89
кі көтерілу толқындардың биіктігі ашық мұхитта 1 м-ге жетеді. Көтерілу
толқыны Жерді айналып өтіп, суды ең жоғарғы деңгейге көтеріп (
толық
су
) және оны қайта төмен деңгейге түсіреді (
кіші су
).
Шығыс Сібір теңізінде материктің жағаларында судың көтерілу биік-
тігі 30 см-ден аспайды, ал Де-Лонг аралының маңында 2 метрге дейін
көтеріледі.
Судың көтерілу құбылысы ірі өзендерде де болады. Өзендерде бұл
құбылыс сағасынан бастауға қарай көтеріліп, деңгейдің ауытқуына тербе-
луіне әсер етеді. Олар үлкен қашықтықтарға дейін жетуі мүмкін. Амазонка
бойымен оның сағасынан бастап судың көтерілуі 1400 км қашықтыққа,
Солтүстік Двина өзені бойымен 120 км-ге, Печора өзенімен 88 км-ге дейін
таралады. Өзен бойымен көтерілген толқындар биіктігі 1 м-ден асатын
белестер жасап кетеді. Бұл құбылысты «
бор
»
деп атайды. Кейбір өзендерде
(Сена, Северн) – кеме қозғалысы үшін бор өте қауіпті, оларды тек арнайы
гидротехникалық машиналардың көмегімен ғана жоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: