Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075)



бет32/33
Дата25.12.2016
өлшемі11,49 Mb.
#4420
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

- дыбыс бұзылуын модельдеу.

АЖ: - дыбысты қоюға дайындау мақсатымен артикуляциялық жаттығу

кешенін іріктеу.

- айна алдында артикуляциялық жаттығуларды орындау.

- студенттердің АЖ іріктеу және орындауында қателерін табу,

оларға негіздеме беру.

ДҚТ: Дыбыс қою үшін ең тиімді тәсілді атап көрсету:

а) еліктеу арқылы

б) механикалық

в) аралас

г) сақталған дыбыстан

д) артикуляцияны бөліктерге бөлу.

ДЖА: Дыбысты жеке айтуын қалыптастыру және бекіту.

- дыбысты жеке айтуын машықтандыруға арналған ойын тәсілдерін

іріктеу.

- үнсіз артикуляция бойынша логопед қандай дыбысты айтқысы

келді, соны сезу.

- аталған сөздердің басында қандай дыбыс естіледі (бала тек бірінші

дыбысты атайды.

- осы тапсырманы орындаған кезде қандай міндеттер шешіледі?

- дыбысты қою кезеңінің логопедиялық сабақ үзіндісімен танысып,

қолданған тәсілдерін талдау.



    • дыбысты қою кезеңінің сабақ конспектісін құру.

Тақырыбы: «Ш-Ж дыбыстары».


Сабақ үзіндісімен танысып, алгоритм бойынша оның орнын анықтаңыздар.

Сабақ үзіндісі

Тақырыбы: «Ш дыбысы мен әрпі»


Логопед: Маған қарашы. Мен қай дыбысты айтқым кеп тұр? (дыбыстың үнсіз артикуляциясы).

Бұл дыбысты айтқан кезде ерін, тіс, тіл қандай қалыпта болатынын есіңе түсір.


Сабақ үзіндісі

Логопед: Екеуміз «Жаңғырық» ойынын ойнайық. Мен буындарды ақырын айтамын, ал сен оларды қатты дауыспен қайтала ( ша, шо, шу, аш, ош, уш)



Сабақ үзіндісі

Логопед: Алдыңда жатқан суреттерді дұрыс таратып бер. Тышқанға «Ш» дыбысымен, ал қонжыққа –«Ж» дыбысымен.


Логопедиялық сабақтар жоспарының үлгілерімен танысыңыздар.

РИНОЛАЛИЯ
1. Ринолалияға сипаттамасын айтып үш қырынан: медициналық, педагогикалық, психологиялық жағынан анықтама беріңіздер:

2. Ринолалиядағы сөйлеу тілі процесінің этиологиясын, симптоматикасын, механизмін ашып көрсету.

3. Ринолалиясы бар балалар тұлғасының ерекшеліктерін сипаттаңдар.

4. Осы сөйлеу тілі бұзылысының дислалия және ринофониядан айырмашылығын көрсетіңдер.

5. Ринолалияны жоюдың әдістемелерін (А. Г.Ипполитова, И. И. Ермакова) сипаттап беріңдер.

6. Ринолалиясы бар балаларды медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтудың негізгі бағыттарын атаңдар.



Тәжірибелік тапсырмалар

1. Ринолалиясы бар бала туралы анамнезді жинау үшін сұрақтар тізімін

дайындап, жұмыс дәптеріне жазу.

2. Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің просодикалық жағын тексеруге арналған тапсырмаларды дайындап жұмыс дәптеріне жазу. Сұраққа жауап беру: «Ринолалиясы бар баланы тексергенде просодиканың қандай ерекшеліктеріне назар аудару қажет?».

3. Ринолалиясы бар баланың артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысын тексеруге арналған тапсырмалар тізімін дайындап жұмыс дәптеріне жазу. Сұраққа жауап беру: «Ринолалиясы бар баланы тексергенде артикуляциялық аппарат құрылымының және қозғалысының қандай ерекшеліктеріне ерекше назар аудару қажет?»

4. Субмукозды (кілегей асты) жарықшақтықты айқындау тәсілдерін іріктеп жұмыс дәптеріне жазу.

5. Ринолалиясы бар оқушылардың жазуындағы қателер мысалдарын келтіріп, олардың пайда болу себептерін түсіндіру.

6. Ринолалиясы бар балалардың биологиялық есту қабілетінің не себептен төмен болатынын дәлелеу.

7. Ринолалиясы бар балалардың көбінің фонематикалық түсініктері неліктен кешігіп қалыптасатынын дәлелдеу.

8. Кестені толтыру.


6-кесте. Ринолалиядағы бұзылыстардың сипаты.


Ринолалия түрлері

ОЖЖ органикалық зақымдануы

Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің органикалық зақымдануы

ОЖЖ функциональді бұзылысы

Сөйлеу аппаратының шеткі бөліміндегі функциональді бұзылыс

Ашық органикалық ринолалия













Функциональді ашық ринолалия













Функциональді жабық ринолалия













Органикалық жабық ринолалия















  1. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын атау:


1-тапсырма

Ринолалияда артикуляция аппаратының құрылымындағы маңызды болып есептелетін ақаулық:



  1. прогения

  2. прогнатия

  3. қатты таңдай жарықшағы

  4. тіл асты желбезегінің қысқалығы

  5. тілдің көп қозғалмайтындығы


2-тапсырма

Ринолалияға тән емес себеп:



  1. мұрын қуысындағы полиптер

  2. жұмсақ таңдай жарықшағы

  3. субмукозды жарықша

  4. икемсіз, жіңішке тіл

  5. жоғарғы еріннің жарықшағы


3-тапсырма

Жабық ринолалияның пайда болуында маңызды фактор:



  1. субмукозды жарықша

  2. увуляның екіге бөлінуі

  3. мұрын қуысындағы аденоидтер

  4. жұмсақ таңдай жарықшағы

  5. ерін жарықшағы


4-тапсырма

Ашық ринолалияның себебі:



  1. мұрын қалқасының қисаюы

  2. біржақтың тесік жарықшағы

  3. мұрын қуысындағы полиптер

  4. аденоидтер

  5. жіңішке, көп қозғалмайтын тіл


5-тапсырма

Органикалық жабық ринолалияға себеп болмайды:



  1. аденоидттің өсуі

  2. полиптер

  3. жұмсақ таңдай парезі

  4. мұрын қалқасының қисаюы

  5. сыртқы мұрындағы ісіктер


6-тапсырма

Ашық ринолалияға себеп болмайды:



  1. жұмсақ таңдайдың қысқаруы

  2. қатты таңдайдың жарықшағы

  3. жұмсақ таңдайдың жарықшағы

  4. субмукозды жарықша

  5. мұрын-жұтқыншақтың ісіктері


7-тапсырма

Ашық ринолалияға себеп болатын механизмді ата:



  1. жіңішке тіл

  2. тілді ауыз қуысының түбіне жылжытуы

  3. жұмсақ және қатты таңдай құрылымындағы ақаулықтар

  4. тілдің түбінің жоғары орналасуы

  5. прогения

8-тапсырма

Ринолалиясы бар баланың сөйлеу тіліне тән:



  1. сөйлеу тілінің анықсыздығы

  2. импрессивті сөйлеу тілі қалыпты дамиды

  3. сөйлеу тілі кеш дамиды

  4. дауысты дыбыстар дұрыс айтылады

  5. дауыссыз дыбыстар мұрынмен айтылады


9-тапсырма

Ринолалиясы бар баланың сөйлеу тіліне тән емес:



  1. «к-г» дыбыстары айтылмайды немесе жарылып шығады

  2. ерін және ерін-тістік дыбыстар «м» дыбысына жуық дыбыстарға ұқсас болады

  3. экспрессивті сөйлеу тілінде сапалы өзгерістер болады

  4. дауысты дыбыстар әлсіз артикуляциямен сипатталады

  5. дыбыстардың жеке топтары бұзылған

10. Операцияға дейінгі кезеңде ринолалиясы бар баламен жұмыс жүргізудің қажетті екенін дәлелдеу.

11. Тәжірибелік тапсырманы орындау:
Тәжірибелік тапсырма

Міндеттердің ішінен төмендегілерге қатысты міндеттерді тандаңдар:

а) ринолалиясы бар баламен операцияға дейінгі кезеңге,

ә) операциядан кейінгі кезеңге:

1. Естіп бақылау және фонематикалық қабылдауын дамыту

2. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын қалыптастыру

3. Сауатын ашу

4. Артикулеманы қалыптастыру

5. Таңдай пердесін белсенділеу
12. Ринолалияда дыбыстармен жұмыстың кезектілігін жазу.

13. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын атау:


10-тапсырма

Ашық ринолалияны түзетуде қолданбайтын логопедиялық жұмыстың қағидасын ата:



  1. физиологиялық тыныс алуды қолдану қағидасы

  2. артикуляциямен тыныс алуды бір уақытта қалыптастыру

  3. кешенділік қағидасы

  4. сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуын басынан бастап

қалыптастыру

  1. дыбыстар бойынша жұмыстың кезектілігі дыбыстардың артикуляциялық базасының дайындығына байланысты болады.


11-тапсырма

Ринолалияда түзету-педагогикалық іс-шаралардың дайындық кезеңіне тән емес жұмыс ерекшеліктері:



  1. артикуляция мен тыныс алуды бір уақытта дамыту

  2. дыбыстарды айтқан кезде баланы естіп бақылауына максимальді түрде назарын аудартпау

  3. жаңа жаттығуды меңгеру алдында меңгерген жаттығулар кешенін үнемі қайталап отыру

  4. дисграфияның алдын алу

  5. ауыз арқылы дұрыс тыныс алуын қалыптастыру


12-тапсырма

Операцияға дейін ринолалиясы бар баламен түзету-педагогикалық іс-шаралардың негізгі кезеңіндегі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері:



  1. өз дыбыс айтуын саналы түрде естіп бақылау (қадағалау)

  2. үйреніп жатқан дыбыстардың әріп таңбаларын еңгізу

  3. баланың естіп бақылауына назарын аудартпау

  4. дыбыстарды машықтандыру және ажырату

  5. дисграфияның алдын алу


13-тапсырма

Ринолалиядағы операциядан кейінгі логопедиялық жұмыс неге бағытталған:



  1. ұсақ моториканы жетілдіруге

  2. жалпы моториканы жетілдіруге

  3. дыбыс айту дағдыларын жаңа жағдайда бекітуге

  4. дұрыс диафрагмальді тыныс алуын жетілдіруге

  5. ауыз арқылы қысқа тыныс алуын дамытуға



14-тапсырма

Берілген жаттығулардың қайсысы таңдай пердесін белсендіру үшін қолданылады:



  1. еріндер жымияды

  2. жалпақ тіл

  3. есінеу

  4. тілді тақылдату

  5. сағат


15-тапсырма

Берілген жаттығулардың қайсысы таңдай пердесін белсендіру үшін қолданылмайды:



  1. өз бетінше жөтелу

  2. есінеу

  3. суды шағын жұтымдармен жұту

  4. науа

  5. басты шалқайтып тамақты шайқау


16-тапсырма

Түзету-педагогикалық іс-әрекетте ауыз және мұрын арқылы тыныс алуды ажырату үшін қолдануға болатын жаттығу:



  1. тілдің ұшына үрлеу

  2. жіңішке қағаз жолақшасына үрлеу

  3. мұрын арқылы ауа алып, ауыз арқылы шығару

  4. мамықты үрлеу

  5. резеңке допқа белсенді түрде үрлеу


17-тапсырма

Операцияға дейінгі кезеңде жұмыстың қай түрін қолдануға болмайды:



  1. «Шамды үрлеп өшір»

  2. жұмсақ таңдай массажы

  3. стақанға үрлеу

  4. «Кімнің добы әрірек ұшады»

  5. «Допты қақпаға кіргіз»


18-тапсырма

Жабық ринолалияны жоюдағы жұмыс түрлерін қажетті кезектілікте орналастыр:



  1. ом, ам, эм, ум буындарымен жұмыс

  2. мұрын арқылы айтылатын дыбыстардың сөз соңында айтылуын үйрету (там, қалам).

  3. «м» және «н» дыбыстары бойынша жұмыс

  4. мұрын, ауыз арқылы тыныс алуды ажырату

  5. хирургиялық көмек

  6. ма, мо, ми, мэ буындарымен жұмыс.


ДИЗАРТРИЯ

1. Дизартрияның әр түрлі формаларының этиологиясын және патогенезін сипаттау.

2. Мидың локальді бұзылуын ескере отырып дизартрияның клиникалық көрінісіне сипаттама беру.

3. Дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін сипаттау.

4. МДБ (минимальді дизартриялық бұзылыс) анықтама беру, көрінісін сипаттап беру.

5. Дизартрия мен дислалияның дифферинциалды диагностикасының негізгі міндеттері мен принциптерін ашып беру.

6. Дизартриясы бар балаларды тексерудің мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін сипаттау.

7. Дизартрия кезінде түзету жұмысының негізгі бағыттарын сипаттау.

8. Дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзетуінің ерекшеліктерін ашып беру.

9. Сал бұлшық еттерін белсендіруге арналған массаж тәсілдерін ашып айту.

10. Спастикалық бұлшық еттерін босансытуға арналған массаж тәсілдерін ашып айту.

11. Массаждың әсерінің механизмін түсіндіру.

12. «Еңжар, белсенді-еңжар, белсенді гимнастика» деген ұғымды ашып айту.

13. Дизартрия кезінде арнайы логопедиялық гимнастиканың міндетін түсіндіру.


Тәжірибелік тапсырмалар
1. Анамнез мәліметтерін талдап, қорытынды шығару.
1-үзінді

Сөйлеу статусі


Гуілдеу қай кезде пайда болды? 4,5 айда

Былдыр қай кезде пайда болды? 6-7 айда

Бірінші сөздері шыққан кезі? 2 жастан кейін

Фразалық сөйлеу тілі қалыптаса бастаған кезі? 5 жасқа таяу.

Қорытынды::
2-үзінді

Моторлы аясының дамуы.

Басын қашан ұстай бастады? 3-4 айында

Қашан отыра бастады? 6-6,5 айында

Қашан жүре бастады? Көмекпен 4 жасынан бастап.
Қорытынды:
3-үзінді

Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары: бала өз бетінше киіне алмайды, аяқ қиімінің бауын байлай алмайды, қолына қасық, кесені әзер ұстайды.

Қорытынды:

2. Дизартрияның көмескі түрі мен дислалияны ажыратуға арналған сынақтар қатарын іріктеп, дәптерге жазу.

3. Дизартриясы бар балалардың жалпы моторикасын дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеп, дәптерге жазу.

4. Дизартриясы бар балалардың ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеп, дәптерге жазу.

5. Дизартриясы бар балалардың артикуляциялық моторикасын дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеп, дәптерге жазу.

6. Дизартриясы бар балалардың стереогнозын және конструктивті праксисін дамытуға бағытталған тапсырмаларды ойлап, дәптерге жазу.

7. «Рефлексті болдырмайтын қалпының» бірнеше түрлерін іріктеп, дәптерге жазу.

8. Тәжірибелік есептерді шешу.



1-тапсырма

Тексеру барысында логопед мұрын-ерін және маңдай қатпарларларына, көз саңылауына назар аударады. Бас сүйек ми жүйкесінің қандай қызметі (функциясы) тексеріліп жатқанын анықтаңдар.


2-тапсырма

Логопед баладан «сағат», «ине», «дәмді тосап» жаттығуларын жасауын талап етеді. Бас сүйек ми жүйкесінің қандай функциясы тексеріліп жатқанын анықта.

3-тапсырма

Балаға ұртыңды үрле, ерніңді алдыға соз, қабағыңды түй деп тапсырма беріледі. Осы тапсырмалардың мақсаты қандай?


4-тапсырма

Дизартриясы бар балаға артикуляциялық жаттығуларды көзін жұмып тұрып жасағанды ұсынады. Бұндай тапсырмаларды қолдану қажеттілігін дәлелде.


5-тапсырма

Дизартрия кезіндегі дыбыстармен жұмыстың кезектілігін анықта.

а) С,З,Х,К,Г; в) У,О,Ф,В,Б,Т,Д,П;

б) А,Э,М,Н; г) Ш,Ж,Л,Р.



6-тапсырма

Аталған міндеттердің арасынан дизартрияға шалдыққан балалармен жүргізілетін жұмыста қажетті міндеттерді атаңдар.




  1. дұрыс ауа ағымын қалыптастыру;

  2. мұрын және ауыз арқылы тыныс алуын ажырату;

  3. ұзақ дем шығаруды дағдыландыру.

9. Кесте толтыру.


7-кесте. Дизартрияның белгілері.


Дизартрия түрлері

Белгілері




Ерін қимылда-рының бұзылуы

Гиперки-нездер

Спастикасы бар болуы

Бұлшық ет тонусы

ауыспалы болуы



Атония, атрофия,

арефлексия



Еркін ж/е

еріксіз


қимылда-рының

бұзылуы


Сопақша ми



















Жалған сопақша ми



















Ми қыртысы асты



















Мишық



















Ми қыртысы


















10. Графикалық түрде жазу.

______ Дислалия

^ Дизартрия




  1. Дыбыс айтуын машықтандыру ұзаққа созылады. Бірден дыбысты таза айтуын талап етпейміз.

  2. Дыбыс қою кезінде механикалық көмекті жиі талап етеді.

  3. Логопед бір сабақта әр түрлі артикуляциялық топтың бірнеше дыбыстарымен жұмыс істейді.

  4. Артикуляциялық жаттығуларды орындаған кеде бала бір қалыптан басқа қалыпқа жақсы ауысады.

  5. Парез, гиперкинездері бар неврологиялық белгілері жақсы көрінеді.

  6. Баланың физикалық дамуында ауытқулары айқын байқалады.

11. Жауаптың дұрыс нұсқасын тап.


1-тапсырма

Дизартрияға тән сөйлеу тілі бұзылуының белгілерін атаңдар:

A) сөйлеу тілінің барлық компонентерінің бұзылуы

B) дыбыс айтуының бұзылуы

C) дыбыс айтуы, просодикасы, дауысының бұзылуы

D) сөйлеу тілінің ырғақтылығы мен әуезділігінің бұзылуы

E) оқу мен жазудың бұзылуы
2-тапсырма

Дизартрияны болдырмайтын факторлар:

A) резус- конфликт (қарама-қайшылық)

B) асфиксия

C) артикуляциялық апараттың құрылысының кемістігі

D) БЦП


E) жукті кездегі ананың инфекциялық аурумен ауруы
3-тапсырма

Мишық дизартрияда бұзылатын:

A) постцентральды орталықтар

B) қыртыс асты ядролар

C) жуп нерв жүйелері

D) мишық ядролары

Е) пирамидалық жолдар
4-тапсырма

Дизартрияның этиологиясы:

A) ОНЖ (орталық нерв жүесінің) функциясының бұзылуы

B) сөйлеу аппаратының шеткі бөлігінің органикалық зақымдалуы

C) ОНЖ органикалық бұзылуы

D) сөйлеу моторикасының функциясының бұзылуы

E) артикуляциялық аппаратының құрылысындағы ақаулықтар

5-тапсырма

Дизартрияның барлық түріне тән клиникалық белгілер:

A) ерікті қимыл- қөзғалысының бұзылуы

B) бұлшық еттердің тонусының бұзылуы

C) сөйлеу аппараттының спастикалық орталық параличі

D) атрофия

E) арефлексия


6-тапсырма

Бульбарлы дизартрияға тән белгілер:

A) гипертония

B) атония

C) гиперрефлексия

D) ерікті қимыл –қөзғалыстың бұзылуы

E) тілдің ортасы көтеріңкі, артқа қарай жылжыған, ширыққан

7-тапсырма

Псевдобульбарлы дизартрияға тән белгілер:

A) гипертрофия

B) атония

C) ерікті, еріксіз қимылдың бұзылуы

D) ауыз ашық, тілдің қимылы шектелген

Е) атрофия
8-тапсырма

Ми кыртысы дизартрияға тән белгілер:

A) дауыс әлсіз, қырылдап шығады

B) дауысты дыбыстар, “Э” дыбысына ұқсап айтылады

C) артикуляциясы курделі дыбыстардың айтылуы бұзылады

D) дауысты дыбыстардың артикуляциясы артқа қарай жылжыған

E) сөздің буындың құрамы бұзылады, сөйлегенде тоқтап, сөз үзіліп отырады
9-тапсырма

Дизартрияның негізгі белгілеріне жатпайтын:

A) дыбыс айтуы мен фонациясының бұзылуы

B) бұлшық еттердің тонусының бұзылуы

C) артикуляциялық аппараттың қимыл – қөзғалысының бұзылуы

D) еріксіз қимыл – қөзғалыстар (гиперкинез)

E) оқу мен жазуының бұзылуы

10-тапсырма

Дизартрияның қандай түрінде демалу, дауыс шығару артикуляцияның

бірдей синхронды жұмыс жасауы бұзылады:

A) бульбарлы Д

B) псевдобульбарлы Д

C) мишық Д

D) ми қыртысы

E) қыртыс асты



11-тапсырма

Псевдобульбарлы дизартрияны түзету жұмысының қай кезеңінде сілекей ағуын тоқтатуға бағытталған жұмыс жүргізіледі:

A) дайындың кезеңі

B) негізгі кезең

C) сөйлеу дағдыларын машықтандыру бекіту

D) сауат ашуға дайындық

E) байланыстырып сөйлеуін дамыту
12-тапсырма

Дизартрияның көмескі түрінде логопедиалық жұмысты жүргізбеуге болатын бағыт:

A) дыбыс айтуын түзету

B) гиперкинезінен айықтыру

C) сөйлеу тілінің просодикалық жағын қалыптастыру

D) фонематикалық қабілетін дамыту

E) қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту
13-тапсырма

Моторлы афазиямен шатастыратын дизартрияның түрі:

A) бульбарлы (сопақша ми)

B) псевдобульбарлы (жалған сопақша ми)

C) экстропирамидалды

D) мишық


E) қыртыс асты
14-тапсырма

Дизартрияның анықтамасы:

A) сөйлеу аппартының анатомиалық физиологиялық ақаулығының салдарынан дыбыс айту мен дыбыстың әуездігінің бұзылуы

B) сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігіне байланысты дыбыс aйтуы ырғақтылығы, дем алу, дауысының бұзылуы

C) сөйлеу тілінің сөз қоры мен грамматикасы сақталғанда дыбыс айтуының бұзылуы

D) сөйлеу тілінің жалдамдылығы мен ырғақтылығының бұзылуы

E) сөйлеу тілінің мүлдем дамымауы
15-тапсырма

Осы структураның бұзылу салдарынан сопақша ми дизартрия пайда болады:

A) Вернике орталығы

B) ми қыртысы ядроларының бұзылуы

C) жуп нерв жүйелерінің ядроларының бузылуы

D) мишық ядроларының бұзылуы

E) пирамидалық жолдың бузылуы
ТҰТЫҚПА


  1. Тырыспалық емес сипаттағы сөйлеу тілінің темпін және ырғағын сипаттау (брадилалия, тахилалия, т.б.).

  2. Тырыспа сипатындағы сөйлеу тілінің темпін және ырғақтың бұзылуын сипаттау - тұтықпа.

  3. Тұтықпаның патогенетикалық механизмін ашып көрсету.

  4. Тұтықпаның этиологиясын сипаттау.

  5. Тұтықпа формасын және түрін сипаттау.

  6. Тұтықпаға қазіргі көзқарасты сипаттау.

  7. Тұтықпаны жоюдың кешенді (комплексті) әдістерін ашып көрсету.

  8. Тұтықпаның симптоматикасын анықтау.

  9. Тұтықпасы бар адамды тұлға ретіндегі тәрбиелеу қажеттілігін негіздеу.

  10. Тұтықпаны алдын алу негізгі бағыттарын ашу және керектігін негіздеу.

  11. Тұтықпасы бар балаларды тексеруінің мазмұнын және ерекшеліктерін ашу.

  12. Тұттықпаны түзету бойынша әдістемелерді атау және оның түрлілігін түсіндіру.

  13. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалармен логопедиялық жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін көрсету.

  14. Тұтықпасы бар мектеп жасындағы балалармен логопедиялық жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері.

  15. Тұтығатын жасөспірім және ересектермен логопедиялық жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін көрсету.

  16. Тұтықпасы бар балалар үшін арнайы балабақша бағдарламасының негізгі бөлімдерін атау.


Тәжірибелік тапсырмалар

І. Тұтықпа түрін анықтау:

а) Бұзылыстың психогендік негізгі бар; тұтықпа – қалыпты сөйлеу тілі онтогенезі фонында байқалады. Клиникалық көрінудің психогендік факторға тәуелділігі байқалады.

Тұлғаның сөздік кемістікке деген реакциясы бар.

б) Орталық жүйке жүйесінің ерте диффуздық зақымы байқалады; сөздік онтогенездің кейбір кешеулдеуі; тұтықпаның біртіндеп басталуы.

Сөйлеу тілінің бұзылысының монотондығы, бірқалыптылығы, оның сыртқы жағдайдан аз тәуелділігі. Тұтықпаның дыбыс айтудың бұзылысымен жиі сәйкестенуі. Тұлғаның сөйлеу тілі кемістігіне деген реакциясының төмен болуы. Клиникалық сипаттауда ОЖЖ-ң органикалық жетіспеушілігінің белгілерінің болуы.


ІІ. Графикалық жазу:

___ Невротикалық тұтықпа
^ Невроз тәріздес тұтықпа
а) Тұтықпа психогенді-реактивті түрінде басталады;

б) Сөйлеу тілі дамуының, жалпы моторикасының кеш дамуы тән;

в) Тұтықпа көбінесе біртіндеп басталады, сөйлеу тілінде сөз тіркестері қалыптасқан кезде байқалады;

г) Сөйлеу тілінде сөз тіркестеріні ерте байқалады;

д) Алғашқы сөз бір жастан кейін пайда болады, сөз тіркесі 2-2,5 жаста қалыптасады, сөз қоры баяу толықтырылады.

ІІІ. Тұтығатын баланың анамнезін жинауға арналған сұрақтарды келесі бағыттар бойынша тұжырымдап, дәптерге жазу:

- ананың жүктілігінің өтуі және босануы;

- балада сөйлеу функциясының қалыптасу сипаты;

- моторлы сферасының дамуының сипаты;

- ауырған аурулары;

Ұсынылған сұрақтарды негіздеп беру.

ІV. Келесі педагогикалық міндеттерді шешу:


1-педагогикалық тапсырма

Тұтығатын баланы зерттеуде логопед мынандай тапсырмаларды қолданды. 3-5 бөліктен тұратын суретті құрастыру, суреттер топтамасын кезектілікпен қою, не өзгергенін табу, т.б.

Тапсырманың қандай мақсаттеп қолданады?
2-педагогикалық тапсырма

Логопед тұттығатын баланың сөйлеу тілін мына кезектілікпен

тексереді: өз бетімен сөйлеуі (спонтанная речь), сурет бойынша әңгіме құрастыру, таңдаған мәтінді айту, логопедтің артынан қайталау, логопедпен қоса айту, сыбырлап айту.

Логопедтің әрекетімен келісесіңдер ме?

Көзқарастарыңды негіздеңдер.

V. Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың сөйлеу картасының үзіндісін талдау:

а) Тексеру барысында дидактикалық қағидаоардың жүзеге асуын нақты мысалда көрсету;

б) Тұтықпаның шығу ерекшеліктерін анықтау үшін қолданған тәсіл мен әдістерді атау.

VI. Логопедиялық зерттеу хаттамасын «Анамнез», «Жалпы дамуы», «Жалпы және артикуляциялық моторикасының жағдайы» бөлімдер бойынша құру.

.

VII. И.И.Руденконың мақаласы бойынша хабарлама дайындау. («Сөйлеу кемістігі бар мектепке дейінгі балалармен логопедиялық ритмика»). [Коррекционная педагогика 2005, №1]


VII. Педагогикалық міндеттерді шешу:
1-педагогикалық тапсырма

Сабақ үзіндісі бойынша әдістеменің авторын анықтау.

Логопед: - Сен не істеп жатырсың?

Бала: - Мен жалаушаларды жабыстырып отырмын.

Логопед: - Ал сен, Сауле, не істеп жатырсың?

Бала: - Мен де жалаушаларды жабыстырып жатырмын.

Логопед: - Ал сен, Асхат, не істеп жатырсың?

Бала: - Мен көк жалаушаларды жабыстырып жатырмын.


2-педагогикалық тапсырма

Сабақ үзіндісі бойынша тұтықпаны түзету әдістемесін анықтау:

Логопед: - Тыңдаңдар, сосын артынан қайталаңдар, мен еденнен допты көтердім.

Бала: қайталайды

Логопед: - Бұл доп – ашық көк түсті

Бала: қайталайды.


3-педагогикалық тапсырма

Логопед В. И. Рожденственскаяның әдістемесі бойынша сабақ

жүргізеді. Бірінші сабақтан спонтанды сөйлеу тілін жаттықтырады. Логопед дұрыс жасады ма?
4-педагогикалық тапсырма

Сабақ С. А. Миронованың әдістемесімен жүргізіледі.

Екінші сабақта логопед бір балаларға бір құрамды жауаппен, басқаларға – екі құрамды жауаппен жауап беруін талап етеді.

Талдаңдар.


5-педагогикалық тапсырма

Логопед М. А. Чевелева әдістемесі бойынша сабақ жүргізеді.

- босансу жаттығулары;

- тыныс алу жаттығулары;

- дауыс жаттығулары;

- сөздік жаттығулар (сөз бен қимылды үйлестіруге арналған);

- сөздік үстел үсті ойындары, мәтінді айту.

Сабақтың үзіндісін талдап, қорытынды жасау.




  1. Кестені толтырыңдар.



8-кесте. Мектепке дейінгі тұтықпа балалардаы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының мазмұны.


Квартал

Сөйлеу тілі түрі

Көрнекілік

1 квартал

2 квартал

3 квартал

4 квартал








Х. Тұтығатын балалар үшін арнайы балабақшаның бағдарламасынан әр кварталдың міндетін және мазмұнын жазып алу.

ХІ. Тұтығатын балаларға арналған арнайы балабақшаның жұмысының перспективті жоспары негізінде сабақ жоспарын құру.

Топтағы студенттермен талдау.


ХІІ. Тұтығатын балалаға арналған арнайы балабақшаның кварталды және сабақ жоспарымен танысу.

ХІІІ. Педагогикалық тапсырманы орындау.


1-педагогикалық тапсырма

Логопедиялық сабақ үзіндісін талдау. Сабақ конспектісі қандай

әдістеме бойынша құрылған? Жұмыс деңгейін анықтау.

Логопед: - Сен оң жаққа неше таяқша қойдың?

Бала: - екі

Логопед: - Ал сол жаққа ше?

Бала: - бір

Ескерту: Баланың сөйлеу тілі толық емес жауаптан тұрады, ол тек көз алдындағы заттың атын атаумен шектелген.


2-педагогикалық тапсырма

Түзету жұмысының негізгі бағыттарын анықтау.

Бала туралы мәлімет: Асель О. 5 жас. Қыз зиялы отбасында тәрбиеленеді. Айналасындағылардың сөйлеу тілі мазмұны жағынан қиын, жылдамдығы жағынан тез. Тыныш, тілалғыш бала болып өсуде. Өзбетіншілікке, қалауына жетуге талпынысын көрсетпейді. Ересектер баланың өзбетіншілік әрекеттерін оятпайды, керісінше инициатива әрқашан олардың қолында. Сәтсіздікке жоғары сезімділік, өзіне сенбеу әдеті қызға тән.

Сөйлеу тілі жай, сенімсіз. Зерттеу барысында өзіне сенімсіз, бірде-бір конструкциялық тапсырманы өзі орындамайды.Үлкендермен қарым-қатынасы нашар.

Ата-аналарға ұсыныс:
1-педагогикалық тапсырма

Сөйлеу қорытынды тұжырымдау, түзету жұмысының негізгі

бағыттарын анықтау.

Бала туралы мәлімет: Ата-аналар қызының күшейген тұттықпасы жайында келген. Сөйлеу тілі нашар, сөздік қоры аз. Анасы қызының балабақшадағы басқа балаларға қарағанда тапсырманы баяу орындайтынын айтты. Үйде баланы жылдамдыққа тәрбиелейді, тапсырманы баяу орындаса жазаланады.

Ата-аналарға ұсыныс:

2-педагогикалық тапсырма

Сөйлеу қорытынды тұжырымдау, түзету жұмысының негізгі

бағыттарын анықтау.

Бала туралы мәлімет: М. Ерлан – белсенді. Өз бетінше әрекет етуге талпынады. Ұзақ уақыт өзі ойнайды, басталған сабақты үлкендердің өтініші бойынша тоқтатпай тек өз қалауынша жасады.

Ата-аналар мұндай тыңдамаушылықпен күресе бастады, баланың әрекетін күштеп тоқтатты. Балада бей берекетсіздік, қозу қаситеттері пайда болды, өзіне тән өнімділікті, салмақтылықты жоғалтты.

«Қайта тәрбиелеу» кезеңі баланың сөз тіркесі қалыптасқан кезеңімен сәйкес келді. Осы кезде ата-анасы баланың тілін күштеп түзеп, «ересектердің тіліне» көндірді . Балада тұтықпа пайда болды.

Ата-аналарға ұсыныс:

ХІV. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда:


1-тапсырма

Сөйлеу тілінің бұзылуының қандай түрінде тыртысу байқалады:



  1. брадилалия

  2. тахилалия

  3. дезартрия

  4. логоневроз

  5. дислалия


2-тапсырма

Тұтықпасы бар баланың сөйлеу тілін тексеруді қандай тапсырмадан бастаған тиімді:



  1. спонтанттық сөйлеу

  2. суретке қарап әңгіме

  3. түсінік айту

  4. қайталап айту

  5. бірге айту


3-тапсырма

Тұтықпаға бейімдейтін негізгі себеп:



  1. психиканың зақымдануы

  2. қорқу

  3. зақымдану (травма)

  4. нерв жүйесінің әлсіздігі

  5. сөйлеу материалдарының шамадан тыс жүктелуі


4-апсырма

Тұтықпаның невроз тәріздес түріне тән белгілер:

1. тілдің ерте, тез шығуы

2. жылдам сөйлегенде жалғаулардың жұтылуы

3. тілдің кеш шығуы, сөздік қордың аздығы

4. тұтықпа бірден басталады

5.тұттықпа екі жастада пайда болуы мүмкін.
5-тапсырма

Тұтықпаның негізгі белгісін ата:



  1. вегетативті нерв жүйесінің бұзылуы

  2. ұсақ, жалпы моториканың бұзылуы

  3. сөйлегендегі діріл

  4. сөйлеу тілдң дамымауы

  5. сөйлеуден қорқу



6-тапсырма

Тұтығуға тән емес белгі:



  1. кемшілікті сезбейді

  2. сөйлеуге назар аудару сөйлеуді нашарлатады

  3. таныс мәтінді дұрыс оқиды

  4. қысым жасалғанда сөйлеу нашарлайды

  5. таныс емес жағдайда сөйлеу нашарлайды


7-тапсырма

Емдеу-сауықтыру жұмыстарына не жатады:



  1. жеке зерттеу

  2. ЛФК, массаж

  3. логопедиялық тексеру

  4. психотерапия элементтері

  5. логопедиялық сабақтар



8-тапсырма

Тұтыққанда жүргізілетін коррекциялық-тәрбиелік жұмыстарға не жатады:



  1. психотерапия

  2. күн тәртібі

  3. логопедиялық сабақтар

  4. дұрыс жағдай жасау

  5. шынықтыру процедуралары


9-тапсырма

Тұтығудың невротикалық түріне тән белгілер:



  1. Тыртысу әрекеттерінің пайда болуы фразалық сөйлеудің даму фазасына сай келеді

  2. психиканың зақымдалу жағдайына қатыссыз тұтығудың біртіндеп басталуы

  3. зақымданудың пайда болғанға дейін-ақ фразалық сөйлеудің болуы

  4. 3-4 жастағы тырысу байқалуы

тұтыққан баланың назарын сөйлеу тіліне аударған жағдайда сөйлеу процесін жеңілдетеді.
10-тапсырма

Жас өсперімдер мен ересектердің тұтықпасын түзетуде қай автордың әдістемесін қолдануға болады:

1. Л.М.Крапивина

2. М.И.Буянов

3. О.С.Бот


  1. Л.Ф.Спирова

  2. Н.А.Чевелева


11-тапсырма

Мектеп жасына дейінгі тұтығатын балалармен жұмыс жасаудағы қолдануға болатын әдістемесінің авторы:



  1. В.М. Шиловский

  2. Ю.Б. Некрасова

  3. Н.А. Чевелева

  4. Л.З. Арутюнян

  5. В.И. Селиверстов


12-тапсырма

Сөйлеуге тыртысуының орны бойынша бөлінуі:

1. клоникалық


  1. спастикалық

  2. аралас

  3. тоникалық

  4. артикуляциялық бөлімде



13- тапсырма

Тыртысуының салдарынан сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы тіл кемістігінің келесі түрінде кездеседі:



  1. дизартрия

  2. логоневроз

  3. тахилалия

  4. брадилалия

  5. ринолалия


14-тапсырма

Бағдарламалардың әр түрлі тарауын өткенде ситуациялық жағдайдан контекстік түрге дейін еркін сөйлей алу дағдылары кімнің әдістемесінде көрсетілген:



  1. Г.А.Волкова

  2. С.А.Миронова

  3. М.А.Рожденственская

  4. В.И.Селиверстов

  5. М.И.Буянов


15-тапсырма

Төмендегідей реттілікпен кімнің әдістемесі бойынша жүргізілетін әдістеменің авторын ата:

- алғашқы сөйлеу кезеңі

- бірге сөйлеу кезеңі

- өздігінен сөйлеудің дағдыларын пысықтау кезеңі

- сөйлеуді қорыту кезеңі

1. В.И.Селиверстов

2. Г.А.Волкова

3. Н.А.Чевелева

4. М.А.Рожденственская

5. Л.Ф.Спирова

16-тапсырма

Алғашқы сабақтан бастап өздігінен сөйлеуді жетілдіру кімнің әдістемесінде қарастырылған:



  1. И.Ю.Абелева

  2. М.Ф.Хватцев

  3. С.Ф.Рау

  4. Н.А.Чевелева

  5. Л.С.Волкова


17-тапсырма

Тұтығатын баланың психологиялық ерекшеліктерін зерттеген авторды көрсет:



  1. В. М. Шиловский

  2. Н. А. Рычкова

  3. Шостак

  4. В. И. Селиверстов

  5. Т. А. Власова


18-*тапсырма

Берілген жұмыс бағыттарының қайсысы оқушылармен жүргізілетін жұмысқа жатпайды:



  1. медикаменттік заттардың кеңінен қолданылуы

  2. оқу – негізгі іс-әрекет

  3. өздігінен жұмыстың рөлі өседі

  4. дұрыс сөйлеу дұрыс еліктеу негізінде қалыптасады

  5. сөйлеудің лексикалық-грамматикалық, фонетикалық жақтарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.


СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЖҮЙЕЛІ БҰЗЫЛУЫ


  1. Алалияны сөйлеу тілі дамымауының түрі ретінде сипаттау.

  2. Алалияның себебін, түрін ашып көрсету.

  3. Алалияны басқа бұзылыстарымен салыстырмалы талдау жүргізу (сөйлеу

тілі, есту, ақыл ой бұзылыстары), диагностикалық мағыналы көрсеткіштерін атау.

  1. Афазияны басқа психикалық процестердің кемістігімен (қабылдау, жады,

ойлау т.б.) өзара байланысқан сөйлеу тілінің жүйелі бұзылысы ретінде сипаттау.

  1. Афазияның патогенезін түсіндіру.

  2. А. Р. Лурияның афазиологияның дамуына қосқан үлесін ашып көрсету.

  3. Афазияның түрлі формасына нейропсихологиялық сипаттама беру.

  4. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауына сипаттама беру.

  5. Жалпы сөйлеу тілі дамымауының деңгейін сипаттау.

  6. ЖСТД балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.

  7. ЖСТД-да сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша логопедиялық

жұмыстың кезеңдерін атау.

  1. Мектеп жасында ЖСТД-нің салдарын сипаттау.


Тәжірибелік тапсырмалар

І. Алалияға шалдыққан және есту қабілеті бұзылған балаларға тән белгілерді сәйкестендіру. Кестені толтыру.


Кесте. Алалия және есту қабілетінің бұзылысын ажырату


Белгілері

Сенсорлы алалия

Есту қабілеті бұзылған балалар

1. Дауысы: төмен, модулденбеген, интонация – ланбаған







2. Ерте жаста анасының даусына, бәсең дауысқа реакциясы бар.







3. Дыбыс күшейткіш аппаратты қолдану қарсы реакция тудырады.







4. Дауысы ұяң, интонациясы бай, сөз екпіндер оқытусыз пайда болады.







5. Дыбыс күшейткіш аппаратты қолдану сөйлеу тілін қабылдауын жақсартады.







6. Ерте балалық шақта дыбыстарға, анасының дауысына реакция береді.







7. Дыбысталған сөйлеу тілі өз бетінен пайда болады.







8. Дыбысталған сөйлеу тілі оқыту нәтижесінде пайда болады.






ІІ. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда.


1-тапсырма

Моторлы алалия ненің зақымдалу салдарынан болуы мүмкін

1) Доминантты ми сыңарының самай жағының

2) Төменгі маңдай қатпарларының артқы бөлігінің

3) Мишықтың

4) Пирамидалық жолдардың

5) Қыртыс асты түйіншектің
2-тапсырма

Моторлы алалияға тән емес фактор.

1) Айтқан сөзді түсінудің бұзылуы

2) Қатынас мотивациясының қалыптаспауы

3) Бір қимылдан екінші қимылға көшу қиынға соғады

4) Оральды апраксия

5) Сөйлеу тілінің моторлы іске асыруының қиындықтары.
3-тапсырма

Сенсорлы алалияға тән емес фактор.

1) күрделі қимылын дифференциалдауды қиындықпен игереді.

2) Сөзсіз дыбыстарды сезгіштігі жоғары

3) Фонематикалық есту қабілеті қалыптаспаған

4) Тіл дыбыстарын естіп қабылдау қабілеті төмен

5) Зат пен заттың атын білдіретін сөздің арасындағы байланыс қалыптаспайды
4-тапсырма

Моторлы алалияны түзету жұмысын неден бастайды

1) Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру

2) Дыбыс айтуын түзету

3) Сөйлем құрастыру

4) Белсенді, енжар сөз қорын толықтыру

5) Сөз өзгерту, сөз жасау
5-тапсырма

Алалияның этиологиясы

1) ОНЖ функционалдық зақымдалуы

2) Сөйлеу аппарытының шеткі бөлігінің органикалық бұзылуы

3) ОНЖ органикалық зақымдалуы

4) Сөйлеу моторикасының функционалдық бұзылуы

5) Сөйлеу аппаратының анатомиялық ақаулықтары
6-тапсырма

Алалияны болдырмайтын фактор

1) Туғанда жарақат алуы

2) Асфиксия

3) Тұқым қуалау

4) Іште жатқанда менингит, энцефалит болуы

5) Іште жатқанда немесе туғаннан кейін мидың жарақатануы
7-тапсырма

Алалияға тән сөйлеу тілінің бұзылу белгілері

1) Сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жетілмеуі

2) Сөйлеу тілінің дыбыс айту жағының күрделі бұзылуы

3) Дыбыс айтуы мен дауыстың әуезділігінің просодикасының бұзылуы

4) Сөйлеу тілінің темпті ырғақтық жағының бұзылуы

5) Дыбыс айтуының бұзылуы
8-тапсырма

Моторлы алалияның сөйлеу тілі кешеуілдеп дамығаннан айырмашылығы неде?



  1. Сөйлеу тілінің дамуында кешеуілдеу, секірмелі даму процесі байқалады

  2. Сөз құрамының бұзылуы аграмматизм кездеспейді

  3. Сөз қоры молайған сайын аграмматизм күшеюі мүмкін

  4. Түзету жұмысы көбінесе сөйлеу тілінің дыбыстық жағына бағытталған

  5. Мектепке келгенде сөйлеу кемшіліктері көбінесе түзетіледі, байқалмайды


9-тапсырма

Сөйлеу тілінің кешеуілдеп дамуының моторлы алалиядан айырмашылығы неде?



  1. Квазиомоним сөздерді шатастырады

  2. Сөйлеу негативизмі байқалады

  3. Сөздің, фразаның құрылымының бұзылуы кездеседі

  4. Сөйлеу негативизмі байқалмайды

ІІІ. 10-кестені толтыру – «Сөйлеу тілі дамымауының деңгейлері».





Салыстыру параметрлері

1 деңгей

2 деңгей

3 деңгей

Өзіне айтылған сөйлеу тілін түсіну










Белсенді лексикалық құралдар










Грамматикалық қатар










Дыбыс айтуының жағдайы










Фонематикалық есту қабілеті










Қолданылатын сөйлемнің құрылымы










Байланыстырып сөйлеуі









ІV. Балалардың фонематикалық қабылдауының қалпын анықтауға арналған әдістемелік тәсілдер тізімін құрастырып, дәптерге жазыңыздар.

V. Баланың сөйлеу тілін түсінуін тексеруге арналған әдістемелік тәсілдер атап, дәптерге жазыңыздар.

VI. Баланың сөздік қорын тексеруге арналған тапсырмаларды іріктеп, альбом құрастырыңыздар.

VII. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеруге арналған суреттер іріктеңіздер.

VIII. Көрсетілген белгілерді жалпы сөйлеу тілінің дамымауының деңгейімен сәйкестендіріңіздер. Кестені толтырыңыздар.


11 кесте. Жалпы сөйлеу тілінің дамымау деңгейлерінің дифференциациясы.




Белгілері

1 деңгей

2 деңгей

3

деңгей


1

Дұрыс айтпайтын дыбыс саны 16-20 дейін










2

Белгілі ситуацияға байланысты сөздерді түсінеді










3

Сөздің буындық құрамының бұзылуы: қысқарту, алмастыру, ұқсас буындармен шатастыру.










4

Сөйлеу тілінде қосымша сөздер, жеке сөздер пайда болады.










5

Балаларда сөзөзгерту, сөз жасам дағдылары қалыптаспаған.










6

Фонематикалық қабілеті күрделі бұзылған, дыбыстардың айтуы тұрақсыз.










7

Балалар сөздердің жалғауларының айырмашылығын түсінбейді және ажырата алмайды.










8

Ситуациясы және сыртқы белгілері ұқсас сөздерді алмастыруы байқалады.










ІХ. «Сурет бойынша әңгіме құрастыру» тақырыбына логопедиялық сабақ конспектісін құрастырыныздар.

Х. ЖСТД бар балалармен жүргізілетін дыбыс айтуын қалыптастыруға арналған логопедиялық сабақтың конспектісін құрастырыңыздар. Төмендегі үлгіге сүйеніңіздер.
ЖСТД балалармен логопедиялық сабақтың жоспар үлгісі
Тақырыбы:

Мақсаттары:

Көрнекі құралдар:

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа тақырыпты таныстыру

4. Дыбыс артикуляциясын анықтау. Дыбыс сипаттамасы.

5. Дыбысты буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуын бекіту

6. Өтіп жатқан дыбыс кездесетін сөзді талдау

7. Сөз қорын молайту бойынша жұмыс

8. Сөйлеу тілінің грамматикалық қатарын жетілдіруге арналған жаттығулар

9. Үй тапсырмасы

10. Сабақ қорытындысы.


Ескерту: Жұмыстың кезеңіне байланысты сөз қорын, сөйлеу тілінің фонетикалық және грамматикалық жағын қалыптастыру және жетілдіру бойынша жұмыстың ара-қатынасы.
ХІ. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда.
1-тапсырма

А.Р. Лурия афазияның қандай топтастыруын ұсынған.

1) Лингвистикалық

2) Нейропсихологиялық

3) Неврологиялық

4) Психологиялық-педагогикалық

5) Клиникалық
2-тапсырма

Афазияның нақты анықтамасын тап

1) Сөйлеу тілін жоғалту

2) Сөйлеу тілінің дамымауы

3) Бас миының локальді зақымдалуынан сөйлеу тілін толық немесе жартылай жойылуы

4) Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы

5) Сөйлеу тілінің барлық құрылым компоненттерінің бұзылуы
ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫ
I Блок. Жазбаша сөйлеу тілінің қалыптасу механизмі.
1. Жазудың психофизиологиялық механизмі қандай?

2. Қалыпты дамыған балалардың оқу дағдыларының қалыптасу кезендері.

3. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің ұқсастығы мен айырмашылығы.

4. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу туралы ілімнің даму тарихына қысқаша шолу.

5. Жазбаша сөйлеу тілінің механизмі және классификациясына қазіргі кезеңдегі көз қарас.

6. Жазудың бұзылуын сипаттайтын қандай терминдер қолданады?

7. Әр түрлі ауытқулары бар балалар арасында дислексия мен дисграфияның таралуы.
II Блок. Жазу тілінің бұзылуының сипаттамасы және себептері.


  1. Дислексия мен дисграфияның анықтамасы.

  2. Дисграфия мен дислексияны тудыратын себептер.

  3. Ерекше ( спецификалық) қателер дегеніміз қандай қателер? Мысал келтіріңдер.

  4. Фонематикалық жетілмеу жазуға қалай әсер етеді: (қандай көрініс береді?)

  5. Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы жазуға қалай әсер етеді?

  6. Дыбыс айтуының бұзылуының қандай түрі жазуға әсер етеді, қандай түрі әсер етпейді?

  7. Қандай қателер «акустикалық» деп аталады?

  8. Жазудағы графикалық қателердің кездесуі неге байланысты?

  9. Дислексияда қандай қателер кездеседі?

  10. Дислексияның белгілері мен байқалуы неге байланысты?

  11. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы тұлғаның қалыптасуына қалай әсер етеді?

  12. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы тіл кемістігінің қандай түрінде оның бір белгісі ретінде байқалады? Мысал келтіріңдер.

III Блок. Дисграфия мен дислексияны топтастыру.




  1. Дисграфияның топтастыруы қандай критерийге негізделген?

  2. О.А. Токарева дисграфияны қандай түрлерге бөледі?

  3. М.Е. Хватцев дисграфияны қандай түрлерге бөледі?

  4. Дисграфияның әр түрлеріне мысал келтіріңдер.

  5. Дислексияны топтастыру қандай критерийге негізделген?

  6. Беккер дислексияны қандай түрлерге бөледі?

  7. О.А.Токарева дислексияны қандай түрлерге бөледі?

  8. Р.И.Лалаева дислексияны қандай түрлерге бөледі?

  9. М.Е.Хавтцевтің дислексияны топтастыруын атаңдар?

  10. Әр түрлі топтастырулардың себептерін қалай түсіндіруге болады?

IV. Блок. Жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балаларды тексеру.




  1. Тексеру қандай принциптерге сүйене отырып жүргізіледі?

  2. Тексеру қандай бөлімдерден тұрады?

  3. Фонематикалық қабілетін тексерудің кезектілігі мен мазмұнын айтыңдар.

  4. Фонематикалық қабылдауын анықтау үшін тапсырмалар қандай кезектілікпен беріледі?

  5. Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағын тексеру қажеттілігін дәлелдеңдер.

  6. Жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөз қорын, грамматикалық жағын тексеру қажеттілігін дәлелдеңдер.

7. Жазбаша сөйлеу тілі бұзылған балалардың қандай сөзсіз функцияларын тексеру қажет, дәлелдеңдер.

8. Оқуын тексеруге қажет тапсырмаларды іріктеп құрастырыңдар.

9. Жазудың қандай түрлері тексеріледі?

10. Тексеруде қолданылатын сөздік материялдар қандай талаптарға сәйкес іріктеледі, құрастырылады?

11.Сөйлеу қортындысында не көрсетіледі?
V Блок. Жазудағы қателердің механизмі.
1. Дисграфияның негізгі белгілерін атаңдар.

2. Фонематикалық талдаудың қалыптаспау салдарынан туындайтын қателер.

3. Әріп және буын деңгейіндегі қателерді атаңдар.

4. Сөз деңгейіндегі қателерді атаңдар.

5. Сөйлем деңгейіндегі қателерді атаңдар.

7. Жазудағы ерекше қателерді есепке алу кестесін құрастырындар.



Тәжірибелік тапсырмалар

І. Төменгі сынып оқушыларында жазудың спецификалық қателерін сипаттау және оны кестеге жазу.


12-кесте. Жазбаша сөйлеу тілінің спецификалық қателері.


Әріп және буын деңгейіндегі қателер

Алмастыру

Шатастыру

Орын ауыстыру

Артық әріпті қосу

Сөз деңгейіндегі қателер













Сөйлем деңгейіндегі қателер












ІІ. Түрлі сыныптағы оқушылардың жазба жұмысын қателер сипатын анықтау мақсатында талдау. Жазбаша сөйлеу тілін зерттеу хаттамасын толтыру.


13-кесте. Жазбаша сөйлеу тілін тексеру хаттамасы.


Оқушы-ның аты-жөні

Жал-пы қате-лер саны

Қателер типі (түрі)







Алмастыру

Тастап кету

Орын ауыстыру

Басқа қателер

Орфография-лық қателер





















ІІІ. Педагогикалық тапсырмаларды орындау.



1-педагогикалық тапсырма

Сөзді талдауға дайындық сатысының кезектілігін анықтау (Г.А. Каше бойынша).




  1. Тұйық буынды талдау: АП, УТ.

  2. Сөз басынан 1-ші дауысты дыбысты ажырату.

  3. Ашық буынды талдау: МА.

  4. Дауыссыздан кейінгі екпінді дауыстыны ажырату.


2-педагогикалық тапсырма

Төменде келтірілген әдістемелік тәсілдердің қайсысы дыбыстың талдау дағдыларын көрнекі, сөздік және ақыл-ой жоспарында бекітуге себеп болады.




  1. Схемаға сәйкес келетін сурет таңдау.

  2. Эльконин карточкасы.

  3. «Бал» сөзінде 1-ші (2, 3) дыбысты атау.

IV. Ақыл-ой жоспарында дабыстың талдау дағдыларын бекітуге себеп болатын бірнеше әдістемелік тәсілдерді таңдау.

V. Көру-кеңестік және есту елестерін дамыту үшін қолдануға болатын ойын-жаттығуларын дәптерге жазу.

VI. Сөзжасам және байланыстарын сөйлеу тілі дағдыларын бекітуге арналған бірнеше жаттығуларды таңдап, дәптерге жазу.

VII. Балаларда қол саусақтарының моторикасын дамыту үшін қолданылатын ойын (жаттығулар) тізімін құрастыру.

VIII. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда:



3-тапсырма

Оқу құралдарынан қарап немесе өздігінен конспекті құрып, сөздің дыбыстық құрамын талдауға арналған бірнеше тәсілдерді ойлап дәптерлеріңе жазып талдаңдар.



4-тапсырма

Қолдың ұсақ бұлшық етін дамытуға арналған бірнеше тәсілдер ойластырып, жазуға үйретудегі бұл жаттығулардың маңыздылығын дәлелдеңдер.


ІХ. Ұсынылғані жоспар бойынша дисграфиясы бар балалармен жүргізілетін сабақ үлгісін құрастырыңыз.
Дисграфиясы бар балаларға арналған логопедиялық сабақтың жоспарының үлгісі.
Тақырып:

Мақсаты: (білім беру, түзетушілік, тәрбиелік)

Көрнекілік:
Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын қайталау.

  3. Сабақ тақырыбын хабарлау.

  4. Дыбыстардың артикуляциясының ұқсастығын және айырмашылығын анықтау. Дыбыстарға сипаттама беру.

  5. Дыбыстарды ерекшелеуге, ажыратуға, арналған жаттығулар (ауызша және жазбаша түрде).

  6. Дыбыс және әріп байланысын бекітуге арналған жаттығулар.

  7. Сергіту сәті.

  8. Дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын бекіту және қалыптастыру бойынша жұмыс.

  9. Өз бетінше жұмыс.

10. «Оқу минуты».

11. Үй жұмысын орындауға нұсқау беру.

12. Сабақ қорытындысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет