Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет35/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Бүйрек зақымдануы 
 
Дәрілік препараттардың көпшілігі және олардың метаболиттері 
бүйректер арқылы шығарылады, осыған байланысты бүйректердің 
дәрілік терапиядан байқалатын асқынысы айтарлықтай көп 
кездеседі. 
Гломерулонефрит мына дәрілік заттарды: гидралазин, бутадион, 
сульфаниламидтерді ұзақ уақыт қабылдағанда пайда болады. Жедел 
түтікшелік некроз гентамицин, стрептомицин және басқа да 
аминогликозидтерді қолданғанда дамиды. Мұнымен бір уақытта
құлақ саңыраулығы дамуы мүмкін. Цефалоспорин мен фуросемидті 
бірге қолданғанда бүйректің осыған ұқсас өзгерісі дамиды. Терілік 
бөртпемен, кызбамен, артралгиямен жүретін жедел интерстициальдық 
нефрит сульфаниламид, рефампицин, бруфен, бутадион, тиазидті 
диуретиктерді және т.б. препараттарды қабылдағанда дамиды. 
Бүйректің интерстициальдық тінін морфологиялық зерттегенде 
мононуклеарлы және эозинофильді инфильтраттар көрінеді. 
Анальгетикалық 
нефропатия 
кезінде 
әдетте, 
артериалдық 
гипертониямен өтетін интерстициальдық тіннің айқын өзгерісі 
көрінеді. Нефротикалық синдром D-пеницилламин, толбутамид, литий 
препараттарымен емдегенде дамиды.
Кальций құрамды дәрілік заттарды ұзақ қолданғанда, жиі 
дуоденальдық ойық жараның емінде бүйректе және зәр шығару 
жолдарында тастар түзіледі.
Кристаллурия және көп мөлшерде ураттардың бөлінуі 
химиотерапиялық 
препараттардың 
әсерінен 
болады, 
ол 
нуклеопротеидтердің және сульфаниламидтердің тез ыдырауына 
әкеледі. 


76 
Өкпе зақымдануы 
 
Өкпе 
зақымдануының 
бірнеше 
нұсқаларын 
бөледі:
бронхиалды 
демікпе, 
альвеолит, 
өкпелік 
эозинофилия, 
респираторлы дистресс-синдром. Бронхоспазм дәрілік заттарға 
(антибиотиктер, сульфаниламидтер т.б.) кең таралған аллергиялық 
реакциялар кезінде пайда болады. Арахидон қышқылының 
метаболизмінің бұзылысын және лейкотриендердің түзілуін 
жоғарылатушы стероидты емес қабынуға қарсы заттардың 
жақпауынан бронхиалды демікпені тудыруы мүмкін. b-
адреноблокаторлар, 
холиномиметиктер, 
симпатолитиктер 
бронхоспастикалық әсер көрсетеді.
Дәрілік заттарға сезімталдық (инсулин, АКТГ, химотрипсин 
және т.б.) қалай жоғары болса, сол сияқты кейбір заттардың 
(цитостатиктер, нитрофуран, хлорпирамид, гангиоблокаторлар) 
өкпе тініне токсикалық әсері альвиолиттің себебі болуы мүмкін.
Антибиотиктерді, сульфаниламидтер, ПАСҚ және т.б. заттарды 
қабылдау нәтижесінде өкпеде эозинофильді инфильтраттар түзіледі.
Бұл кезде қандағы эозинофильдер 50-70%-ке жетеді. Морфин, 
нитрофуран, ацетилсалицил қышқылы шақыратын респираторлы 
дисресс-синдром өкпе зақымдануының сирек нұсқасы болып 
табылады. Сәулелік терапия және пропранололмен ем жүргізгенде 
плевра фиброзы дамиды. Қастауыш алкалоидтары
(метисергид, 
эрготамин) плевра склерозын, ретроперитонеальдық фиброзды және 
жүрек қақпасының жармасы фиброзды тығыздалуын шақырады. 
Нитрофуранмен, 
сульфаниламидтермен, 
пенициллинмен, 
гидралазинмен, прокаинамидпен емдеу кезінде өкпелік васкулит 
кездеседі. Оған жүйелік көріністер тән болады, сол кезде терінің, 
буындардың, бұлшық еттердің және т.б. зақымданады. D-
пеницилламинді қабылдау Гудпасчер синдромын дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет