117
Қолдану
1. Қазақстанның қандай жерлерінде биіктік белдеулік топырақтар кездеседі?
2. «Қазақстанның топырақ түрлері» кестесін оқып-үйреніп, қызыл қоңыр топырақ
құрамындағы қарашірінді қабатының қалыңдығын
және пайыздық мөлшерін
анықтаңдар.
Сараптау
1. Топырақ жамылғысының зоналық заңдылығы дегеніміз не, түсіндіріңдер. Қа-
зақстан аумағына қалай әсер етеді?
2. «Қазақстанның топырақ түрлері» кестесін талдап, қорытынды шығарыңдар.
Синтездеу
1. Қазақстанның жазық жерлерінде қандай топырақ зонасы тараған?
2. Топырақтың құнарлығын бір қалыпты ұстап тұруға бола ма немесе ол міндетті
түрде құнарсыздануы керек пе? Өз ойларыңды фактке сүйене отырып жеткізіңдер.
Бағалау
1. Биіктік белдеу заңдылығына баға беріңдер.
2. Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысының солтүстіктен оңтүстікке, ба-
тыстан шығысқа қарай заңды түрде ауысуы неге байланысты? Түсіндір.
Достарыңызбен бөлісу: