Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет349/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Өтуі және белгілері. 
Қүс табиғи жолмен қағынғанда вирустың енген 
жолына, оның уыттылығына, құстың жасы мен күтіміне байланысты аурудың
434


жасырын кезеңінің ұзақтығы 2-15 күн. Ауру өте жіті, жіті және созылмалы 
түрде өтеді.
Құстың күтімі нашар, ауру жиі шығып тұратын шаруашылықтарда дене- 
сіне вирус түскен әлсіз балапандар мен ауруға қарсы егілген сақа құстарда 
ауру белгілері бірден анық байқалмайды.
Балапандар вакцина егілгеннен кейінгі иммунитет толық қалыптаса 
қоймаған алғашқы 24-38 күндік кезінде жиі ауырады. Ауырған балапан селқос 
тартып, тынысы тарылып, тұмсығын ашып, мойынын созып, элсіз шиқылдап, 
қүсқа жат үн шығарады. Алғашқы 4-5 күн ішінде өлім-жітім көп болады, ал 8- 
10 күнге аяқ басқанда ауру тоқталады немесе барынша саябырлайды. Нью- 
касл ауруы өзге вирустардың қабаттасуы салдарынан асқынып кетсе, балапан- 
дар арасында өлім-жітім көбеюі мүмкін.
Жүйке жүйесінің зақымданғанын көрсететін ауру белгілері (мазасыз- 
данып басын кекжитуі, мойынын ирелеңдету, басын біресе арқасына, біресе 
бауырына алып жүруі) індеттке ұшырағаннан кейін 4-8 күн өткенде байқа- 
лады. Кей жағдайда балапандар арасындағы ауру белгілері тек тыныс мүше- 
лерінің зақымдануына байланысты да бола береді. Мұндайда балапан шы- 
ғыны онша көп болмайды.
Сақа тауықтардың ауруы кештеу (2-3 аптадан кейін) байқалып, жүмырт- 
қалауы кеміп кетеді. Ауру құстар самарқау тартып, ұйқышыл келеді, жемге 
қарамайды.
Жоғарыда қарастырылған кэдімгідей түрімен қатар аурудың кэдімгідей 
емес түрлері ұшырасады. Әсіресе, бұл балапандарда жиірек кездеседі. Мұн- 
дай жағдайда олардың мойындары бұратылып, аяқтары тартылады, мойын- 
дары дірілдейді. Жүйке жүйесінің зақымдануы көбінесе күрке тауық балапан- 
дарында айқын аңғарылады. Сақа қүстарда ауру жеңіл өтеді, кейде ауырғаны 
мүлде білінбей қалуы да мүмкін. Ол негізінен тауық ағзасына енген вирустың 
уыттылығының элсіз болуынан, иммунитеттік қорғаныс қабілетінің күштілі- 
гінен немесе биологиялық дэрі-дэрмектердің эсерінеғі болады.
56-сурет. Нъюкасл ауруы кезінде асқазанның кілегейлі цабыгының зацьтдануы.
435




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет