Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет191/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Сиырдың обасымен сиырдан басқа енеке жэне 
буйвол ауырады. Сирек жағдайда қой, ешкі, түйе жэне жабайы күйістілерде 
де байқалады. Бүл ауру шошқаның ксйбір тұқымдарына да жүғуы мүмкін. 
Бұзау ересек сиырға қарағанда обаға өте бейім. Кейбір сиыр тұқымдары, 
мысалы, жапонның қара сиыры, кореяның сары сиыры, Үндістанның таулы 
аймақтарындағы сиырлар обаға сезімтал қеледі. Ауру тұрақты жайлаған өл- 
келерде жергілікті мал біршама төзімді. Обаны жасанды жолмен сиырдан 
басқа қодасқа, енекеге, бүғыға, түйеге, қой мен ешкіге, елікке, антилоптарға 
жүқтыруға болады. Зертхаңалық жануарлардан үй қояны мен ит бейім келеді.
Оба қоздырушысының бастауы рөлін денесінен вирусты нэжіс, несеп, 
сүт, сілекей, танау мен көзден аққан сорамен бөліп шығаратын ауырған жэне 
ауырып жазылған малдар атқарадьі. Обадан өлген малдың өлексесі, ауырып 
пышаққа ілінген малдың еті, терісі, ішек-қарыны арқылы да ауру жұғады. Оба 
жүққанда тез жазылып қететің қой, ещқі, аңтиолоп, шощқа т.б. жаңуарлар 
қоздырушының таралуының қауіпті себепкері болады. Иттер, жыртқыш аң- 
дар, құстар өлексемен қоректенгенде оба вирусын механикалық жолмен 
тасымалдаушы ролін атқарады. Қоздырушының малды күтетін адамдар, 
көлік, жем-шөп, су, төсеніш арқылы да таралуы мүмкін.
Ауырып жазылған мал 3 аптадан, кей жағдайда 12 аптаға дейін, сыртқы 
ортаға вирус бөліп шығарады. Аурудың жасырын кезеңінде де вирус бөлінеді.
Табиғи жағдайда обаның қоздырушысы денеге ас қорыту жолдары, танау 
қуысының кілегейлі қабығы, көз конъюнктивасы арқылы енеді. Вирус сау 
малға ауру малдан жайылымда бірге жайылып жүрі^енде жұғады. Егер олар 
қорада тұрып, арасында қабырға ые ор болса, тіпті бір-бірінен 6 м. алшақ тұр- 
са, онда ауру жұқпайды.
Сиырдың обасы індет түрінде өтеді де, оньщ жаңадан шыққан ошағында 
мал түгел дерлік қырылып қалады (өлім көрсеткіші - 90-100%), ал тұрақ- 
танған ескі ошақтарында өлім көрсеткіші 5-20% шамасында. Ауру жылдың 
кез келген маусымында байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет