ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және әылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата02.10.2019
өлшемі39,25 Mb.
#49167
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
b2087
Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер, 5. Лекциялар жинағы

68

жесінде  егін  көгінің  толықтығы  80%  ғана  болды  (100  %-дың 
орнына).  Кейде  өте  дэл  себілгенде  танаптық  өнгіштік  пен  егін 
көгінің толықтығы сәйкес келеді.
Далалық өнгіштік  барлық жағдайларда лабораториялық көр- 
сеткіштен  төмен  жэне  көптеген  факторларға тэуелді.  Н.  Н.  Ку­
лешов (1963) бұл факторларды бес топқа бөледі: 
тұцым сапасы, 
метеорологиялық  жагдайлар,  топырақ  жагдайлары;  агротех­
ника; түцым мен өскінді зацымдайтын аурулар мен зиянкестер.
Тұқымның  далалық  өнгіштігінің  төмендеуі  белгілі  бір  дә- 
режеде  дәнді  жэне  басқа  дақылдардың  өнімін  азайтады.  Есеп- 
теулер көрсеткендей, далалық өнгіштік  1  пайызға төмендегенде 
егін  өнімінің  төмендеуі  жаздық  дақылдарда  1,5-2,0  пайыз,  ал 
күздіктерде  -   1,0-1,5  пайыз.  Өнімнің  азаюы  эрі  сабақ  бітікті- 
гінің  есебінен,  эр  өсімдік  өнімділігінің  төмендеуінен  болады. 
Далалық  өнгіштік  төмен  болғанда,  аңызға  себілген  көп  тұқым 
зая кетеді.
М.  Қ.  Сүлейменов  (1981)  бұрынғы  БАШҒЗИ  (Шортанды)
зерттеулерін корытындылай  келіп, топырақтың беткі қабатында 
жеткілікті  ылғал  коры  болғанда жэне  қарықтап  себу  (бороздко­
вый  посев)  жүргізілгенде  жаздық  бидайдың  танаптық  өнгішті- 
гі  мен  өнімі  арасында тығыз  байланыс  байқалмайтынына назар 
аударады.  Сонымен  қатар  ол  мынаған  көңіл  бөлуді  ескертеді:
қолаисыз  жағдаиларда  толыққүнды  епн  көпн  алу  өнімді  қа- 
лыптастыруда  шешуші  рөл  атқарады  (әсіресе  төменгі  себу 
мөлшерін пайдаланғанда).
Көптеген  зерттеушілердің  деректері  бойынша  Солтүстік  Қа-
зақстан  аимағында  дәнді  дақылдардың  далалық  өнпштігі  оір- 
талай  факторларға  байланысты  67-78  пайыз  шеңберінде,  май­
лы  дакылдарда  41-81,  мал  азығындық  шөптерде  36-69,  мал 
азығындық  тамыржемістерде  31-60  пайыз.  Сондықтан  тұқым- 
ның далалық өнгіштігін  арттыру -  оңтайлы  егіс  жиілігін құрау- 
дың  маңызды  шарты  жэне  ауылшаруашылық  дақылдарының 
өнімін молайтудың басты көзі.
Түқымның  далалық  өнгіштігіне  эсер  ететін  көптеген  фак-
торлардың  шпнен  ауылшаруашылыгында  ерекше  маңызы  оар 
мыналарды  бөліп  алуға  болады:  тұқым  сапасы,  топырақ  жаг­
дайлары, дақылдың өсіру ерекшеліктері жэне т.б.
69

Тұқым  сапасының  пшнаптық  өнгімтікке  әсері.
  Толық  ба- 
ғалы  эрі  біркелкі  егін  көгін  алу  көп  жағдайда  тұқым  сапасына 
байланысты:  өну  энергиясы  мен  өнгіштігіне,  жарақаттануына, 
физикалық пісіп-жетілуіне, біркелкілігіне, ірілігіне т. б.
1.  Тұқымның  лабораториялық  өнгіштігі  айтарлықтай  дәре- 
жеде  далалық  өнгіштікті  анықтайды.  Әдетте,  лабораториялык 
өнгіштік  төмендеген  сайын  далалық  өнгіштік  те  төмендейді.
Н.  Кулешов  (1963)  белгілегендей,  лабораториялық  өнгіштіктің 
аздап төмендеуінің өзі далалық өнгіштікке катты әсерін тигізеді.
Егістікті  лабораториялық  өнгіштігі  томен  бірақ  жоғары  себу 
нормасымен  себу  мына  себептермен  ақталмайды:  біріншіден, 
бұл  үлкен  тұқым  шығынына  әкеліп  ұрындырады;  екіншіден, 
онгіштігі  томен  тұқымдардың  тіршілігіне  қабілеттілігі  нашар 
жэне  жоғары  өнгіштегі  тұқымға  қарағанда  далалық  өнгіштігі 
анағүрлым томен болады.  Сонымен қатар далалық өнгіштік пен 
егін  сиреуінің  арасында  тікелей  байланыс  бар.  Сондықтан  кон- 
дициясыз тұқымдарды кондициялы тұқымға айырбастаған жөн.
2. Тұқымның жарақаттануы далалық онгіштіктің төмендеуінің 
басты  себептерінің  бірі.  Коп  авторлардың  корсеткеніндей,  егін 
жинау кезінде және жинағаннан кейін өңдегенде  жаракаттанған 
тұқымдар тұқымның өнуі мен қалыптасуына ғана зиянын тигізіп 
қоймайды,  сонымен  бірге  өсу  үдерісін  кешеуілдетеді,  осімдік 
онімін  азайтады.  Далалық  өнгіштікті  әсіресе  түқым  үрығының 
жарақатталуы төмендетеді жэне олар сепкеннен кейін  қолайсыз 
өну  жағдайына  кездессе  бұл  құбылыс  күшейе  түседі  (ылғал 
жетімсіздігінен, температураның томен болуынан т. б.).
Кезінде  қазіргі  С.  Сейфуллин  атындағы  ҚазАТУ-нің  оқу-тә- 
жірибе  шаруашылығында  жүргізілген  зерттеулерде  жаздық 
бидайдың  танаптық  өнгіштігі  бақылау  вариантында  60,3% 
болғанда эндоспермісі жарақаттанғанда — 51,0, ал үрығынан жа-
рақаттанғанда 28,6%-ға дейін томендеді [2].
Соған қоса, жарақаттанған тұқымдар,  әсіресе қабықсыздары, 
микроорганизмдердің  өнуі  мен  кебеюінің  негізгі  объектісі  бо­
лып  шығады.  Олар  қорлық  қоректік  заттарды  шығындап,  әр- 
түрлі  аурулар  қоздырады,  үрықтың  өлуіне  әкеліп  соқтырады.
70

Қазіргі  заманғы  егін  -жинау  мен  жинағаннан  кейінгі  астықты 
механикаландырылған  эдіспен  баптаудың  нәтижесінде  тұқым 
жарақаттануын  болдырмау  мүмкін  емес,  бірақ  егін  жинауды 
колайлы жэне қажетті мерзімінде өткізу, барабанның айналу са-
лын  дұрыс  реттеу,  оараоан  мен  деканың  арасындағы  кеңістікті 
жэне  астық  тазалағыш  машиналардың  дұрыс  реттелуі  арқылы 
жарақаттануды анағұрлым төмендетуге болады.
3. 
Тұқым  ірілігі мен ауыр салмақтылығы далалық өнгіштікке 
айтарлықтай  эсер  етеді,  бірақ эртүрлі  жағдайларда бұл  біркелкі 
байкалмайды.  Тұқым  эндоспермі  қоректік  заттармен  неғұрлым 
көп  қорланса,  солғұрлым  олармен  ұрық  жақсы  қамтамасыз 
етіледі  де  қуаттырақ  өркен  пайда  болады.  Далалық  жағдайда 
мұндай  өркендер  (өскіндер)  қолайсыз  кедергілерді  жеңіл  жеңе- 
ді және топырақ бетіне жылдамырақ шығады.
Бұрынғы  Ақмола  АШИ-ның  өсімдік  шаруашылығы  кафед- 
расының  деректеріне  (1996)  қарағанда  тұқымның  орташа,  ірі 
фракциялары  мен  олардың  қоспасы  далалық  өнгіштігі  мен 
өніміне  айтарлықтай  ықпал  жасаған  жоқ.  Бірақ  ұсақ  тұқым- 
дардың  далалық  өнгіштігі  мен  егін  өнімі  ерекше  томен  болды, 
әсіресе  тұқымды  10  см  тереңдікке  сіңіргенде.  Тұқымның  дала- 
лық  өнгіштігі  мен  топыраққа  сіңіру  тереңдігі  арасындағы,  со­
нымен  бірге  далалық  өнгіштік  пен  өнімнің  арасындағы  тікелей 
тәуелділік өте анық байкалады (3-ші кесте).
Бұл  сұрақ  төңірегінде  соңғы  жылдары  жүргізілген  зерттеу- 
лерді  қорытындылай  келіп  мынаны  еске  салу керек:  ұзақ уақыт 
бойы ірі тұқымның артықшылығы жэне оларды жеке бөліп алып 
тұқымдық  мақсатқа  пайдалану  қажет  деген  кағиданы  дэнді  да- 
қьшдар үшін шешілген мәселе деп қарауға болмайды. Себу үшін 
ірі  тұқымды  бөліп  алудың  қажеті  жоқ,  жалпы  кондициялы  тұ- 
қымнан  ұсақ  жэне  семген  дәндерді  аластатса  жеткілікті.  Алай­
да  тұқым  ірілігін  мүлде  есептен  шығарып  тастауға  болмайды, 
өйткені  өну күші  мен эртүрлі  фракциялар  арасында анық шека- 
ра  байқалады:  тұқым  неғұрлым  ірі  болса,  солғүрлым  өну  қуаты 
мол  (бір  дақыл  немесе  сорт  шеңберінде).  Мүның  өзі  далалық
өнгіштікке эсер етеді.
4) Өнімдегі түқымның әртүрлі сапалылығы (әртектілігі)
71

3-ші  кесте.  Жаздық  бидай  өнімі  және  далалық  өнгіштігіне  тукым 
ірілігі  мен  оның  топыраққа  сіціру  тереңдігіиіц  әсері  (А.  А.  Цепенко, 
С. 
Қ. Мұқатова, Қ. К. Әрінов деректері бойынша,  1998)
Тұқым
фракциясы
Тұқым
сіңіру
тереңдігі,
см
Саратовская 29 сорты
Харьковская 46 сорты
далалық
өнгіштік,
%
өнім,
г/м2
далалық
өнгіштік,
%
өнім,
г/м2
Орташа
5,0
70
122
68
100
7,5
58
100
53
100
10,0
34
60
31
69
Ірі орташа
5,0
68
118
65
103
7,5
56
106
53
101
10,0
36
80
32
81
Ірі
5,0
64
123
61
108
7,5
56
110
50
106
10,0
36
92
32
95
¥сақ
5,0
52
110
54
97
7,5
44
82
38
96
10,0
22
59
19
48
тұқым  бөлігіндегі  далалық  өнгіштіктің  төмендеуі  мен  лабо- 
раториялық  жэне  далалық  өнгіштіктің  арасындағы  айырмашы- 
лықтың  себептерінің  бірі.  Тұқымдардың  физикалық  жэне  фи- 
зиологиялық қасиеттерінің әртектілігі олардың гүл шоғыры мен 
масақша  орналасқан  орынымен  түсіндіріледі,  сонымен  қоса 
гүл  шоғыры  (масақ,  сіпсебас)  сабақ  бітіктігінің  қай  қабатында 
қалыптасқанына  негізгі,  қуатты  дамыған,  немесе  шабан  оркен 
(подгон) сабақтарда -  байланысты.
Көптеген зерттеулермен ең ірі тұқымдар мен олардың жоғары 
себу сапасы сұлы мен тарыда сіпсебастың жоғары бөлігінде, кара 
бидай, бидай, арпада - масақтың орта бөлігінде, ал карақұмық, ас 
бұршак, ноқат, ноғатықта - төменгі бүршіктерде қалыптасатыны 
анықталды.
Тұқым  эртүрлі  сапалылығының  далалық  өнгіштігін  арттыру 
үшін,  ірілігіне  қарай  ең  жақсы  фракцияларды  іріктеу  арқылы 
бөліп алу және ұсақ эрі семген тұқымдарды аластату қажет.
5. 
Тұқымның  физиологиялық  піскендігі  далалык  онгіштікке 
айтарлықтай  эсер  етеді.  Биологиялық  тыныштық  кезеңін  өтпе-
72

V -/
ген  тұқымдарды  епске  паидаланғанда  олардың далалық  өнгіш- 
тігінің  айтарлықтай  төмендейтіндігі  байқалады.  Бұл  құбылыс 
күздік  астық  дақылдарын  жаңа  жиналған  тұқыммен  сепкенде 
және  жаздық  дэнді  дақылдарды  еліміздің  солтүстік-шығыс  ау- 
дандарында  тұқымның  толысуы  мен  пісу  кезеңінде  температу- 
расы  мен  ылғалдылығы  құбылмалы  ауа-райы  қалыптасқанда 
байкалады.
Топырақ  жагдайларының  тұқымның  далалық  өнгіштігі- 
не  әсері.
  Топырақтың  мәденилендірілген  жэне  кұнарлық  күйі, 
оның  механикалық  құрамы,  физикалық-химиялық  қасиеттері 
тұкымның  далалық  өнгіштігіне  барынша  эсер  етеді.  Әсіресе 
себу,  көктеу,  кезеңіндегі  топырақ  жағдайларының  (негізінен 
ылғалдылықпен,  температуралық  ережемен  жэне  топыырақ  аэ- 
рациясымен  байланысты)  әсерін  атап  өткен  дұрыс.  Тұқымның 
өнуі  мен  көктеуіне  қоршаған  ортаның  негізгі  факторларының 
(ылғал,  жылу,  ауа)  әсері,  жоғарыда  аталып  өткендей,  топырақ 
арқылы  іске  асады.  Сондықтан  тұқымның  танаптық  өнгіштігін 
арттырудағы  егістік  қабатының  оңтайлы  температурасын,  ыл- 
ғалдылығы мен аэрациясын білу өте маңызды.
Зерттеулерден  белгілі  болғандай  дер  кезінде  жаппай  жэне 
толық  егін  көгін  алу  үшін  топырақтың  тұқым  сіңірілген  қаба- 
тында  пайдалы  ылғал  қоры  жаздық  бидай  үшін  13-14  мм  жэне 
күздіктер үшін  11-12 мм болғаны абзал.
Түқым  сіңірілген  топырақ  қабатының  ылғалдылығы  төменгі 
ылғал  сыйымдылықтың  (ТЫС)  70%-нан  кем  болмауы  керек. 
Ылғалдылық  90%-дан  асып  кетсе,  онда  топырақтағы  ауаның 
жетімсіздігінен далалық өнгіштік төмендей бастайды.
Топырақтағы  ылғалдың тапшылығы тұқымның танаптық өн- 
гіштігін  күрт  төмендетеді.  Сілтілі  қара  топырақтарда  топырақ 
ылғалдылығы  17,05% болғанда бірен саран ғана егін көгі шықты, 
19% ылғалдылықта -  күздік бидай тұқымы 87,3% егін көгін бер-
%
ген,  ал  21%  жэне  одан  жоғары  ылғалдылықта  танаптық  өнпш-
тік 96-97% жеткен (  ).
Түқымның  көктеуіне  қажетті  температуралық  ереже  «Тұқы- 
мның  өнуі  жэне  егін  көгінің  пайда  болуы»  бөлімінде  баяндал- 
ған.  Бүл  жерде мынаны  атаған  жөн:  топырақтың тұқым  сіңіріл- 
ген  қабатында  жаппай  жэне  толық  егін  көгін  алуға  барынша
73

оңтайлы  температура:  астық  дақылдарының  бірінші  тобында  - 
16-18°С,  екінші  тобы  үшін  -  20-22  °С.  Тым  төменгі,  сол  сиякты 
тым  жоғары  температуралар  тұкымның  танаптык  өнгіштігін
төмендетеді. 
Щ  
••  к
Далалық өнгіштік кенеттен салқындап жэне ұзаққа созылған- 
да,  толассыз  ақ  жаңбырларда  және  сепкеннен  кейін  топырак- 
тың тығыздалуынан ерекше төмендеп кетеді.  Мұның бэрі  өскін- 
нің пайда болуын көп уақытқа дейін кешеуілдетеді.
Топырақтың  физикалық,  механикалык  қасиеттері  де  тұкым- 
ның  өнуі  мен  өсуіне  тікелей  де,  өсіп  келе  жатқан  өркендерге 
белгілі  кедергі  келтіріп,  жанама түрде де,  гопырактың  су,  жылу 
және ауа режімдерін өзгертіп эсер етеді.
Тұқымның  өнуі  мен  өркеннің  пайда  болуына  топырақтың 
егістік  қыртысының  тығыздығы  маңызды  рөл  атқарады.  Топы-
рак  қыртысының  өзгеруіне  қараи  оның  жылу,  су  жэне  ауа  ре- 
жімдері  де  өзгереді,  ал  бұл  өркеннің  пайда  болу  динамикасы 
мен  тұқымның  далалық  өнгіштігін  өзгертеді.  Қорытылған  де- 
ректер  бойынша  копшілік  далалық  дақылдар  үшін  орташа  саз- 
дақ  топырақтарда  ең  қолайлы  тығыздық  1,1-1,2  г/см3.  Мұндай 
тығыздықтағы  топырақта  тұқым  мен  топырақ  бөліктерінің  ка- 
бысуы, түйісуі жақсартады да өркендер біркелкі пайда болады.
Топырақ  тығыздылығының  өркендерге  эсерін  тексерген 
көптеген  зерттеушілер  топырақтың  егіс  қыртысының  ылғал- 
дылығы  төмен  болғанда  топырақты  тығыздау  жақсы  нәтиже 
беретіндігін  дэлелдеді:  соның  әсерінен  тұқымның  топырақпен 
түйісуі,  тұқымның топыраққа  сіңірілу  біркелкілігі,  олардың  су- 
мен  қамтамасыз  етілуі  жақсарады.  Топырақтың  қалыпты  және
мөлшерден  тыс  ылғалдылығында  тығыздықтың  қолаилы  мөл- 
шерден  жоғары  көтеру  өскіннің  пайда  болуын  бөгейді,  эрі 
өнгіштікті төмендетеді.  Сондықтан  топырақты тығыздаушы  құ- 
ралдармен  өндегенде  олардың  оған  эсер  ету  дәрежесін,  соны­
мен  қоса  қапыптасқан  ауа-райы  мен  топырақ жағдайларын  біл- 
ген жөн.
Топырақ құрамына эртүрлі түрлі қосылыстар түрінде көптеген 
химиялық  элементтер  кіреді,  олардың  салыстырмалы  мөлшері 
кең  шеңберде  озгереді.  Жоғары  концентрациялы  тұз  ерітінді- 
лері  тұқымның  өнуіне,  көктеуіне  және  танаптық  өнгіштікке
74

теріс  әсерін  тигізеді.  Бидай  басқа  астық дақылдарына  Караган­
да топырақ ерітіндісінің реакциясына өте  сезімтал, ал сұлы мен 
қара  бидай  тұқымдары  айтарлықтай  қышқыл  ортада  көбірек 
зардап шегеді.
Тұқымның  танаптық  өнгіштігін  микроорганизмдермен  кей- 
бір  арамшөп  өсімдіктерінің  (жабайы  шомыр,  кэдімгі  майда 
шөп жэне т.б.) олардың теріс әсері  әсіресе төменгі температура 
мен  жоғары топырақ ылгалдылығында күшейе түседі.  Топырақ 
токсиндерінің  ықпалымен  тамыршалар  қысқарады  жэне  май- 
ысады,  колеоптиле  жарақаттанады,  қысқарады,  эрі  өскіндер 
бұратылады.  Токсиндерден  төмен  сапалы  бидай  тұқымдары 
(жарақаттанған, астық кенесімен залалданган) жоғары сапалыға
Караганда көбірек зардап шегеді.
Топырақка  сіңірілген  тұқымдар  жэне  олардың  өркендері  әр- 
түрлі топырақ зиянкестерімен зақымдалады, мұның өзі далалық 
өнгіштікті  төмендетеді.  Бүл  орайда  сымқүрттар  (шыртылдақ 
коңыздың  личинкалары)  (жалған-сымқұрттар  -  қара  қоңыздың 
личинкасы)  өте  қауіпті.  Егер  бір  шаршы  метрде  8-ден  көп 
жоғарыда  аталған  коңыздардың  личинкасы  болса,  онда  олар 
көптеген  өсімдіктердің  далалық  өнгіштігі  мен  тірі  қалуын  тө-
мендетед і.
Сонымен  топырақ  жағдайлары  тұқымның  танаптық  өнгіш- 
тігіне  тұрақты  эсер  ететін  фактор  болып  табылады.  Оның  ық- 
палының  деңгейі  топырақтың,  су,  температура,  ауа  ережелері, 
микробиологиялық,  энтомологиялық,  физикалық-химиялық  қа- 
сиеттеріне тікелей  байланысты.  Тұқымның өніп  көктеуі мен та- 
наптық  өнгіштігіне  қолайсыз  жағдайлардың  әсерін  нақты  қа- 
лыптасқан жағдайға байланысты белгілі бір шараларды қолдана
отырып азайтуға болады.
Өсіру  жагдайлары  мен  агротехникалың  шаралардың  та- 
наптық өнгіштікке әсери
  Агротехникалық, экологиялық, мете- 
реологиялық жэне басқа жағдайлардың өзара күрделі  қатынасы 
тұқымның  танаптық  өнгіштігіне  эсер  етеді.  Агротехникалық 
жагдайлары  жогарылаган  сайын,  негұрлым  топырақ  қасиеттері, 
ауа  райы  жагдайлары  мен  тұқымның  көктетілуіне  қажетті  фак- 
торлары  толыгырақ  ескерілсе,  солғүрлым  тұқымның  танаптық 
өнгіштігі жоғары болады.
75

Көптеген  зерттеулер  көрсеткендей,  тұқымның  танаптық  өн-
Г
1
ШТ
1
П  алғы  дақылға,  топырақ  өңдеу  мен  тыңаитқыш  қолдану 
жүйесіне,  себу  мерзімі,  тұқымның  сіңіру  тереңцігі  мен  мөлше- 
ріне, егістікті күтіп-баптау шараларына байланысты өзгереді.
Дэнді  жэне  басқа  танаптық  дақылдарға  алғы  дақылды  тан- 
дағанда  алғы  дақылдардың  биологиялық  жэне  морфологиялык 
ерекшеліктерін, олардың топырақтағы су-ауа ережелеріне, арам- 
шөптермен ластануына,  микробиологиялық,  фитопотологиялық 
қасиеттеріне әртүрлі әсерлерін есте ұстаған дұрыс
ҚР  ауыл  шаруашылыгы  министрлігінің  «А.  И.  Бараев  атын- 
дағы  АШҒЗИ  ҒӨБ»  РММ-нің,  «С.  Сейфуллин  атындағы  АТУ»- 
нің,  облыстардың  ауыл  шаруашылыгы  тәжірибе  стансалары 
мен  сорт  сынау  телімдерінің  (учаскелерінің)  зерттеулері  бой-
ынша  жақсы  алғы  дақылдардан  кеиін  орналастырғанда  нашар
алғы  дақылдарға  қараганда  дәнді,  майлы  жэне  мал  азықтық 
дақылдардың  далалық  өнгіштігі  3-10%  жогары  болды.  Мәсе- 
лен,  жогары  да  аталған  университеттің  өсімдік  шаруашьшығы 
кафедрасының  көпжылдық  деректеріне  қарағанда  Саратов­
ская  29  жаздық  бидайының  далалық  өнгіштігі  сыдыра  жырт- 
қышты  сүр  танабында  62,5%,  сүріден  кейінгі  екінші  бидайда 
56,1%  болды  жэне  егін  өніміне  елеулі  түрде  эсер  етті.  Ақмола 
облысының  Шортанды  сорт  сынау  телімінде  жаздық  Саратов­
ская 29 бидайының егін көгінің толықтығы таза сүр жерде 79%, 
жүгеріден  кейін  71%.  Қатты  Харковская  46  жаздық  бидайында 
тиісінше -  64 жэне 63% болды.
М.  Қ.  Сүлейменовтың  көпжылғы  ғылыми  деректерінде  жаз- 
дық  бидайдың  егін  көгінің  орташа  көрсеткіші  сүрі  жерде  83%, 
ал жазықтілгішті сүдігерде 79% болды. Оның тұжырымы бойын- 
ша  зерттелген  сорттардың  егін  көгінің  толықтығында  айтар- 
лықтай айырмашылықтар байқалмаған.
Көпжылғы  байқаулар  көрсеткендей,  ғылыми  тәжірибелерде, 
өндірістік  егістіктерде  дэнді  астық  дақылдарынан,  көпжылдык 
шөптерден  кейін  орналастырғанда  жаздық  бидай  тұқымының 
далалық өнгіштігі төмендейтіні дәлелденді, бүл әсіресе өте құр- 
ғақшылықты жылдары ерекше байқалады.
76

Мезгілінде  жэне  толық  егін  көгін  алуда  топырақты  себу- 
ге  сапалы  дайындаудың  маңызы  зор.  Топырақты  өңдеу  оның 
гидротермиялық  жэне  ауа  ережелеріне  айтарлықтай  эсер  етеді. 
Топырақты  негізгі  өңдеу  тереңдігі  мен  егіннің  көктеуіне  үлкен 
ыкпал  етеді.  Көптеген  ғылыми  мекемелердің,  өндірістік  іссана- 
ның көпжылдық деректеріне қарағанда топырақты аудара жырту- 
ды жазықтілгішті өңдеумен алмастырғанда  топырақ жел эрозия- 
сынан қорғалады, топырақ жэне атмосфералық жауын-шашынды 
тиімді  пайдаланудың  нәтижесінде  дэнді  дақылдардың  жаппай 
егін  көгі  қалыптасады,  соңынан  мол  өнім  жинауға  мүмкіндік 
жасалады.  Мұнда  жиі  түрде  сүдігерді  жазықтілі іштермен  саяз 
өңдеу  ылғалдың  жақсы  сақталуын,  жаздық  бидай  мен  басқа 
дақылдардың толық егін көгін алуды қамтамасыз етеді.
Себу  алдындағы топырақ  өңдеу,  борпас  жэне түқым  орнала- 
сатын тығыз төсеніш қабат жасайды. Еліміздің эртүрлі топырақ- 
климат  аймақтарында  жүргізілген  зерттеулерге  қарағанда  себу 
алдындағы топыракты тығыздау түқымның танаптық өнгіштігіне 
он  эсер  ететінін  көрсетті.  Тығыздаудың  нэтижесінде  жоғары 
себу  қабатына  қарай  ылғалдың  капиллярлы  жылжуы  жүреді, 
топырақ  жақсы  қызады,  тегістеледі  жэне  осылар  тұқымның 
біркелкі  тереңдікке  сіңірілуін  қамтамасыз  етеді  де  жаппай  егін 
көгін  береді.  Себу  алдындағы  тығыздау  әсіресе  жеңіл,  нашар 
тығыздалған топырақта жэне үсақ түқымды дақылдарды сепкен-
де өте тиімді.
Ең  қолайлы  агротехникалық  мерзімде  себу  -  тұқымның  да- 
лалық  өнгіштігін  арттырудың  басты  шарттарының  бірі.  Себу 
мерзімі  дақылдардың  биологиялық  ерекшеліктеріне,  сонымен 
қатар  температура  мен  егілетін  топырақ  қыртысының  ылғал- 
дылығына  байланысты.  Сепкен  уақыт  пен  өркеннің  пайда  бол­
тан  кезеңіндегі  топырақ  пен  ауаның  температурасы  арасында 
тура тәуелділік бар.  Ал тұқымның топырақта жатқан мерзімінің 
ұзақтығы  мен  оның  далалық  өнгіштігінің  арасында  кері  қаты- 
нас  байқалады.  Мәселен,  оңтайлы  (оптималды)  уақыттан  ерте, 
қызбаған,  салқын  топыракка  сепкенде  тұқымдар  бөртеді,  бірақ 
сылбыр  енеді,  өркеннің  пайда  болу  уақыты  созылады.  Мұндай 
егістіктер  арамшөптермен  ластанады,  тұқымның  далалық  өн- 
гіштігі қатгы төмендейді.
77

Орта  есеппен  9  жылда  Ақмола  облысы  жағдайында  жаздык 
бидайдың  танаптық  өнгіштігі  5-мамырда  себілгенде  -   76%,  20 
мамырда  -  80%  жэне  5-маусымда  -  77%  болды.  Ал  Қостанай 
облысында  аталған  мерзімдерде  себілгенде  -   тиісінше  -   77,  86 
жэне 76%-ды құрады.
Павлодар  облыстық  ауыл  шаруашылыгы  тәжірибе  станса- 
сының  зерттеулерінде  қарақұмықтың  себу  мерзімі  тұкымның 
танаптық  өнгіштігіне,  себуден  егін  көктегенге  дейінгі  кезең 
ұзақтығы,  егіннің ластану деңгейі  мен  астық өніміне  айтарлык- 
тай эсер етті (4-ші кесте).
4-ші  кесте.  Қарақұмықтың  себу  мерзімінің  тұқымныц  танаптык 
өнгіштігіне,  себу-көктеу  кезеңінін  ұзақгығына,  егіннің ластануы  мен 
астық өніміне әсері (Б. А. Мұстафаев, 2003)
Себу мерзімі
Танаптық
өнгіштік,%
Себуден 
көктеуге 
дейінгі тәулік 
саны
Егінді жинау 
алдындағы 
арамшөптер 
саны, м2/дана
Астық өнімі 
ц/га
25 мамьф
66,6
13
173
9,7
30 мамыр
74,2
11
110
12,5
5 маусым
75,7
8
81
12,8
10 маусым
74,4
10
54
11,7
Ерте  себілген  тұқымның  далалық  өнгіштігінің  азаюы,  ұзақ 
уақыт  салыстырмалы  төмен  температураның  (+14,5°)  эсерінен, 
ал  кеш  себілгенде  - топырақтың  беткі  қыртысының  кеуіп  кетуі- 
нен болады.
Ақмола облысының  қара-қоңыр топырақтарында  С.  Сейфул- 
лин  атындағы  ҚазАТУ-  нің  өсімдік  шаруашылыгы  кафедрасы- 
ның  жүргізген  зерттеулерінде  тарының  егін  көгінің  жиілігі  20 
жэне  30  мамырда  себілгенде  тыңайтқыш  енгізілген  танапта 
тыңайтқыш  енгізілмегенге  қарағанда  анағұрлым  жоғары  бол­
ды жэне мол астық өнімін қалыптастырды.
Егіс нормасы мен себу әдісі де эртүрлі далалық өнгіштік көр- 
сеткішіне экеліп согады.
Себу жиілігі соған сәйкес  (қоректену алаңы) өсімдік тіршілі- 
гінің  алғашқы  күндерінен-ақ  эсер  ете  бастайды.  С.  Сейфуллин

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет