Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет142/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
P.haemolytica
 
сиырда, эсіресе, қойда пастереллезге ұқсас ауру 
қоздырады.
Пастереллалардың төзімділігі жоғары емес, сырткы ортада тез өледі. 
Көнде, қанда, суда тіршілігін 2-3 апта сақтайды, ал өлекседе 4 айға дейін, 
мұздатылған құс етінде жыл бойы сақталады. Тура түскен күн сэулесінен бүл 
микроб бірнеше минут ішінде, ал 70-90°С температурада 5-10 минутта өледі. 
Барлық үйреншікті дезифектанттар қолданылып жүрген концентрациясында 
бірнеше минутта өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. 
Пастереллезге үй жэне жабайы сүт қоректілер 
мен қүстардың барлық түрлері бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй 
қоянында ауру індет ретінде байқалады. Басқа жануарларда індет ретінде 
таралғаныман де, мүндай жаппай ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі 
жануарлар біршама төзімді келеді.
Пастереллездің өлітиген түрінде жіті өтіп індет ретінде қаулауын ірі қара 
мен жабайы күйіс қайыратын жануарларда біздің өлкемізде 
P.multocida
 
В- 
типі, ал Африкада -
P.multocida
 
Е-типі қоздырса, қүста -
P.multocida 
А-типі
қоздырады. Пастереллездің оқтын-оқтын энзоотиялық пневмония ретінде 
жітілеу жэне созылмалы өтетін түрін бұзауда 
P.multocida 
А-типі жэне 
P.haemolytica, 
ал шошқада 
P.multocida
 
А жэне Д-типтері мен 
P.haemolytica
қоздырады.
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан 
жазылған жануарлар. Алып жүру мерзімі жылдан астам болуы мүмкін. 
Пастереллезге тән қасиет - сау жануарлардың арасында да қоздырушыны 
алып жүрудің көп кездесуі. Сау шаруашылықтарда ауырмаған малдың пасте- 
реллаларды алып жүруі сырт жерден ауруды әкелмей-ақ пастереллездің өзі- 
нен-өзі қаулауына себеп болады. Әдетте мүндай жағдай жануарларға эртүрлі 
қолайсыз факторлардың әсер етуінен кейін байқалады.
Пастереллездің індеттік ерекшелігі оның бір жерге орын теуіп, энзотия 
ретінде байқалып, тұрақты індет ошағының қалыптасуы.
Сиыр мен қой пастереллезбен кез келген жаста ауырады, эйткенмен де 
жас төлдің бейімділігі жоғары болып келеді. Ең жиі ауыратын жануарлар -
бұйвол, олардың сиырмен салыстырғанда өлім көрсеткіші 2 есе жоғары. Тро- 
пикалық елдерде пастереллез ірі қарада әдетте індет түрінде жауынды мау- 
сымда жаппай ауруға шалдығу жэне өлімге ұшырау (70-100) арқылы байқа- 
лады. Қоңыржай климатты аймақта пастереллез негізінен күз бен көктемде 
(ауруға шалдығу көрсеткіші 5-50 %) кездеседі.
Ауырған мал қоздырушы микробты мүрыннан аққан сора, дем алған- 
дағы ауа, сілекей, нэжіс арқылы бөліп шығарады. Қоздырушының берілу 
факторлары мен таралу жолдары алуан түрлі. Берілу факторларының ішіндегі 
ең елеулілері: микробпен ластанған қора-жай, ауа, жемшөп жэне қүрал-сай- 
мандар. Құстардың арасында пастереллездің таралуына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет