Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия


§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы



бет67/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

§ 3. Николай Кузанский - Қайта өрлеу заманы философиясының ұлы тұлғасы
Николай Кузанский (1401-1464 жж.) жас кезінде Падуя университетінде (Италия) оқып, соңынан діни қызметпен айналысады. Ол өзінің ой-өрісінде ортағасырлық философия мен Қайта өрлеу заманындағы гуманистік ой-пікірді ұштастырды. ¥лы ойшылдың діни еңбектерінен баска философиялық туындылары да біршама. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы «Ғылыми білімсіздік» деп аталады.
Енді сол «ғылыми білімсіздік» деген қайшылықты ұғымның мән-мағынасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз анықталмағанды анықталғанмен, белгісізді белгілімен т.с.с. салыстырамыз. Сондыктан бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде белгілі бір пікірлер айту онша қиын емес. Ал енді шексіздікті зерттеген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әркашанда шектелген) ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н.Кузанскийдің ойынша, ғылыми білімсіздікті тудырады.
Осы тұрғыдан келгенде, Құдай үзілді-кесілді түрде танылмайды, өйткені ол шексіздік, оны ешқандай шектелген бұл Дүниедегі заттармен салыстыру мүмкін емес. Егер Құдай шынайы шексіздік болатын болса, онда ол жаратқан Дүние шексіздіктің мүмкіндігіне ғана ие, олай болса, бір көкжиектің ар жағында екіншісі, одан әрі үшіншісі т.с.с. ашылады. Сондықтан Құдай танылмағанмен, ол жаратқан Дүниені танып, бір белестен екіншісіне өтіп, тереңдей беруге болады.
Бұл ойын дәлелдеу үшін Н.Кузанский шеңбердің ішіндегі көпбұрышты келтіреді. Оның бұрыштарының санын көбейткен сайын ол шеңберге ұқсай береді, ал шексіз өсірсек, шенберге ұласады, екі жағы тең үшбұрышты да ұзарта берсек, оның екі жағы бір-біріне жақындап, шексіздікке жақындаған сайын бір сызыққа айналады, яғни қарама-карсылық-бір-біріне өтіп, бірегейлікке ұласады.
Олай болса, адамның шектелген ақыл-ойы шексіздікке, яғни Құдайға қарама-карсылықтың бірлігін түсіну аркылы жақындай береді. Шектелген заттарды біз шексіздікпен байланыстырып қарауымыз керек. Ал адам оның сыртында ақыл-ой иесі болғаннан кейін, өзінің санасында бүкіл болмыстағы шынайы және болуы мүмкін заттардың кейпін сақтайды. Адам - сондықтан шығармашылыққа жаратылған пенде. Олай болса ол - адамдық Құдай (Humanus Deus).
Адам Құдайға, әсіресе өзінің ақыл-ойы арқылы жақындайды. Ол күрделі және үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол сезім мен елестеу (sensus), ақыл-ой (ratio) жэне зерде, парасат (intellectus). Ақыл-ой - сезім мен зерденің арасындағы дәнекер.
Сезіммен тығыз байланысты ақыл-ой ғылымды тудырады. Бірақ адамның таным мүмкіндігі ол екеуімен саркылмайды. Тіпті сезім мен ақыл-ойдың тұрпайы түрлері жануарларда да бар. Адамның баска тіршіліктерден үзілді-кесілді айырмашылығы акыл-ойдың зердемен байланысында. Соңғы толығымен жануарларда жок.
Зерде аркылы біз Дүниедегінің ең терең алғашкы негіздеріне дейін жете аламыз, метафизикалық сұрактарға жауап береміз. Зерденің «сезімдік-денелік» Дүниеге еш қатысы жоқ «Ол уақыттан да, өтпелі дүниеден де тыс, олардан абсолютті ерікті». Егер сезімдік және акыл-ой танымы айнала қоршаған ортаға тәуелді болса, зерде олардың бәрінен тәуелсіз, ол Құдайдың акыл-ойына жақын, сондықтан ол ең жалпы, тұрақты, өшпейтінді аша алады.
Әрине, әр адам қанша ұлы болса да- өз заманының тұлғасы. Сондықтан Н.Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе, сенімді жоғары тұтады. Бірак ол соқыр сенім емес, өйткені «Зерде сеніммен бағытталады, ал сенім зерде арқылы аныкталады». Тек Зерде арқылы ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай барлық жерде болғаннан кейін - ол «бәрі», ал еш жерде оның тұрақтанып қалмағаннан кейін, ол - «бәрінің жоқтығы». Бүкіл Ғарышты өзі ішінде қамтығаннан кейін, ол - «абсолютті максимум», ал сонымен бірге ол көзге ілінер-ілінбес кішкентай да болғаннан кейін, ол — «абсолюттік минимум». Абсолютті максимум мен минимумның екі ортасында көз алдымыздағы бүкіл Дүние орналасқан.
Ақикатқа жету мәселесіне келер болсақ, бүл жолда өзінің қарама-қарсылығы - жалғандықпен бірге беріледі. Ақиқат пен жалғандық күн мен түн, сәуле мен түнек сияқты. Ең жоғарыдағы жарыққа толы дүниенің өзінде қараңғылық бар, ал төменгі дүние қараңғыға толы болғанымен, сәуледен толығынан құр емес. Олай болса, ең терең білімнің тайыздығы айқындала түседі. «Нағыз білетін өзінің білмейтінін біледі».
Қорыта келе, Н. Кузанский философиялық қөзқарастарының болашақ, Жаңа дәуірдегі ой-пікірге өзінің зор әсерін тигізгенін атап өтуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет