57
компанияның ерекше мәселелері мен ішкі әрекеттер стратегиясын
шешу жолдары; жаңа мүмкіндіктерді бекітуге әрекеттер (ҒЗТКЖ,
жаңа рыноктар және т.б.) қарастыру. Екінші топқа қысқа мерзімді
пайдаға жету үшін жасалатын әрекеттер; басқарудың функционалдық
саласындағы шешімдер; әртараптандыруды бастау жолдары, жаңа
салаларды іздеу жатады. Үшінші топ –
саладағы жағдайларды
күшейту әрекеттері; отандық және шетелдік бәсекелестерден қорғау
әрекеттері.
Мұндай факторлар өте көп. Стратегияны
анықтауда есепке
алынатын ең алғашқы факторлардың үлгісі төменде келтірілген.
Сыртқы факторлар: 1) әлеуметтік, саясаттық, қоғамдық жағдай
және құқықтық, 2) саланың тартымдылығы, бәсекелстік жағдайлар,
3) компанияның мүмкіндіктері
және қауіптер, 4)
компанияның
стратегиялық қалпы. Бұған алғашқы үш фактор тікелей әсер етеді.
5) Әр фактордың маңыздылығы туралы
және оның стратегияға
әсері туралы түйін, 6) стратегиялық
белсенділік пен теңестіру, 6)
стратегияға сәйкес жағдайларды анықтау.
Ішкі факторлар: 1) компанияның күшті және әлсіз жақтары, 2)
бәсекелестік нарықтық жағдайы; 3) бизнес философиясы, этикалық
қағидалар; 4) компания акцияларының
құны мен компанияның
мәдениеті.
Бұл келтірілген өзара қатынасы бар факторлар әдетте кешенді
болып саналады және салалар мен компаниялар үшін
ерекше
айырмашылықтары бар.
Достарыңызбен бөлісу: