ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет30/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Жоспар.


  1. Педагогикалық кызметтің компоненттері (Н.В.Кузьмина).

  2. Педагогтың функциялары.

  3. Профессиограмма.


Дәріс барысында педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен мақсатын ашу, оның тҥрлерімен таныстыру кӛзделеді.
Педагогикалық қызмет – әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағыталған.

Бұл қызметті педагогтармен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, ӛнеркәсіп басшылары, ӛндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары да атқарады. Бірақ педагогтар бұнда кәсіби қызмет тақарса, қалғандары – жалпыпедагогикалық қызметке ие. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында жүргізіледі: мектепке дейінгі орындар, мектеп, кәсіби-техникалық училищелер, арнайы орта және жоғары оқу орындары, қосымша білім беру, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орындары.

Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін студенттер оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет, нәтиженің бірлігінен тұрады.

Мұғалім жұмысының мақсатын қоғам анықтайды, яғни оның әрекетінің мақсаты - оқушылардың тұлғасын қоғамдық талаптарға

сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс. Әлеуметтік даму бағыттарын белгілейтін кӛрініс ретінде мақсат адамның рухани және табиғи мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оған белгілі талаптар жиынтығын қояды. Онда, бір жағынан, әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен қабілеттері жинақталған.

Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілер әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды және тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін белгілейді. Педагогикалық қызмет мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеуші ұжымды тудыру, тұлғаның даралығын дамыту сынды міндеттерін шешумен байланысты.

Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері анықталатын негізгі функциональды бірлік ретінде педагогикалық іс-әрекет танылған. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен, танымдық міндет формасында кӛрінеді. Ӛзіндегі бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде ӛз іс-әрекетінің құралдарын, пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндет психологиялық тұрғыдан ӛз шешімін тауып, тәжірибелік ӛзгертуші қимылға айналады. Осылайша, мұғалімнің іс-әрекеті – бұл түрлі деңгейдегі міндеттерді шешу процесі.

Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі – олардың шешімін табуда.

Педагогикалық іс-әрекеттің обьектісі - адам, оның ақыл-ойы, еркі, сезімдері. Оның мынадай ерекшеліктері бар:


  1. Адам - тірі табиғат бӛлігі. Оның қайталанбас жеке қасиеттері, қоғамда болып жатқан ӛзгерістерге ӛзіндік түсінушілігі бар белсенді обьект.

  2. Мұғалім әрдайым ӛзгеріп отыратын жеке адаммен жұмыс жасайды.

  3. Мұғаліммен бірге жеке адамдарға бүкіл қоршаған орта әсер етеді. Педагогикалық қызмет осы әсерлерді дұрыс бағыттауы тиіс.


Педагог студенттерге Венн диаграммасы арқылы педагогикалық қызметтің екі тҥрі, яғни оқыту және тәрбиелеу қызметтерінің ерекшелігіне талдау жасай білуге ҥйретеді.

Оқыту – бұл оқушының танымдық белсенділігн басқаруға бағытталған мұғалімнің әрекеті.

Тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін түрлі іс- әрекеттерді басқаруға бағытталған педагогикалық қызмет. Олар ӛзара байланысты және бір-біріне бағынышты. Бұл оқыту мен тәрбиенің бірлігі идеясының кӛрсеткіші. Оқыту және тәрбиелеу бір процестің екіжақты сипаттамасы. Олардың арасындағы шекараны белгілеу мүмкін емес. Сондықтан олар біртұтас процесс ретінде қарастырылады.

Оқыту мазмұнын, яғни сабақ беру логикасын қатаң түрде жоспарлауға болса, ол тәрбие жұмыснда мүмкін емес.


Сонымен қатар, дәріс барысында білім алушыларға «Педагог тҧлғасының негізгі кәсіби маңызды қасиеттері» атты тақырыпта шағын эссе жазуы тапсырылады.
Мұғалім тұлғасының жеке ерекшеліктеріне педагогикалық процессте, тәрбие жетістігі де бағынышты. Мұғалімді негізінен педагогикалық бағытталу ерекшелейді. Мақсатқа бағытталу педагогикалық қызметте бірізділікпен жүйелілілікті, ӛз еңбек нәтижесін дұрыс бағалау қабілетін талап етеді. Мұғалім баланың шығармашылық мүмкіншіліктерінің дамуына сенуі қажет. Педагог оптимистік кӛзқарасқа ие болуы тиіс. Оптимистік кӛзқараста болуы үшін гуманистік баығтталу қажет. Бұл:

  • баланың жақсы қасиеттеріне сену және сүйену;

  • балаларға деген сүйіспеншілік;

  • балаға тіл тигізуден аулақ болу және т.б.

Мұғалім мінезіндегі салмақтылық ерекше орынға ие. Ол түрлі ситуацияларда шыдамдылық, жинақылық, тӛзімділік, бірқалыптылық танытуға міндетті.

Келесі маңызды қасиет – талап қоя білуі. Ӛзіне және ӛзгеге қойылатын талап адамгершілік бастамаларын, моральдық ережелер мен нормаларды қалыптастырады.

Оқушылардың оқуға деген ынтасы кӛбінесе тәрбиешінің беделімен анықталады. «Бедел» - барлығына танымал мәнділік, ықпал, оқытушының тәрбиелік әсерінің күші.

Терең арнайы білім, бала және педагогикалық психологияны жете меңгеру, кәсіби іскерлікті меңгеру, адамгершілік кӛзқарас, жоғары мәдениеттілік – мұғалім беделін қамтамасыз етеді.



Осыған сәйкес педагогикада мҧғалімның тҥрлі модельдері ҧсынылады.
Ӛнегелі педагог тҧлғасы (Авторы И.П.Подласый)




МАМАН ҚЫЗМЕТКЕР


АДАМ

педагогикалық мақсат қоя білуі; қоғамдық ӛмірге

теорияны меңгеруі; уақытты жұмсау белсене араласуы;

психологияны білуі; шеберлігі;

ӛмірге деген

оқыту мен тәрбиенің мамандығын жүйелі кӛзқарасы;

жаңа технологияларын түрде дамыту; ӛнегелілік;

меңгеруі; еңбек ӛнімділігін

патриотизм;

еңбекті тиімді арттыруға

мемлекет

ұйымдастыра білуі; бағытталуы;

заңдарын

ӛз жұмысына шығармашылық

құрметтеуі;

деген сүйіспеншілігі; қабілеттілігі; мықты денсаулық;

педагогикалық жан-жақты

салауатты ӛмір

қабілеттері; білімділігі;

салтын ұстануы;

жалпы эрудициясы; саналы оптимизм; адамгершілік

шыдамдылық; орташа скептицизм; қасиеттері;

тапқырлық; ұжыммен жұмыс

рухани байлығы;

ұстамдылық; жасау шеберлігі; дінге сену, сенбеуі

жылдамдық; табандылық;

ӛзінің іс-әрекетіне

жомарттық; тапқырлық; сыни кӛзқарасы.

эмоциональды тәртіптілік;

тұрақтылық; жауапкершілік;

балаларды белсенділік;

түсіне білуі; ситуацияларда тез

балалармен шешім қабылдауы. жұмыс жасауға

ықыласы;


ойдың тазалығы; талап қоя білуі; ӛзін-ӛзі ұстай білуі; шыншылдық;

ұйымдастыру қабілеттері;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет