Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет171/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитет 
жеткілікті зерттелмеген. Ауырып жазылған жылқының екі 
жылдан астам уақыт ішінде қайтадан жүқтыруға төзімді болатындығы туралы 
деректер бар.
Дауалау және күресу шаралары. 
Арнайы телімді дауалық дәрмек жоқ. 
Жалпы дауалық шарадар трихофитиямен тақілеттес. Микроспорияны уақыты- 
лы анықтаи, тиісті шара қолдану үшін терісі бағалы аң фермалары мен жылқы 
зауыттарында жануарларды жылжымалы люминисценттік шамдар арқылы 
тексереді. Ауру жануарлар бола қалған жағдайда трихофития кезіндегідей 
жалпы шаралар жүргізіледі. Ит пен мысықты, егер олар аса құнды болмаған 
жағдайда, жояды. Иесіз, бұралқы ит пен мысықты аулап, ұстайды.
Аурудың адамға жүғатынын ескеріп, жануарлармен емдік-дауалық 
шаралар жүргізген кезде аса сақ болып, жеке бастың гигиеналық талаптарын 
мүқият орындау керек.
Атаулар мен ұғымдар
Микроспория, Microsporosis, Microsporum equinum, Microsporum 
canis, Microsporum lanosum, Microsporum nanum, Microsporum gypseum.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, іңдеттік срскшс- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Микроспория мен трихофитияның арасындағы ұқсастық пен айырма- 
шылықтар қандай?
Тапсырма
Микроскопияны балау үшін люминесценттік тексерудің қалай жүргізіле- 
тінін, патматериал қалай алынып, тексерілетінін, жануарларды тікелей қалай 
тексеретінін, қолданылатын эдістер мен аспаптарды, зерттеудің нэтижесін 
бағалауды арнайы нүсқаулардың негізінде сипаттаңыз.
9.16. Туляремия
Туляремия (
Tularaemia
) - талмауратып, қанталап, ыстығы көтеріліп, іші 
өтіп, арықтап, сөл түйіндері жаппай қабынып, 'жүйке жүйесі зақымдануы 
арқылы ерекшеленетін табиғи ошақты жүқпалы ауру.
244




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет