Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Жаңа туған нәрестелер мен омыраудағы балалардағы



бет134/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Жаңа туған нәрестелер мен омыраудағы балалардағы
жедел аппендицит
Жоғарыда жедел аппендицит 1 жасқа дейінгі балаларда өте сирек кездеседі деп айтып кеттік. Отандық және шетелдік басылымдарда аз болса да кездесетіндігі айтылған (У.А.Арипов, 1961, СА.Шитинин, 1962, Р.Н.Храмов, 1964, А.Ф.Дронов, 1966, К.А.Могилевская, Лойко Е.Е., 1977, 1962, 1964, 1972, 1975).
Осы жастағы балаларға диагноз қоюдың қиындығы екі түрлі себептерге байланысты: соқыр ішек қабынуының өте сирек кездесуі және оның көптеген соматикалық ауруларға ұқсас болуы. Бұл ауруларда да баланың ыстығы көтеріледі, мазасызданады, құса береді, үлкен дәреті бұзылады және нәрестелерді тексеріп қарау қиын.
Ауруды тексергеңде оның тарихынан бастау керек. Оның ішінде мынадай кезеңдерге көңіл бөлу қажет: баланың мазасыздануы қашан басталды, тамақтан бас тартуы, құсуы неше рет, іші өте ме т.б. Ата-аналары бұл деректерге қосыңқырап, әдетте ішкен тамағына байланыстырып айтады. Көптеген зияткерлердің пайымы бойынша ауру кенеттен басталады, бала мазасызданып жиі жылайды, тамақ ішпей қояды, аяқтарын тыпырлата береді, әдетте аурудың бас кезінде бала құсады (бірнеше рет құсуы мүмкін), ыстығы көтеріледі (38-390С), іші өтеді, кейде үлкен дәреті жүрмей қалады. Аурудың алғашқы кездерінде оң жақ мықын аймағының ауыруы, іштің қатаюы айқын білінбейді, оның үстіне мазасызданған бала оларды анықтауға мүмкіндік бермейді.
Бұл жастағы балаларда диагноз өте кеш қойылады да, бұл кезде оның іші үлкейіп, қатайып кетеді, токсикоз бен эксикоз, іш астарының қабынуының белгілері (перитонит) байқалады. Сондықтан, баланы дәрінің көмегімен ұйықтатып тексерген тиімді, оң жақ мықын аймағын пальпациялағанда бала мазасызданып, хирургтің қолын итеріп тастауы, тіпті оянып та кетуі мүмкін.
Ю.Ф.Исаков басқарған клиникада 20 жыл ішінде операция жа-салған 1 жасқа дейінгі 12 баланы бақыланған. Бұл осы уақыт ішінде операция жасалған балалардың 0,06%-н құрайды. Олардың барлы-ғы да ауруханаға кеш, ауру басталғаннан кейін 3-4 тәуліктен кейін түскен. Операция кезінде 75%-да гангреналы-перфоративтік жедел аппендицит іш пердесінің қабыну белгілерімен болып шықты.
Жаңа туған нәрестелерде жедел аппендицит өте сирек кездеседі. Әлемдік әдебиеттерде осы уақытқа дейін 8 оқиға ғана жазылған. Бұл нәрестелерде операция басқа ауру диагнозы бойынша жасалған немесе патологоанатомиялық тексеру кезінде банықталған (Поркшеян Н.И., 1950, И.И.Пивен, 1962, Н.С.Керницкая, А.С.Бурда, 1972).
Ақырғы жылдары осы жастағы балаларда жедел аппендициттің болуы жиілеп кетті. А.Баиров бойынша (1962) жедел аппендициттің диагнозы операцияға дейін өте сирек койылган.
Ю.Ф.Исаковтың клиникасында 20 жыл ішінде жедел аппенди-цитпен жаңа туған 3 бала бақыланды (0,015%). Науқастардың жасы 9, 14, 21 күн. Бар жағдайда операция кезінде гангреналы-перфора-тивтік жедел аппендицит, перитонит байқалады, 2 бала тірі қалған.
Клиникасында - аурудың басында емшектегі балалардағы сияқты сәби мазасызданады, емшек ембейді, ыстығы көтеріледі (38-390С), одан кейін құса бастайды, құсық құрамында өт қалдықтары болады. Сәбидің іші үлкейіп, барлық бөліктерінде қатайып кеткен, одан ары іші қызарып ісініп кетеді, эксикоз бен токсикоз өрістей береді, тілі құрғап кетеді, үлкен еңбегі ішіне кіріп бет әлпеті өзгереді. Іш пердесінің тітіркенуі, дене температурасы мен қан тамырының соғуының сәйкес келмеуінің диагноз қоюда аса маңызы жоқ. Қанда - лейкоцитоз, сол жаққа ығысу байқалады.
Диагноз қоюда рентгенологиялық тексеру көмектеседі, құрсақ қуысында, ащы ішекте сұйықтың деңгейін, ал аппендикс тесіліп кетсе - еркін жүрген газды көрінеді.
Жалпы, балаларда жедел аппендициттің днагнозын қою өте қиын, әсіресе баланың жасы кішірейген сайын қиындай береді. Мұның ішінде жедел аппендициттің негізгі белгілерін дұрыс анықтап, бағалай білу, ішті табиғи ұйқыда немесе дәрінің көмегімен ұйықтағанда тексеру кезінде іштің еріксіз қатаюын үнемі дәл байқап, бағалау өте күрделі. Осыған байланысты аталған белгіні нақты ажырату үшін іштің алдыңғы бетінің электромиографиясы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет