Оқулық ббк 74. 00 П24 о қ ул ық ты жогары о қ у орындары студенттеріне Қаза қ


Суреті. Педагогикалык процесте тәрбиенін формаларынын, құралдарының, әдістерінің, түрлерінін өзара байланысы



бет12/29
Дата22.08.2017
өлшемі9,25 Mb.
#24277
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

Суреті. Педагогикалык процесте тәрбиенін формаларынын, құралдарының, әдістерінің, түрлерінін өзара байланысы

(қозғаушы механизмді жүзеге асыру).

Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.

Сабақ - оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар көңінен қолданылуда.

Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданьшуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардын ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге

164

асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.



Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.



Тәрбие әдістерінін жіктелуі. Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.

Жіктеу - арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.

Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.

Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:

- жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;

- оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі- өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;

- жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.

Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.

165

Осы қағидалар бойынша кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағұлматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты мазмұнды, процессуалдық жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:



-жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;

-іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

-мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, баяндау, сендіру, насихат, әңгіме, лекция, этикалық әңгіме нұсқау беру, пікір сайыс, баяндама, дебат, үлгі жатады.

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне: жаттығу, едеттену, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік, іскерлік) ойындар.

Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістеріне:жарыс, мадақтау, жазалау жатады.



Сананы калыптастыру әдістері. Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.

Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі болған

166

жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.



Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ескі мектепте, мысалы, бұл үшін ғибратты әңгімелер, нақылдар, мысалдармен қоса оқушыларға қажетті білімді жеткізудін басқа да жанама және көркем тәсілдері кеңінен қолданылған қорытындыны оқушьшардың өздері жасауы тиіс. Қазіргі мектепте ықпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою, насихат, нұсқау) жиі қолдануда.Бұндай әдістердің нәтижесі өте төмен. Тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Крыловтың мысалдарына, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, иландыру, сендіру мысалдар кеңінен қолданыс табуда.

Осы топтағы әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қолдану аясы бар. Сырттай оңай болып керінгенімен, олардың әрқайсысы мұғалімнің жоғары білімін талап етеді. Олар жүйелі түрде, бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады. Сөз бен сезім арқылы әсер ету әдістерінің ең күрделілерін қарастырайық.



Этикалық тақырыптағы әңгіме көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұны бар деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.

Этикалық тақырыптагы әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:

- әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;

- әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;

167

- әңгімені оқу барысында әңгіме-сұхбаттың жүргізілуі; оқушылардың әңгімені талдауға атсалысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;



- әңгімеге қоса суреттерді қолдану (бейнелеу өнерінің туындылары, фотографиялар); әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны ерекше;

- мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.

Этикалық әңгімені қабылдауда бөлме ішінің жабдықталуының да маңызы бар. Жоспарланған әңгімелер жайлы бөлмелерде, оқушылар ешқайда асықпаған еркін жағдайда жүргізіледі. Этикалық әңгімеден кейін оқушылар мазмұны мен көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спорттық жарыс) кірісіп кетсе, әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.

Күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме жиі қолданылады. Бұл оқушьшарға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі. Түсініктеменің әңгімеден өзгеше маңызды белгісі - оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай да бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету. Түсініктеменің әдіс-тәсілдері әр түрлі: төменгі сыныптарда «Былай істеу керек» деген сияқты тура пайымдаулар, жасөспірімдермен жұмыс кезінде терең мотивация, белгілі бір адамгершілік ұғымдарының қоғамдық мәніне түсініктеме беру қажет.

Түсініктемені оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсіндірудің қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолдану керек. Бірақ мектептегі, көпшілік орындардағы қоқыс тастауға, түкіруге, партаға сурет салуға, дөрекілік жасауға болмайды деген сияқты күнделікті мінез-құлық нормалары туралы сөз болғанда түсініктемені қолданудың қажеті жоқ. Мұнда үзілді-кесілді талап ету қажет. Түсініктеме қандай да бір жаңа адамгершілік қасиетті, оқушылардың белгілі бір әрекетке деген дұрыс қатынасын қалыптастыру үшін қолданылады. Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.

Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен сендірумен қоса кейде насихат сияқты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың

168

алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнін беделіне, оның жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты.



Сананы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, насихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында қарсы әрекет, мұғалімнің тілегіне кері әрекет ету ниетін оятады.

Этикалық әңгіме-сұхбат дегеніміз адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бір ізді талқылау түрі. Әңгіме-сұхбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады. Әңгіме-сұхбат теңдік пен ынтымақтастық негізінде құрылады. Этикалық әңгіме-сұхбаттың мақсаты - адамгершілік түсініктерді тереңдету мен бекіту, білімді қортын-дылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру. 5-8 сынып оқушылар тәрбиесінде әңгіме-сұхбаттың алар орны ерекше, өйткені баланың өзіндік ой-пікірлері, көзқарастары мен сенімдері осы жаста қалыптасады.

Этикалық әңгіме-сұхбатқа оқушылардың белсенді қатыса алуы үшін оның жоспары мен негізгі мәселелері оқушыларға алдын-ала беріледі. Баяндамалар алдын-ала дайындалады. Әңгіме-сұхбат кезінде оқушылар жағдайлар бойынша қойылымдар ойнайды. Алдын-ала әдебиеттер тізімі беріледі, оқушылар өмірден немесе әдебиеттерден деректер мен мысалдар жинастырады. Жүргізуші (әдетте сынып жетекшісі) баяндама жасап, әңгіме-сұхбатқа қатысушылар алдына мәселелер қояды, олардың белсенділігін оятады, әр түрлі көзқарастарды тыңдап, оқушьшарға баяндамаларға баға беруді ұсынады, айтьшған ой-пікірлерлі толықтырып, түзеп, қортындылайды, әңгіме-сұхбаттың қортындысын шығарады. Әңгіме-сұхбаттың сол әңгіме кезінде талқыланған мінез-құлық ережелерін жүзеге асыра алатын шынайы пайдалы іспен аяқталуы оң нәтиже береді.

Этикалық әңгіме-сұхбаттын нәтижелі болуының шарттары:

- әңгіме-сұхбаттың мәселелік сипатта болуы, яғни көзқарастар мен пікірлер таласы;

- әңгіме-сұхбат тақырыбының күкейкесті, оқушылар тілек-

талаптарына сай болуы;- әңгіме-сұхбат мазмұнының оқушылардың тәжірибесі мен жас ерекшеліктеріне сай болуы;

169

- әңгіме-сұхбаттын оқушыларды өз ойын жеткізуге, басқалардың пікірін



сыйлауға, шыдамдылықпен әрі дәйекті түрде дұрыс көзқарасты қалыптастыруға үйретуі;

- әңгіме-сұхбат лекцияға айналмауы керек (мұғалім ғана сөйлеп, оқушылар тыңдап отырады),

- әңгіме-сұхбаттың жағымды әрі жайлы ортада жүргізілуі; оған әңгіме-сұхбат жүргізілетін бөлменің іші, дауыстың сенімділік ырғағы, оқушылар жауабын ден койып тыңдау, дұрыс жауаптарды мақтап, дұрыс еместерін сыпайы түрде түзету, орынды айтылған әзіл-сықақ, мазмұнның дұрыс таңдалып алуы жағдай жасайды.

Осындай алдын-ала дайындалған (жоспарлық, бағдарламалық) әңгіме-сұхбаттардан басқа ұжымдағы пайда болған қиыншылықтарға байланысты жоспардан тыс, ауық-ауық әңгіме-сұхбаттар да жүргізіледі. Әңгіме-сұхбаттың ерекше бір түрі әңгіме-экспромт, ол аяқ асты пайда болған жағдайларға байланысты жүргізіледі. Жеке дара этикалық әңгіме-сұхбаттар (көбінесе тәрбиесі төмен оқушымен) жоғары білімділікті талап етеді. Жолдастарының алдында мұндай әңгіме-сұхбат өте қықа болуы қажет, оқушының абыройы тапталмау керек. Мұндай әңгіме-сұхбатты сырласу ретінде жүргізу нәтижелі болады. Егер оқушы өз кінәсін түсінсе, әңгіме-сұхбаттың қажеті де жоқ. А.С. Макаренко мұндай амалды кейінге қалдырылған әңгіме-сұхбат деп атаған.



Пікірсайыс-сананы. сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Пікірсайыс дегеніміз оқушыларды толғандырып жүрген тақырыптар бойынша әр түрлі пікірлерді қалыптастыратын пікірталас. Пікірсайыс орта және жоғарғы сыныптарда адамгершілік, саяси, экономикалық, экологиялық, эстетикалық тақырыптарда жүргізіледі.

Пікірсайыстың тақырыбы тыңдалып алынғаннан кейін, өзіндік пайымдауды қажет ететін 5-6 сұрақ белгіленеді. Пікірсайысқа қатысушыларды осы сұрақтармен тыныстырып (сыныпта немесе мектеп қабырғасына іліп қойып), әдебиеттер ұсынылады. Пікірсайыстағы баяндама еркін әрі қызу болуы кажет. Пікірсайыс жүргізушісі қызметін, әдетте мұғалім атқарады, бірақ ерекше дайындығы бар оқушылар да жүргізуші бола алады.

170

Пікірсайыс кезінде мұғалім оқушылардың айтысын бағыттап, олардың ойларын тәртіпке келтіріп, дәлелге сүйенуге үйретеді. Мұғалім оқушылардың пікірін зер салып тыңдауы керек. Пікірсайысты жекелеп өткізгеннен гөрі, оқушылармен бірігіп оқу жылы бойы өткізілетін айтыстар тізімін жасап алған дұрыс.



Соңғы жылдары мектептерде айтыстың, ізденістің, мәселелерге жауап берудің пікірталас сияқты формасы кеңінен қолданынуды. Пікірсайыс ерекшелігі пікірталастарға оқушылар топтары қатысады. Олар алдын-ала баяндамалар дайындайды, онда өмірлік маңызы бар мәселені шешудің ең тиімді деген жобасы оқушыньщ тілегі бойынша жазылады. Пікірталастардың жүргізушісі және командаларды бағалайтын қазылар алқасы сайланады. Пікірталастардың бір түрі «Болашақтың қаласы» телекөрермендерге кеңінен танымал. Мұндай пікірталас ойын ретінде жүргізіледі (үкімет, спикер).-

Үлгіге негізделген әдіс. Үлгі балалардың, жасөспірімдердің, жастардың қандай да бір үлгілерге еліктеуіне негізделген. Бұл -санасыз еліктеуден саналы еліктеуге, бейнені көшіруден өзіндік бағытын қалыптастыруға, ойын ретінде еліктеуден өмірде шынайы еліктеуге, сырттай еліктеуден іштей еліктеуге үмтылу. Тәрбие процесінде қолданылатын үлгілер өте көп (ата-ана, үлкендер, жолдастары, әдеби шығармалардың, кино мен спектакльдердің қаһармандары). Беделді, білімді, оқушылармен қарым-қатынасы демократиялық негізде құралған мұғалім де оқушыларға үлгі бола алады. Үлгі тәрбиенің барлық әдістерінде (түсініктеме, әңгіме-сұхбат, пікірсайыс) қолданылады.

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі - оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.

А.С. Макаренко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз, ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы

171

әдеттер қалыптасып,жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың



тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен) жан-жақты қатынасқа түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке,

мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдеттерді қалыптастырады.

Бұл топтың басты әдістерінің бірі - жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасалды. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д. Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды.

Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жаттығудың нәтижелі болуы оның мақсаттылығы мен жүйелілігіне, түсінікті болуына, мотивациясы мен ынталандыруына, бақылау мен түзетуге, оны жүргізудің орны мен уақытына байланысты. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топтық және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет.

Оқушы өмірдегі теріс жағдайларда тұрақты қасиет таныта алса, жаттығлар оң нәтиже берді деген сөз. Тұрақты әдеттерді қалыптастыру үшін жаттығуларды ертерек, баланың дүниеге келген сәтінен бастау қажет.

Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән (балаға түсінікті талаптар). Оқушыларға қойылған талаптар шешімді болуы қажет, онда мұғалімнің оқушының ісі мен тәртібіне деген қатынасы білінеді. Жанама татаптар ақыл-кенес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі.

Жаттығулар мен талаптар ойын формасында жиі қолданылады (рөлдік, сюжеттік ойындар). Жаттығу мен талап етуді қолданудың басты шарты оның

172


шамасын білу, яғни белгілі бір уақыт аралығында баланың жас ерекшелігіне қарай екі не үш талап қойылады.

Жаттығу түрлерінің бірі - үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады. Бұл әдісті көбінесе балабақшаларда, бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады.

Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар әр түрлі болады: сырқат жолдасының көңілін сұрау,

кішкентай балаларға ойыншықтар жасау т.б. Мектепте оқу сипатындағы тапсырмалар кеңінен қолданылады: кеңесшінің, мұғалім көмекшісінің жұмысын атқару. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам (мұғалім, сынып белсендісі) бақылайды. Тапсырманың орындалу сапасы жөнінде көпшілік пікірге сүйенген дұрыс.

Жаттығу мен үйретудің бір түрі - тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Мұндай жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады.

Іс-әрекетті, мінез-құлықтың оң тәжірибесін ұйымдастыру әдістерінің бұл тобы тәрбиенің басқа да амал-тәсілдерімен, түрлері мен әдістеріне байланысты.



Ынталандыру әдістері. Мадақтау мен жазалау - басты ынталандыру әдістері.

Мадақтауды оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін қолданады. Оқушынын баскалар елеп мадақтаған жетістіктері қанағаттану, қуаныш сезімін оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, грамотамен, сыйлықтармен марапаттау. Мадақтау әдісін белгілі бір мөлшерде қолдану керек. Орынсыз және шамадан тыс мадақтаудың тәрбиеге тигізер пайдасынан гөрі зияны көп. Мадақтауды қолдану талаптары:

- жетістіктермен қоса мінез-құлықтың мотивтерін де ескеру;

- мадақтау оқушыны басқа оқушыларға қарсы қоймау керек; белгілі бір жетістіктерге жеткен оқушылармен қоса, берілген тапсырмаларды орындауда

173

еңбекқорлық пен жауапкершілік танытқан оқушыларды да мадақтау;



- оқушылардың жеке ерекшеліктері мен олардың ұжымдағы мәртебесін ескеру, мадақтау жиі болмауы қажет;

- ұжымның пікірін ескеру;

- мадақтау әділ болуы қажет.

Жарыстар ынталандыру әдістерінің қатарына жатады. Бұл әдіс оқушының бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қсында, өзара жарысып қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін игеріп, адамгершілік қасиеттерді дамытады. Жарыстарды ұйымдастыру -оқушылар психологиясын білуді талап ететін күрделі іс. Жарыстың мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала анықтап, бағдарламасын құрастырып, оның нәтижелерін бағалаудың шарттары мен көрсеткіштерін қалыптастыру қажет. Жарыстың мазмұны айтарлықтай

қиын болып келеді. Мектеп тәжірибесінде көбінесе жарыстар оқу іс-әрекетінің нәтижелері бойынша жүргізіледі. Сондықтан оқушылардың

үй жұмысын жүйелі орындауын, ынта-ықыласын, сабақтағы ескертулердің аздығын, дәптерлердің тазалығьш көрсеткіш ретінде алған орынды. Жарыстардың бағдарламаларын, шарттары мен көрсеткіштерін жасауға, оның нәтижелерін бағалауға оқушыларды да қатыстыру қажет. Жарыстағы тартыстың адал әрі ашық болуын қадағалау қажет.

Тәрбие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі жазалау - кеңінен танымал

әрі өте қиын әдіс. Қазіргі педагогика мен тәжірибеде оқушыларды жазалаудың мақсаттылығы туралы: жазалаусыз тәрбиеден бастап олардың күрделі түрлерін қолдануға дейін әр түрлі қарама-қайшы пікірлер бар.

Қазіргі мектептерде мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен адамгершілікке негізделуі кезінде жазалауды қолдану мәселесі шиеленісуде. Жазалау дегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі, ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдас-тары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.

Мектеп тәжірибесінде жазалаудың ескерту, ұялту, жиналысқа салу,

белгілі бір жеңілдіктерінен айыру сияқты түрлері қолданылады, ал төтенше жағдайларда сабаққа қатыстырмау немесе тіпті мектептен шығару (педагогикалық және оқушылар кеңесі бойынша) сияқты түрлері де қолданылады. Жазалаудың қатаңдығы оқушының кінәсіна байланысты болу керек. Мұғалімнің қолданған жазасы дәйекті болып, ешбір ыза-кексіз немесе

174


қудалаусыз қолданылуы қажет. Ұжым атынан ұсынылған жазалаудың ықпалы артық болады. Жазалауда оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Оқушылар арасындағы келіспеушілік жағдайлар жазалауды қолданудың негізі бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтап алу қажет. В.А. Сухомлинский айтқандай, оқу-тәрбие жүйесін педагогикалық жағынан сауатты құрастырса, жазалауды қолданудың қажеттілігі болмайды.

Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана білу қажет. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:

- қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;

- оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік бағыттылық;

- оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;

- тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;

- оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;

- тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен жүйесі.

Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педагогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әр түрлі жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар. «Ешқандай педагогикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп есептелінетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұхбат, көпшілік ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды. Ең жақсы деген амал-тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады» (А.С. Макаренко).



Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар

1) Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай? Оларды неге педагогикалық процестің қозғаушы күші деп атайды?

2) Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, еңбек) тәрбиелік ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз.

3) «Педагогикалық ықпал ету тәсілдері», «түрлері», «тәрбие әдістері» ұғымдарының анықтамасын беріңіз.

175

4) Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар? Осы топтар құрамындағы тәрбиенің нақты тәсілдерін атаңыз.



5) Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.

6) Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен тәжірибесін қалыптастыру әдістерін түсіндіріңіз.

7) Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.

8) Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін ашыңыз.

9) Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1) «Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістері» атты педагогикалық процестің қозғаушы күші элементтерінің сызбасын жасаңыз.

2) Сыныптан тыс шаралардың бір-екеуінің (кеш, КВН т.б.) негізінде тәрбиенің амалдары мен әдістерінің қолданылуьш көрсетіңіз.

3) Орта сынып оқушыларына арналған этикалық әңгіме-сұхбат тақырыптарының үлгісін жасаңыз.

4) Жоғарғы сынып оқушыларына арналған айтыс тақырыптарының үлгісін жасаңыз.

5) Арнаулы әдебиеттерден оқушыларды тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын іріктеп алыңыз.



Реферат тақырыптары

1. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру - тәрбиенің көрсеткіші.

2. Қарым-қатынас педагогикалық категория.

3. Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі емес жолдары.

4. Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану.

5. Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін таңдау мәселесі.

6. В.А. Сухомлинский (немесе А.С.Макаренко) еңбектеріндегі гуманистік педагогика әдістері.

7. Оқушыларды тәрбиелеуде Абайдың, Ы. Алтынсариннің әдеби және педагогикалық мұраларын пайдалану.

8. Оқушыларды тәрбиелеуде М. Жұмабаевтің педагогикалық мұрасын («Педагогика» оқулығын) пайдалану.

176


2.6 Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық

процестегі ынтымактастығы

Мақсат: педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымынын өзара ықпалдастытының ғылыми негіздеріне сипаттама беру.

Міндеттер:

а) Әлеуметтік ортаның компоненті ретінде балалар ұжымының феноменін негіздеу.

ә) Педагогикалық процестегі оқушылар ұжымын дамытудың

мәнін, кезеңдерін және зандарын анықтау.

б) Тұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесін ашып-көрсету.

Жоспар

1. Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері.

2. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.

3. Балалар ұжымынының жағдайын диагностикалау әдістемесі.



Негізгі ұғымдар: ұжым, балалар ұжымы, балалар ұжымы дамуының кезендері мен зандары, окушылардың өздерін-өздері басқаруы, оқушы ұжымының қалыптасуының диагностикасы.

Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтік психология, әлеуметтану, мәдениеттану.

Балалар ұжымы және оның даму кезендері. Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушьшар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым

мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский,

С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақгы тұжырымдап берді: ұжым - басқа ұжыммен органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

177

Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратын-дай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.



Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.

Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:

- қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған

бірлескен іс-әрекеті;

- ұжым мүшелерінің еркін қарым-катынас жасауы;

- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.

Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықгык,

өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б.

Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім

178

ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет.



А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандыктан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. ¥жым дамуының негізгі зандылығы — перспективалык бағыттарының

болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат.іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалык бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.

Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатка жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның

оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.

Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы — параллельді ықпалдар заңы.

Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық - тұлға аралық (достық, үнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткеңдей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш моделы қалыптасады:

1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;

2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы (И.П.Подласый).

3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.

Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғаның даралығын,өзін-өзі көрсете білу қабілетін қалыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғаның ара қатьшасын, білуі кажет.

179

Ұжым даму зандылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады.



Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге

болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезенінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қальштастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.

Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақгалған "құрама сынып" оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан окушылар ұжымымен

жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.

Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-

бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсеңцілері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.

Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.

Әрбір оқушы бұл кезенде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз

әрекеттері-нің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол

мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек.

Оқушы ұжымының дамуьшың үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен

180


сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыкқа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.

Ұжымның барлық даму сатыларыңда мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады? (1 суретгі караныз).



Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты.

Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс (А.С. Макаренко) деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет.

181


Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігін терең түсінулері тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет