143
Атқарушы механизмдер
—
бұл басқарушы сигналға сәйкес,
технологиялық үрдіске тікелей әсер ететін жұмыс органдарынынң
жылжуын немесе орын ауыстыруын жүзеге асыратын қондырғы.
Жұмыс органдары болып келесі қондырғылар табылуы мүмкін:
шұра, тиек, жапқыш, құралкүймешік, арбалар, реостаттар
жылжытқыштары, қыздырғыштар және т.б.
Жұмыс органдарының қозғалысы келіп түсетін, бұрылмалы
(бұрылу бұрышы — 360° дейін) немесе айналмалы (бұрылу
бұрышы —360° жоғары) болуы мүмкін.
Жағдай өзгеруі олардың
қосылуы мен сөндірілуіне, беріліс коэффициентінің өзгеруіне,
реверсивтендіруге (қарама-қарсы бағытқа өзгеруі) және т.б.
байланысты мүмкін.
Атқарушы механизмдер құрамына қажетті статикалық және
динамикалық сипаттамаларды қамтамасыз ететін бірқатар
элементтер мен қондырғылар кіреді. Бұл, мысалы,
газ немесе
сұйықтық ағынын басқаратын редуктор және таратқыш қондырғы;
атқарушы қондырғылар — электрлік, пневматикалық немесе гидрав-
ликалық қуатты күшейткіштер; жұмыс органдарынынң жағдайын
білдіретін жағдай датчиктері.
АМ
статикалық
және
динамикалық
сипаттамалары
төмендегілермен анықталады:
■ Сызықтық немесе бұрыштық орын ауыстырудың көлемі немесе
жылдамдығымен;
■ Орын алған кезбен;
■ ақаулармен;
■ сезімталдығымен;
■ тұрақтылығымен.
Жалпы жағдайда қолданылатын энергия түрлері бойынша
атқарушы механизмдерді электрлік,
пневматикалық және
гидравликалық деп бөлуге болады.
Электрлік АМ үшін энергия көзі болып, ережеге сай, 220 немесе
380 В кернеулі электр желісі табылады. Алайда көптеген АМ 36 В
немесе тұрақты тоқта 12,24,27 В кернеуде де жұмыс жасай береді
(барлық мүмкін болатын электромагниттік реле, қосқыштар,
электромагниттер, электр қозғалтқыштар және т.б.).
Электрлі АМ жұмыс органдарын қозғалту немесе олардың
энергиясын қосып-өшіру үшін электр
энергиясын механикалық
энергияға түрлендіреді.
Пневматикалық
АМ энергия көзі болып әдетте шамамен 6-10
5
Па қысыммен сығылған ауаның зауыттық желісі табылады. Алайда
олардың қуатталуы тек сығылған ауаның келіп түсуін ғана
қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, басқа да газдардың
түрлі қысымда, 10
7
дейінгі қысымда келіп түсуін қамтамасыз ететін
бөлек көздермен жүзеге асырылуы мүмкін.
144
Пневматикалық АМ әдетте, сығылған
газ энергиясын жұмыс
органдарының жылжуына арналған механикалық энергияға
түрлендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: