Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет172/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Тарихи деректер. 
1912 ж. Коле жэне Хапин бұл аурудың қоздырушыиын 
АҚШ-тың Калифорния штатының Туляре округінде саршұнақ тыщқаңның 
кенесінен тауып 
B.tularense
деп атады. Ауру солтүстік жарты шарында Аме 
рика, Европа жэне Азияда тараған. Ірі өзендердің алқабында су тышқандары, 
ал далалы аймақтарда кемірушілердің қауырт көбейген жылдары байқалады.
Қоздырушысы 
-
Francisella tularensis
үш түр тармағынан тұрады: 
америкалық, евразиялық және орта азиялық. Аса полиморфты, ұсақ коктар 
тэріздес, нэзіқ қауашақпен қоршалған бактсриялар. Қозғалмайды, спора түз- 
бейді, анилин бояуларымен жақсы боялады. Ауасыбағалы, арнаулы қоректік 
орталарда ғана, цистин мен қан қосылған ет-пептон агарында, ұйытылған 
жұмыртқа сарыуызы бар ортада 2-7 тэулік өткенде үлбіреген аса нэзік өсін 
береді.
Төзімділігі.
Туляремияның қоздырушысы жоғарғы температураға төзім- 
сіз. 60°С-та 5-10 мин өледі. Керісінше, төменгі температура мен ылғалды 
ортаға төзімді. Суда 13-15°С-та 3 ай, мұздатылған етте 1,5 ай, кемірушілердің 
өлексесінде 4 айға дейін, дэнде 133 күн сақталады. Тура түскең күн сэулесі 30 
мин өлтіреді. Кэдімгі дезинфектанттар әдеттегі концентрациясында бүл 
микробтан толық зарарсыздандырады.
Індеттік ерекшеліктері. 
Туляремия табиғи жағдайда омыртқалылардың 
125 түріне (сүтқоректілер, қүстар, балықтар), омыртқасыздардың 101 түріне 
(жэндіктер, кенелер) жүғады. Әдетте, негізінен, кемірушілер: қоян, тышқан, 
су егеуқұйрығы, ондатра, қүндыз, атжалман ауырады. Табиғи жолмен кейбір 
жыртқыш аңдарға, жабайы құстарға, қос мекенділер мен балықтарға жүғатын- 
дығы анықталды. Ит пен мысықтың туляремияға бейімділігі төмен. Адам бүл 
ауруға өте сезімтал.
Ауыл шаруашылық малдарының туляремияға сезімталдығы төмен. Олар- 
ға ауру табиғи ошағындағы кемірушілерден жүғады. Аурудың жұғуына қан 
соратын буынаяқтылар (кене, бүрге, маса, сона, т.б.) негізгі себепкер болады. 
Малда ауру білінбей жасырын өтеді. Қоздырушы микроб жануардың үлпала- 
рында оншалықты өсіп өнбейді, қан мен бөлінділерде әдетте болмайды. Сон- 
дықтан бүл жануарлар микробтың ауру ошағындағы айналымына қатыспай- 
ды. Үй жануарларынан қойдың, сиырдың, жылқының, шошқаның, солтүстік 
бүғысының, түйенің, мысықтың, үй қояны мен 
құстарды ң 
бірен-саран ауыр- 
ғаны, кей жағдайда кішігірім қаулауы белгілі болған. Жас төлдің бейімділігі 
жоғары.
Ауру қоздырушысымен ластанған жем мен судан, ауадан, қансорғыш 
буын-аяқтылар шаққанда жұғады. Табынның ішінде әдетте, ауырған малдан 
сау малға туляремия берілмейді. Ауру көбінесе қан сорғыш жэндіктер, кемі- 
рушілер жаппай көшетін көктем-жаз мезгілінде байқалады.
Туляремияның табиғи ошағы үзақ уақыт (50 жылдан артық) сақталады.
Дерттенуі 
жеткілікті зерттелмеген. Денеге енген туляремия микробы сөл 
жүйесінде өсіп-өніп, тарайды. Оның нәтижесінде денеде орны шектелген 
жэне жалпы реакциялар байқалады. Бүдан соң бактериемия өрбіп, қан тамы- 
ры мен сөл жүйелері зақымданып, ішкі ағзаларда миллиарлық өліеттену 
байқалады.
2 4 5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет