Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 35–36. Қазақстанда тараған топырақ типтері



Pdf көрінісі
бет129/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 35–36. Қазақстанда тараған топырақ типтері
негізгі ұғымдар: 
топырақтың түрі, топырақ жамылғысының және 
биіктік белдеулігінің зоналық заңдылықтары
Картамен жұмыс
.
1. Картаға қарап, Қазақстан бойынша және өздеріңнің тұратын жер-
лерің үшін қандай топырақ түрлері тән екенін айтыңдар. 
2. Физикалық және топырақ карталарын салыстырыңдар. Топырақтың 
өзгеруіне жер бедерінің қалай әсер ететінін түсіндіріңдер. 
3. Не себепті топырақтың құнарлылығы оның ең маңызды және негізгі 
қасиеті болып саналады?
1. топырақ жамылғысы.
Бұрынғы кездері топырақты зерттеумен гео-
логтар мен ботаниктер, агрономдар мен химиктер айналысқан еді. Олар-
дың әрқайсысы топырақты өз саласы бойынша: геологтар – жинақталған 
үйінді материалдарды, ботаниктер – жасыл желектерді, химиктер – күр-
делі қосылыстарды, агрономдар – болашақ егіннің түсімін бақылады.
Топырақтың ауысуы тек жазықта ғана емес, тау етегінен тау басына 
көтерілген сайын байқалатынын аңғаруға болады. Бұл 
биіктік белдеулік
деп аталады.
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және алуантүрлі, бірақ 
жалпы географиялық заңдылықтарға бағынады.
Қазақстанның топырақ жамылғысы туралы көбірек мәліметтер Қа-
зақстан ҰҒА топырақтану Институтының дала түсірмелері, стационарлы 
және зертханалық зерттеулер арқасында алынды. Жерге орналастыру 
бойынша Қазақ ұлттық жобалау Институты жыл сайын өз адамдарын экс-
педицияларға жіберіп отырады. Экспедициялық мәліметтер топырақтың 
есебін, оның сапалы бағасын жүргізуге, және топырақ жамылғысының 
дәл картасын жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет