқалып, жануар әлсіреп, күрт арықтайды, кейде буын- 
дары шорланып, терісінде қабыршықтанған экзема болады.
Қүста
пастереллездің аса жіті өтуі індеттің бастапқы шағында кездеседі. 
Қүс кенеттен жалп етіп қүлап, қанатын бірнеше рет қағады да, аурудың ешбір 
симптомынсыз өліп кетеді. Ауру көп жағдайда жіті өтеді де, қүс селқостанып 
қанатын салбыратып отырады. Қауырсындары үрпиіп, басын қанатының 
астына тыға береді немесе арқасында қарай кегжитеді. Денесінің ыстығы 
44°С немесе одан да жоғары болады, қозғалысы шектеліп, шөлдей береді. 
Түмсығынан көпіршіген сілекей ағады. Соңын ала қатты, кейде қан аралас іші 
өтеді. Айдары мен сырғасы көкшіл тартады. Тынысы тарылып, демі сырыл 
аралас шығады. Қүс құрыстанған немесе дел-сал күйінде өледі. Жітіден төмен 
жэне созылмалы өткенде қүстың біртіндеп қаны азайып, арықтайды, буын- 
дары шорланып, бара-бара іріңдейді. Сырғасы зақымданған кұстың күйі өз- 
гермейді де, бүндай жағдай сырға ауруы деп аталады. Созылмалы пастереллез 
кейде тек қана ринит, синусит ретінде, көзі мен тұмсығына қоймалжың экс- 
судат жиналуы арқылы байқалады.
'2 0 9


18-сурет. Пасткреллезбен ауырган тиуықтың сыргальиіыгының ^абыһуьі.
Үй қоянында
пастереллездің жіті түрі ыстығы көтеріліп, күйзеліп, қоз- 
ғалуы шектеліп, жоғары тыныс жолдарының зақымдану белгілері (тұмау- 
ратып, түшкіруі) арқылы білінеді. Кейде іші отеді. Жануар элсіреп, 1-2 күн 
ішінде өледі. ¥ за қ уақыт ауру жайлаган шарушылықта созылмалы түрде 
ринит, конъюнктивит ретінде байқалып, кейде іші өтеді, фибринді-іріңді 
пневмония, тері асты шелінің абсцессасы байқалады.
Терісі багалы аңдар
(бүлғын, түлкі, күзең, құндыз) ауру жіті өткенде 
қатты қүйзеліп, қозғалуы шектеліп, тэлтіректеп зорға жүреді. Ыстығы 42°С 
жэне одан жоғары көтеріледі. Негізінен, эсіресе, қара түлкіде геморрагиялық 
гастроэнтериттің белгілері байқалады. Күзеннің бас жағының тері асты шелі 
домбығып, артқы аяғы салданады. Ауру 12 сағаттан 2-3 тэулікке дейін созы- 
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет