Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет64/100
Дата13.01.2023
өлшемі8,63 Mb.
#165468
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100
Байланысты:
AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу.

Объектілерді масштабтау.


Объектілерді үлкейту немесе кішірейту Масштаб (Scale) командасының кӛмегімен жүзеге асырылады. Масштаб (Scale) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.


Команданы шақырғанда командалық жолда келесі хабар шығады:

Command: _scale (Команда: Масштаб)


Әрі қарай жүйе кішірейтілетін немесе үлкейтілетін объектіні таңдауды сұрайды:

Select objects: (Выберите объекты: )


Тышқанның сол батырмасын басу арқылы қажетті объектіні таңдаймыз.





3.29-сурет
3.29-суретте Масштаб (Scale) командасын қолдану арқылы объектіні екі есе үлкейткен мысалы кӛрсетілген. Бұл жерде объектілерді (шеңбер, тӛртбұрыш, екі осьтік сызық – барлығы тӛрт объект) таңдаған кезде рамканы қолданған. Объектілерді таңдауды ENTER пернесін басу арқылы аяқтаймыз.
Бұдан кейін AutoCAD базалық нүктені сұрайды. Бұл нүкте объектілер тобындағы қозғалмайтын жалғыз нүкте болады. Базалық нүктені координаталарын пернетақтадан енгізу арқылы немесе экранда курсордың кӛмегімен нұсқау арқылы енгізуге болады. Берілген мысалда базалық нүкте ретінде шеңбер центрін қабылдаймыз.

Specify base point : _cen of


Базалық нүктені анықтағаннан кейін, командалық жолда масштаб коэффициентінің сан мәнін енгізу керек. Объектіні үлкейту үшін коэффициент 1-ден үлкен болуы керек, ал кішірейту үшін - 1-ден кіші болу керек. Біздің мысалымызда 2 санын енгіземіз.

Specify scale factor or [Reference]: 2


AutoCAD таңдалған объектілерді үлкейтеді де, команданы аяқтайды.
  1. Үш ӛлшемді объектілерді салу және оларды редакциялау


    1. Үш ӛлшемді объектілерді салу құралдары

Үшӛлшемді объектілерді салу құралдары келесі орындарда шоғырланған:

  1. Draw (Рисование) құлама мәзіріндегі Modeling (Моделирование) бӛлімінде;

  2. Modeling (Моделирование) аспаптар панелінде (4.1-сурет);

  3. DASHBOARD (ПУЛЬТ УПРАВЛЕНИЯ) басқару пультінде (4.2-сурет).




    1. - сурет




DASHBOARD (ПУЛЬТ УПРАВЛЕНИЯ)
басқару пульті – горизонталь сызықтармен палитраларға бӛлінген терезе. Контекстік мәзірдің кӛмегімен терезелерді ашуға немесе жабуға болады. Кӛрінетін палитралар толық кӛрінбейді. Оларды әр палитраның сол жақ тӛменгі бӛлігінде орналасқан нұсқағыштардың кӛмегімен ашуға болады. Кӛлденең орналасқан батырмалар қатары да қысқартылып кӛрінеді. Қалған батырмаларды ашу үшін қатардың оң жағында орналасқан үшбұрышты белгіні қолданады. 4.2-суретте үшӛлшемді объектілерді салу құралдары басқару пультінің 3D Make (3M построение) панелінде орнласқаны кӛрсетілген.
Суреттерде кӛрсетілген аспаптардан басқа, жүйеде үшӛлшемді объектілерді салу құралдары бар
– сплайндар мен полисызықтар. Бұл сызықтар 2- бӛлімде қарастырылған және олар екі ӛлшемді болып берілген еді. Алайда егер сплайн үшін нүктелерді бір жазықтықта жатпайтындай етіп енгізсек, біз үшӛлшемді сплайн сызықты аламыз.


    1. - сурет

ҚАТТЫ ДЕНЕЛІ ОБЪЕКТІЛЕР – AutoCAD жүйесіндегі күрделі, әрі қызықты үшӛлшемді объектілер болып табылады. Мұндай объектілерді модельдеу жоғары біліктілікті, кӛп уақытты талап етеді. Оның есесіне нәтижесінде алынған объектілер жұмсалған еңбекті толығымен ақтайды. Ӛйткені, бұл объектілерге кӛлем, салмақ және басқа да инерциялық қасиеттер тән болады. Сонымен қатар, арнайы аспаптарды қолдана отырып, қатты денелі объектіні салып, оның кез келген проекциясын, тілігі мен қимасын алуға болады. Үш ӛлшемді қатты денелі объектілерді салу үшін Modeling (Моделирование) аспаптар панелін қолданған ыңғайлы (4.1-сурет). Осы панельдегі барлық командаларды РИСОВАНИЕ (Draw) құлама мәзірдегі Modeling (Моделирование) бӛлімінің кӛмегімен шақыруға болады. (4.2-сурет).


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет