ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және әылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата02.10.2019
өлшемі39,25 Mb.
#49167
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
b2087
Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер, 5. Лекциялар жинағы

100

кенелер  киізденген  тұтас  масса  түзеді  және  олардың  қозғалуы 
қиындайды.
Тұқымның  бізтұмсықпен  жасырын  зақымдануын
  бидай, 
кара  бидай,  күріш,  арпа  тұқымдарының  тұқым  үлгісінде  тірі 
зиянкестер  болмағанда,  оның  есесіне  өлі  бізтұмсықтар  немесе 
олармен  зақымданған  тұқым  болғанда  анықтайды.  Жасырын 
зақымдануын  (жарақаттануын)  анықтау  үшін  шөкімнен  негізгі 
дақылдың  200  данасы  сұрыпталады,  абайлап  оларды  тілік  бой- 
ымен  екіге  жарып  кеседі  жэне  үлкейткіш  шынының  астында 
балапан  құрттар,  қоңыздар  жэне  куколкаларды  айқындайды. 
Зақымданған тұқымдарды санап, олардың пайызын анықтайды.
II. 
Мемлекеттік  үлгіқалыптармен  мөлшерленетін  себу 
сапа  көрсеткіштері. 
Тұқым  ірілігі  мен  біркелкіліги
  Түқым 
ірілігі  мен  біркелкілігінің  алынатын  өнімге  әсері  ғалымдар 
мен  диқан  қауымын  ертеден  ойландырған.  Көптеген  шетелдік 
ғалымдар  (Ф.  Любарский,  1901;  А.  Новицкий,  1881;  Габерлант, 
1880;  Вольни,  1881;  жэне  басқалар  ірі  тұқымдармен  сепкенде 
өнімнің  артатынына  ертеден  көңіл  аударған.  П.А.  Костычевтың 
(1887) еңбектерінде түқымдық жадығаттың ірілігіне айтарлықтай 
мэн  берілген.  Ол  өзінің  «Түқым  сапасының  өнімге  әсері»  де­
ген  монографиясында  былай  деп  жазған:  «Егістікке  барынша 
жақсы, басқаша айтқанда жақсы дамыған ірі жэне ауырсалмақты 
дәндерді  пайдалану  өзінің  әсері  бойынша  тыңайтқыш  немесе 
өте  жақсы  өңделген  топырақтың  әсеріне  пара-пар,  сондықтан 
өнімді арттыру жолында түкымды сұрыптауға жоғары да аталған 
екі  шараға  аударғандай  көңіл  бөлген  дүрыс».  Ірі  түқымдардың 
жоғары тиімділігі кейінгі кезеңдегі ғалымдардың жүмыстарында
да  дәлелденді  (М.С.  Савицкий,  1956;  И.М.  Коданев,1970;  Г.В. 
Гуляев, 1962; Н.И. Кулешев,  1963; П.П. Лукьяненко,  1968; ж.б.).
И.В.  Алехин  100  жылдан  аса  жүргізілген  эксперименттік
зерттеулер  нәтижелерін  талдаи  келіп  мынадаи  қорытындыға 
келген:  ірі  тұқымдар  9-11  жағдайдың  8-10  жағдайында  кэдімгі 
түқым мен үсақ тұқымға қарағанда жоғары өнім береді, ал орта­
ша  тұқыммен  салыстырғанда  5  жағдайдың  төртеуінде  осындай 
заңдылық  байқалады.  Ірі,  біркелкі  және  биологиялық  кұнды
101

тұқымдардан өнімнің жоғарылауы мен төмендеуінің  мұндай қа- 
тынасы  заңды  кұбылыс,  ал  ірі  тұқымдардан  өнімнің төмендеуі
кездеисоқ  жағдаи  немесе  белгілі  бір  зерттеушінщ  таңдап  алған 
тэсілінің ерекшелігімен байланысты.
Ірі  тұқымдардың  егістіктегі  оң  әсерін  Қазақстанда  жүргізіл- 
ген  зерттеулерде  де  әйгіленді.  Бұрынғы  Қазақ  ауыл  шаруашы- 
лығы институтының (В.  Ферапонтов,  1967),  Зырян селекциялық 
стансасында (П.Пискунов,  1965) және басқа ғылыми мекемелер- 
дің  тәжірибелерінде  ірі  тұқымдармен  себілген  алқаптардан 
мол астық өнімі жиналған.
Ірі  тұқымдардың  артықшылығы  көптеген  ғалымдардың  тұ- 
жырымы бойынша, оларда қорлық қоректік заттар көп жинақтал- 
ған,  ұрықтары  ірі  жэне  т.б.,  осылар  олардың  биологиялық  құн-
дьшығын сипаттаиды.
Алаида, ірі тұқымдар мен орташа іріліктегі тұқымдардың қүн- 
дылығы бір шамада болған тәжірибелер нэтижелері де белгілі.
В.Я.  Юрьев  атындағы  Украина  өсімдік  шаруашылығы,  се­
лекция  жэне  генетика  ҒЗИ-да  И.Г.  Стронаның  жетекшілігімен 
бірнеше  жыл  бидай,  арпа,  тары  ж.б.  дақылдарымен  жүргізілген 
зерттеулерде  орташа  жэне  орташадан  ірі  тұқымдар  барынша 
жоғары астық өнімін қалыптастырған, олар сорттың биологиялық 
ерекшеліктерін  сипаттайды.  Ал  ең  ірі  жэне  ең  ұсақ  тұқымдар 
не  томен  немесе  тұрақсыз  өнім  береді.  Мұндай  қүбылысты
Н.Г.  Строна  ірі  тұқымдардың  анатомиялық  құрылымы  борпас 
гипертониялық  ағзалардан  қалыптасқан,  жеңіл  жарақаттанады 
жэне  тіршілікке  қабілеттілігі  әлсіз  болып  келетіндігімен  тү- 
сіндіреді.
Солтүстік  Қазақстанда  да  кезінде  жаздық  бидайдың  тұқым 
ірілігін  астық  өнімі  мен  сапасына  әсері  жөнінде  ірі  зерттеу
жүмыстары жүргізілді.
Біртұтас  әдістемемен  жүргізілген  зерттеу  жүмыстары  мен 
өнімділік  сапасын  түқым  ірілігі 
анықтай  алмайтын  экспер- 
именттік  нэтижелер  жинақталды.  Біздің  зерттеулер  мен  қазіргі 
«А.И.  Бараев  атындағы  АШ  ҒӨБ»  РММ-нің  бұрынғы  тұ- 
қымтану лабораториясының  зерттеулері  осыған дэлел.  Аталған
102

лабораторияның деректері  бойынша,  оңтайлы  себу  мөлшерімен 
өсірілген  Саратовская  29  жаздық  бидайының  эртүрлі  фрак­
ция ларының  астық  өніміне  айтарлықтай  әсері  байқалмады:  оң- 
түстік  қара  топырағы  жағдайында  (Шортанды)  эр  гектарға  3,5 
млн.  өнгіш  тұқыммен  себілген  танаптардан  жиналған  астық 
өнімі  мынадай  болды:  кэдімгі  тұқымнан  (бақылау  варианты)  -  
20,7; ірі тұқымнан - 20,7; ұсақ тұқымнан - 20,6; орташа тұқымнан 
-21,0, орташа жэне ірі тұқым қоспасынан - 21,4 ц/га алынған.
Тұқым  ірілігінен  астық өнімі мен сапасына әсері  жаздық би­
дай үшін Солтүстік Қазақстанның  қара-қоңыр топырақтарында 
кезінде  қазіргі  «С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық 
университетінің»  өсімдік  шаруашылыгы  кафедрасының  ға-
лымдарымен зерттелді.
Танаптық  жэне  лабораториялык  зерттеу  жұмыстары  жұмсақ 
жэне  қатты  бидай  сорттарымен  жүргізілді  (Саратовская  29 
жэне  Харьковская  46).  Бидайдың  екі  түрінің  де  тұқымдары 
електі  (решетный)  талдау  негізінде  «Петкус»  машинасында  3 
ірілікке(фракцияға)  бөлінді:  орташа,  ірі  жэне  ұсақ  тұқымдар. 
Орташа  тұқымдарға  50%-дан  асқан  қатар  екі  електен  шық- 
қан  тұқымдар  жатқызылды,орташа  тұқымдардан  ірілерін  ірі 
тұқымдарға,  ал  ұсақтарын  -  ұсақ  тұқым  фракциясына  жат- 
қызылды. Төртінші  вариант ретінде кэдімгі кондициялы тұқым- 
нан  ұсақ  тұқымдар  аластатылып  «ірі+орташа»  тұқым  тобы 
кұрастырылды.  Бақылау  вариантьгаа  мұқият  тазартылған  және 
семген  барлық  тұқымдары  аластатылган  кэдімгі  кондициялы 
тұқым тобы  (фракциясы)  алынды.  Екі  бидай түрі  сорттарының 
эрбір  фракциясы  жеке-жеке  5  себу  мөлшерімен  себілді:  аймақ 
жағдайында кепілдемелермен ұсынылған жұмсақ бидай үшін 3,0 
млн/га. өнгіш тұкым, қатты бидай үшін -3,5  млн/га өнгіш тұқым, 
кепілденген мөлшерден 25 жэне 50% томен жэне жогары.
Үш  жылғы  зерттеу  нәтижелері  көрсеткендей,  жаздық  би- 
дайдың  екі  түрінде тұқым  ірілігіне  қарамай  өну  қуаты  мен  өн- 
гіштігінде  айтарлықтай  айырмашылықтар  байқалмады.  Тұқым 
іріленген сайын оның бастапқы өсу пэрменділігі (қарқындылығы) 
көрсеткіштері  -  100 өскіннің массасы, тамыршалардың массасы 
мен саны  артгы (Кесте 5).
103

Кесте  5.  Түқым  ірілігіне  (фракциясына)  байланысты  жаздык 
бидайдың  себу  сапасының  өзгеруі  (орта  есеппен  3  жылда)  (Әрінов
Қ.К.,  1998)
Тұқым
ірілігі
(фракциясы)
Өну
қуаты
(энер-
гиясы),
Лабора 
тория- 
лык 
өнгіш- 
тігі, %
Бастапқы өсу күшінін 
қарқындылығы
тұқым
ның
масса-
қараи 
тұқым 
шығы- 
мы, 
%
10 тәу- 
лікте құ* 
бетіне 
шыққан 
өскін
1  ӨС1М-
діктегі
тамыр-
шалар
саны,
дана
өскін
масса
саны
дана
Кәдімгі
(бақылау)
Үсақ
Орташа
Ірі+орташа
Қатты бидай
Кәдімгі
(бақылау)
Ұсақ
Орташа
Ірі+орташа
Жаздық  жұмсақ  бидайда  ірі,  орташа  және  ірі  тұқым  фрак-
цияларының  басқаларына  қарағанда  танаптық  өнгіштігінің
жоғарылау  тенденциясы  байқалады.  Қатты  бидай  тұқымының
барлық  фракцияларында,  ұсақтан  басқасында,  танаптық  өнгіш-
тік  шамамен  бір  деңгейде  болды.  Басқа  тұқым  фракцияларына
қарағанда  ұсақ  тұқымдардың  танаптық  өнгіштігі  5-13  %-ға  тө- 
мен болды.
Жаздық  бидайдың  астық  өнімінің  12,8-17,6  ц/га.  бола  оты- 
рып  зерттеу  жылдарында  жалпы  деңгейі  ірі,  орташа  және  ірі 
тұқымдар  қоспасы,  орташа  тұқым  фракцияларының  астық 
өнімінде  айтарлықтай  айырмашылықтар  байқалмады,  алайда 
ұсақ  тұқымдар  көпшілік  жағдайда  статистикалық  дәлелденген
104

төмен  астық  өнімін  береді.  Бидайдың  екі  түрінде  де  барынша 
жоғары  астық өнімін төменгі  себу мөлшерінде қалыптастырып, 
ал ұсақ тұқымдар ең жоғары өнімді  салыстырмалы жоғары себу 
мөлшерінде қамтамасыз етеді, басқаша айтқанда,  эртүрлі  ірілік- 
тегі тұқымдардың оңтайлы себу мөлшері сэйкес келе бермейді.
Тұқым  ірілігіне  байланысты  алынған  өнімнің  астык  сапасы 
қызығушылық  туындатады.  Біздің  зерттеулерімізде  жаздық  би- 
дайдың  түріне,  тұқымның  ірілігіне  қарамай  астықтың  көлемдік 
массасы  (натуралық  массасы)  мен  шынылығында  айтарлық- 
тай  айырмашылықтар  байқалмады.  Ал  ақуыз  (белок)  мөлшері 
жөнінде  мынаны  айтқан  дұрыс:  зерттеу  жылдарында  орта 
есеппен  жұмсак  бидай  астығында  ол  көрсеткіш  16,1-16,9%,  ал 
қатты  бидайда -  17,6-18,1% болды;  ұсак тұқымнан  қалыптасқан 
астық  өнімінде  ақуыз  мөлшерінің  жэне  технологиялық  сапа 
көрсеткіштерінің төмендеу тенденциясы байқалды.
Сонымен,  тұқым  ірілігі  мен  біркелкілігінің  астық  өнімі  мен 
сапасына  әсеріне  байланысты  эдебнеттер  деректері  мен  өзі- 
міздің  ғылыми  зерттеу  нәтижелерімізге  сүйене  отырып  Сол- 
түстік  Қазақстан  жағдайында  төмендегідей  қорытындылар  мен 
өндіріске ұсыныстар (кепілдемелер) берілген,  ал оның мэні мы- 
нада:  бидай тұқымын себуге дайындағанда оны ірілігі  бойынша 
сорттау  жэне  фракцияларды  жеке-жеке  егістікте  себу  тиімсіз; 
тұқымдық  жадығатты  мемлекеттік  үлгіқалып  талаптарына  сэй­
кес себу кондициясына жеткізу мақсатында тұқым тобынан ұсақ 
әрі  сапасыз тұқым  бөлігін  аластатса жеткілікті;  орташа жэне ірі 
тұқымдардың тұқым тобынан жалпы шығымы 81-85 
%
 құрайды; 
өндірістік  жағдайда  тұқымның  осы  толыққұнды  болігін  тиіс- 
ті  саңылаулы  електерді  (решеткаларды)  бірден  таңдап  алып 
тазалаған  дұрыс;  нәтижесінде  күрделі  тұқым  тазалағыш  агре- 
гаттардан оның өткізу саны азаяды, эрі тұқымның жарақаттануы 
төмендейді.  Айта  кету  керек,  бұл  кепілдемелер  Солтүстік  Қа- 
закстанның  ауыл  шаруашылығы  ондірісінің  үлкен  аумағында 
кабылданып,  енгізілген.
Тұқымның  шіршілікке  қабілеттілігі
  -  түқымның  өнуге  ка- 
білетгілігі.  Ол  талданатын  үлгідегі  тірі  тұкымның  пайыз  мол-
105

шерімен  сипатталады.  Тұқымның  тіршілікке  қабілеттілігін 
мына  жағдайларда  анықтайды:  тұқым  тыныштық  күйде  жат- 
қанда,  мұндай  тұқымдар  төмен  өнгіштікте,  алайда  тіршілікке 
қабілеттілігі  жоғары  болады;  тұқым  сапасы  жөнінде  шұғыл  ак- 
парат  қажет  болғанда  (тұқымды  тіршілікке  қабілеттілігі  бой­
ынша  сатып,  ақшадай  есептесуді  өнгіштігі  бойынша  іске  асы- 
рады);  көктеу  мерзімі  біткеннен  кейін  өнбеген,  бірақ  бөрткен 
тұқымдарды  бағалау  үшін.  Тіршілікке  қабілеттілікті  анықтау
үшін түқымның тазалығын анықтағаннан кеиін негізгі дақылдан 
100  данадан  екі  үлгі  санап  алынады.  Тіршілікке  қабілеттілікті 
анықтаудың  бірнеше  әдісі  бар:  сілті  ерітіндісінде  түқымның 
ісіну  жылдамдығымен,  люминесценттік  әдіспен  жэне  түқымды 
бояғыш заттарда боялу ерекшеліктері бойынша.
Тұқымның ісіну жылдамдыгы
 бүршақ түқымдас өсімдіктер- 
де  (жоңышқа,  беде  ж.б.)  КОН немесе КаОН  сілтісінің  0,5%  -ды 
ерітіндісінде  олі  тұқым  қабықтарының  эртүрлі  өткізгіштігіне 
негізделген.  20°С  жылылықта  45  мин.  өткенде  тіршілікке 
қабілетті түқымдар ісінеді, ал олі тұқымдар ісінбейді.
Тіршілікке қабілеттілікті  боягыш заттарда
  анықтағанда 
(тетрозол, индиго- кармин немесе  қышқыл фуксинде ) тұқымды 
алдын  ала  18-20°С  жылылықта  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
(қара  бидай,  сүлы  ж.б.  -  1-2  саг.,  арпа,  күнбагыс  -  4,5  саг.,  би­
дай,  жүгері-5-6,  қарақүмық  -  16-17,  асбүршақ  -  16-18  саг.  суда 
дымқылдандырады,  сонан  соң  тұқымды  үзына  бойымен  тең 
екі  жартыға  бөледі  (бидай,  арпа,  сұлы,  жүгері,  күріш),  немесе 
түқымдық қабыгын  алып  тастайды  (асбүршақ,  күнбағыс,  сиыр- 
жоңышқа т.б.), талдауга түқымның бірінші жартылары алынады, 
ал  екінші  жартылары  суы  бар  ыдысқа  қалдырылады  да  қажет 
болғанда анықтауды қайталайды.
Тұқымды  тетразолда  бояу  эдісі
  үрықтық  тірі  клеткалары- 
ның  түссіз  хлорлы  тетразолды  формазанға  айналдыру  қабілеті- 
не  негізделген.  Осының  нәтижесінде  түқымның  үрығы  қызыл 
түске боялады, ал өлі түқымның үрығы түссіз қалады. Бүл әдісті 
қолданғанда дайындалған эрбір жүз жартыкешті суда мүқият жу- 
ады,  соңынан  оларды  стақанға салып  үстінен  0,5%-ды  тетразол
106

ерітіндісін құяды да 20°С жылылықта 1  сағ. 30 мин. немесе 30°С 
жылылықта 40-50  мин.  уақытқа қалдырады.  Тиісті уақыт  өткен 
соң тұқымды мұқият тексереді. Тіршілікке қабілетті тұқымдарға 
ұрығы боялған тұқымдарды жатқызады.
Тұқымның  индиго-кармин  немесе  қышқыл  фуксинде  боялу 
әдісі  ұрықтың  тірі  клеткаларының  (жасушаларының)  ерітіндіні 
өткізбейтін,  ал  өлі  жасушалардың жеңіл  өткізіп  боялатын  ерек- 
шелігіне негізделген. Бұл эдісте стақандағы жуылған тұқым жар- 
тыкештеріне  немесе  қабығы  алынған  бүтін  тұқымдарға  0,1%- 
ды  индиго-кармин немесе қышқыл фуксин ерітіндісін зерттеліп 
отырған  жадығат  толық  жабылғанша  құяды.  Белгілі  бір  уақыт 
өткеннен кейін (бидай, сұлы, арпа, жүгері, қарақұмыцқ ж.б. үшін 
10-15  мин.,  асбұршақ,  атбас  бұршақ,  майбұршақ,  сиыржоңыш- 
қа  т.б.  -2-3  сағ.)  тіршілікке  қабілетті  (ұрығы  боялмаған)  жэне 
тіршілікке  қабілетсіз  (ұрығы  боялған)  тұқымдарды  есептейді. 
Тұқымның  тіршілікке  қабілеттілігін  пайызбен  екі  үлгіні  талдау 
нәтижелерінің  арифметикалық орташа көрсеткіштерімен  анық- 
тайды;  екі  талдау  нәтижелерінің  ауытқулары  МҮҚ  талаптары-
%-*
нан  аспауға  тиіс;  үлгілерді  талдаудың  нәтижелеріндегі  аиыр- 
машылықтар рұқсат етілген ауытқулардан асып кетсе, анықтауды
қаиталаиды.
Тұқымның  өсу күші
 - тұқым өскіндерінің белгілі бір құм не­
месе  топырақ қабатын  жарып  шығу  мүмкіндігімен  жэне  жасыл 
өскіндерінің массасымен сипатталады.  Бүл көрсеткіш егіс мате- 
риалын,  эсіресе  тұқымның  өну  энергиясы  томен  болғанда,  ау- 
рулармен  залалданғанда  және  тұқым  зақымдануы  мен  олардың 
калыпсыз  өскіндері  көп  болғанда,  бағалаудың  қосымша  әдісі. 
Тұқымның өсу қуаты  10-12 тэулік дегенде беткі қабатқа шыққан 
сау  өскіндердің  %  саны  мен  жасыл  өскіндердің  100  өскінге
шаққандагы  массасымен өлшенеді.
Өсу күші тек қана дэнді дақылдар, зығыр жэне күнбағыс үшін 
анықталады.  Ол үшін негізгі дақылдың таза тұқымынан  100 да-
алынады
Түқым  қалың  қабырғал
сауыттарда  көктетіледі.  Сауытты
107

саңылау  диаметрі  1  мм.  елеуіштен  өткізілген  кварц  кұмымен 
толтырады. Зығыр мен дэнді дақылдардың тұкымдары ушін оны 
ең  төменгі  ылғалсиымдылықтың  (ТЫС-тың)  60%,  ал  күнбағыс 
тұқымы  үшін  15%  мөлшеріне дейін  дымқылдандырады.  Ішінде 
бос  қуыс  қалмайтындай  етіп  құмды  тығыздайды  жэне  бетін 
тегістейді,  оның  қалыңдығы  сауыт  ернеуінен  2  см.  төмен  эрі 
дэнді дақылдар  мен  зығыр тұқымының  сіңіру тереңдігіне  тең 
болу  керек,  ал  күнбағыс  түқымына  төсеніш  қалыңдығы  7  см. 
болғаны  дүрыс.  Түқымдарды  сепкеннен  кейін  олардың  бетіне 
1,0-1,25  мм.  шамасындағы  ірірек  құрғак  ауа  күйіндегі  қүммен 
дэнді  дақылдарды  3  см,  ал  зығыр  түқымын  2  см.  қалындықта 
жабады.  Барлық  дақылдардың  тұқымдары  құмға  сіңірілгеннен 
кейін  сауыттың ернеуі  жабылған  қүмнан  2  см.  биік қалуға тиіс. 
Дэнді  дақылдар  мен  зығыр  себілген  сауыттардың  беті  шыны 
табақшалармен  жабылады  жэне  түқым  16-18°С  жылылықта 
жарықталған  ортада  көктетіледі.  Жаңа  жиналған  тұқымдар 
алғашқы 4 тэулікте  8-12°С температурада көктетіледі. Алғашқы 
өскіндер  шыны табақшаға  жеткен  кезде  оны  алып  тастайды,  ал 
өсу  күшін  10 тэулікте  анықтайды.  Күнбағыс  түқымы  себілген 
сауытты  шыны  табақшамен  жаппайды  және  20°С  жылылықта 
көктетіледі, эрі өсу күшін12-ші тэулікте анықтайды. Егер қажетті 
температурамен  қамтамасыз ету  мүмкіншілігі  жоқ  болса,  онда 
түқым 25 °С -д а көктетіледі де өсу күшін 9- тэулікте анықтайды.
1000  түңымның  массасы.
  Іссанада  түқымдық  жадығаттың
сапасын оның граммен алынған  1000 санының кұрғақ-ауа масса-
сымен  де  сипатталады.  1000  түқымның  жоғары  массасы  әдетте
тұқымның  ірілігімен  байланысты  Түқымның  мөлшері  бірдей
болғанда  бұл  көрсеткіш  оның іппсі  құрылымының тығыздығын
сипаттайды  жэне ондағы қорлық қоректік заттарды анықтайды.
Өндірісте  1000  түқымның  массасын  салмақтық  себу  мөлшерін 
есептеуге пайдаланады.
Көптеген  танаптық  дақылдардың  1000  тұқымның  массасын 
анықтағанда  негізгі  дақыл  түқымдарын  мүқият  араластырады 
да іріктемей 500 данадан екі үлгі санап алынады, 0,01-ке дейінгі 
дәлдікпен  жеке-жеке  өлшенеді;  өлшеу  нэтижелерін  бір-біріне
108

қосып,  1000  тұқымның  орташа  арифметикалық  массасын  та- 
бады.  Бірінші  және  екінші  үлгілердегі  түқым  массаларының 
арасындағы  айырмашылық  орташа  арифметикалық  массаның 
3%-нан  аспаса талдау аяқталды деп  есептеледі.  Егер екі үлгінің 
өлшеу  нэтижелеріндегі  айырмашылық  рұқсат  етілген  шамадан 
артық  болса,  онда  үшінші  үлгі  сүрыпталады.  Үшінші  үлгінің 
өлшеу  нәтижесін  алғашқы  екеуімен  салыстырады  жэне  1000 
түқымның массасы  айырмашылығы  барынша төмен үлгілермен 
анықталады.
Жекелеген  жағдайларда  абсолют  құрғақ  түқымның  масса- 
сын анықтайды.  1000 түқымның абсолюттік массасы  төмендегі
анықтама бойынша есептеледі:
Л =(100-Я ) 
' а
:  100, мұнда
А -  1000 түқымның абсолюттік құрғақ массасы, г ; 
а  -  1000  түқымның  құрғақ-ауа  массасы  (қысқаша  -  1000 
тұкымның массасы), г;
В - тұқымның ылғалдылығы, %
Қант жэне  мал  азықтық қызылшаның  іріктелмеген тұқымда- 
рын  тазалыққа  талдағанда  негізгі  дақыл  түқымының  массасын 
ғана  анықтап  қоймай  шөкімдегі  жеміс  шоғырларының  да  (клу- 
бочкалар) санын есептейді жэне бүл деректерді  1000 тұқымның 
массасын анықтау үшін пайдаланады.
Қант қызылшасы  1000 түқымның массасын  мына  анықтама-
мен есептейді: М = т  : х •  1000, мұнда 
М -  1000 тұқымның массасы, г;
ш  -  шөкімді  тұқым  тазалығына  талдағандағы  негізгі  дақыл
гұкымдарының массасы, г ;
X - шөкімді електен (решетка) өткізгенде електе қалған жеміс
шоғырының саны, дана.
Аталған  деректер  тұқым  сапасы  жөніндегі  құжаттарда  көр- 
сетіледі жэне олар тұқымның салмақтық себу мөлшерін есептеу- 
де қодцанылады (  ).
Тұқымның  себуге  жарамдыдыгы  және  оның  қолданылуы. 
Тұқымның  себуге  жарамдылығы  деп  талданып  отырған  тұ-
қымдағы таза және өнгіш тұқымның паиыз мөлшерін атанды.
109

Бүл  көрсеткішті  тек  кана  кондициялы  тұқымга  төмендегідей 
анықтама бойынша есептейді:
т
Ш
С
  I   —
7
мұнда 
ж 
100
Сж -  тұқымнын себуге жарамдылығы, %;
Тт -  тұқымның тазалығы, 
%;
Лө -  тұқымның өнгіштігі, %.
Себуге  жарамдылықты,  эдетте,  бүтін  санмен  көрсетеді.  Мы- 
салы, орташа үлгіні талдағанда мынадай нәтижелер алынды: тү- 
қымның  физикалық  тазалығы  -   99,7%,  лабораториялық  өнгіш- 
тігі -  96%. Себуге жарамдылығы (Сж):
С  = 99,7  • 96  :  100 
=95,7
 немесе 96%
зк
Тұқымның  себуге  жарамдылығын  оның  нақты  салмақтық 
себу мөлшерін (нормасын) есептеу үшін қолданады.
Кепілдемелерде,  оқулықтарда  т.б.  қүралдарда  себу  мөлшері 
сандық  есеппен  (гектарына  млн.  дана  өнгіш  түқым),  немесе 
100%,  себу  жарамдылығына  келтірілген  салмақтық  өлшеммен 
беріледі.  Әрбір  түқым  үшін  себер  алдында  себуге  жарамды- 
лықты  ескеріп  нақты  себу мөлшерін  анықтайды.  Мысалы:  Сол- 
түстік  Қазақстанның  қүрғақ  далалық  аймағының  қара-қоңыр 
топырақтарында  сүрі  танабына  1000  түқымның  массасы  36,0  г. 
жэне  себуге  жарамдылыгы  95%  Целинная  Юбилейная  жаздық 
бидайының эр гектарга 3,0 млн.  данасын себу керек;  нақты себу 
мөлшері (кг/га):
К * М
Сң =
 — р;----- 1100, 
мұнда
Сн -  салмақтық себу мөлшері, кг/га,
К -  себу коэффициенті  (гектарына млн. өнгіш түқым);
М — 1000 түқымның массасы, г;
Сж -  себуге жарамдылық, %.
Сонда:
£  
3,0
  • 
36,0
Сң =
----

----   100 =  113,7 
немесе 114 кг/га
110

кету  керек,  әртүрлі
мат аймақтары (тіпті  Солтүстік Қазақстан  шеңберінде) үшін тұ- 
кымның себу мөлшерін анықтау мен есептеудің бірнеше  тэсіл- 
дері  қолданылады  жэне  міндетті  түрде себуге жарамдылыкты
пайдапанып, түзету енгізеді.
1.  Салмақтық  тәсіл.
  Бұл  эксперименттік  жолмен  далалык
жэне  өндірістік  тэжірибелер  жүргізіп,  тұкымның  орташа  сал- 
мақтык  себу  мөлшерін  анықтауға  негізделген.  Тұқымның  себу 
мөлшері нақты  топырақ-климат аймактары үшін белгіленеді.
2. Даналық (сандық)  тәсіл.
  Бүл тәсіл  бойынша  1 га егістікке 
себілетін  тұқым  санын  анықтайды.  Сандық  себу  мөлшері  де 
эксперимент  жолымен  анықталады.  Бір  өлшем  егістікке  себіле-
тұкым
салмактық
болады.
жиілш
проф
ұсынған  жэне  ол  өсімдіктердің  биологиялық  көрсеткіштеріне, 
егін  жинау  қарсаңындағы  дақылдың  оңтайлы  сабақ  бітіктігі 
жиілігіне,  түптену  коэффициенті  мен  өсімдіктердің  жалпы  тірі 
қалуына  негізделген.  Оңтайлы  сабақ  бітіктігінің  жиілігі  деп 
накты жағдайда бір өлшем жерде ең жоғары өнім калыптастыра- 
тын өнімді сабақ санын атайды. Өсімдіктердің жалны тірі калуы 
дегеніміз егін жинау кезіндегі бір олшем алаңдағы (1  м2) өсімдік 
санының  осы  алаңга  себілген  өнгіш  түқым  санына  қатынасын 
100-ге кобейткенге тең шама.  Себу молшері  мына анықтамамен
есептеледі:
Сн= (СК' М
• 100; І 
Сн -  (К ’ Сө ' Щ  мұнда
Сн—
 түқымның себу мөлшері, кг/га;
С  —
 егін  жинау  кезіндегі  нақты  аймаққа  есептелген  сорттың
сабак бітіктігінің жиілігі, дана/м2;
М -  1000 тұқымның массасы, г;
К -  өнімді түптену коэффициенту 
С  -  өсімдіктің жалпы тірі қалуы (сакталуы), %  ;
ө
С  -  тұқымның себуге жарамдылығы, %.
Ж
111

1.9  Тұқымдық жадығат сапасы жөніндегі құжаттар
Мемлекеттік үлгіқалыптар (стандарттар) бойынша тұқымдық 
жадығат үш немесе екі сыныпқа (класқа) бөлінеді (Кесте 6)
*
Кесте  6.  Сыныптарға  бөлгендегі  тұкым  сапасынын  негізгі  көр-
сеткіштері (12047-85 МСТ)
Дақылдар
Сьінып  1 Негізгі
дақылдың
тұкымы,
%
Басқа өсімдіктер 
тұкымының қоспасы, 
дана/кг көп емес
Лаборатория- 
лык өнгіштік,
%
барлығы
оның
ішінде
арамшөп
өсімдігі
1
2
3
4
5
6
Жұмсақ
бидай
I
99
10
5
95
II
98
40
20
92
ІП
97
200
70
90
Қатты бидай
I
99
10
5
90
Ц
98
40
20
87
III
97
200
70
85
Арпа, сұлы
I
99
10
5
95
II
98
80
20
92
III
97
300
70
90
Тары
I
99
16
10
95
п
98
100
75
90
ш
97
200
150
85
Асбұршақ
I
99
5
рұқсат
етілмейді
95
II
98
10
2
92
III
97
50
5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет