87
Қарапайым есептерді электрондық кестелерде модельдеу
Электрондық кестелерде модельдеу көп қолданылады. «
Модель-
деуді практикалық тұрғыдан қалай жүзеге асырамыз? Қарапайым
есептерді модельдеуде электрон-
дық кестені қалай пайдалана-
мыз?» деген сұрақтарға
жауап
іздейік. Компьютерде модель-
деу үшін Excel программасын-
дағы жұмыс алаңын
2-сурет-
тегідей
пайдаланайық.
Әрине,
жұмыс алаңын өз
қалауың бойынша жоспарлай
аласың.
Модель
– нақты объектінің, құбылыстың немесе процестің
қарапайым түрде берілуі.
Модельдеу
дегеніміз – объектілер мен құбылыстарды зерттеу
үшін модель құру процесі. Компьютерде модельдеуді 4 кезеңге бөлу-
ге болады.
Компьютерде модельдеудің кезеңдері
1-кезең.
Есептің қойылымы. Бұл бөлімде модельді құру мақсатын-
да қажетті
бастапқы деректер жинақталады, объектіге талдау
жүргізіледі.
2-кезең.
Ақпараттық модель құру.
Модельдің параметрлері
мен олардың өзара байланысы зерттеледі. Олардың модельге
әсері мен параметрлер арасындағы математикалық байланысы
құрылады.
3-кезең.
Зерттеліп жатқан объектінің компьютерлік моделі
құрылады. Компьютерлік модель жасайтын программалық орта
таңдалады. Модельдің алгоритмдік құрылысы таңдалған про-
граммаға байланысты болады.
4-кезең.
Компьютерлік тәжірибе жүргізіледі. Модельдің про-
граммасына тестілеу мен зерттеу өткізіледі.
Құрылған модель
алгоритмінің дұрыстығы тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: