Қозғыш психопатия
233
отырып, психикалык дені сау адамдар тәрізді кабілеттер мен мүмкіндіктерді
игереді.
Психопатиялык тұлғалардағы айкын бұзылыстар эмоционалды — еріктік
сферада байкалады. Эмоциялык реакциялар кейбір наукастарда аса айкын,
ашу-ыза ұстамасымен және агрессивті әрекетгермен көрінеді, ал кейбіреулерінде
өз толымсыздығы сезіміне күйзелумен, үреймен және коркынышпен байланы
сты көрінеді. Бұл мінез-кұлкындағы ерекшеліктерден айналадағылар немесе
олардың өздері зардап шегетін адамдарды психопаттар деп атауға негіз болды.
Бұл аффективті көріністер карапайым эмоцияға жатады, олар наукастың
аффективті өмірінде үстемдік көрсетеді. Бұл жағдай кейбір мамандарға
психопатияның негізгі белгісі жоғарғы эмоцияның жетілмегендігі және оны
олиготимия деп квалификациялауға жол берді. Психопатия кезіндегі ерік
бұзылысы оның жеткіліксіздігімен байланысты көрінеді, ал кейде аффективті
стимулдардан, тұлғаның жалпы реттеуші және адаптациялык механизмдерінің
төмендеуімен аныкталатын аффективті реакциялар мен жүріс-тұрысты
баскарудың толы к болмауымен көрінеді. П си хоп ати ян ы ң көптеген
симптоматикаларының ішінен психопатияның кейбір варианттарына тән
психопатологиялык көріністерді, сонымен бірге неврозда кездесетін психикалык
бұзылыстарды көруге болады: бас ауыруы, шаршағыштык, ұйкы бұзылыстары
және т.б. Невроздык симптом, әдетте, декомпенсация жағдайымен бірге жүреді
және жағымсыз факторлардың әсерінен болады және де динамика ерекшелікгеріне
байланысты болуы мүмкін. Тұлғаның психопатиялык касиеттері жиі наукасты
конфликтілерге әкеліп соктырады, конфликт психогенді реакция шакырады,
нәтижесінде психопатия ағымы ауырлайды («психопатиялык цикл», Керби-
ков О.В., 1963). Психопатиялык тұлғаны декомпенсациялайтын факторларға
соматикалык және инфекциялык аурулар, уланулар, эмоциялык стрестерді де
жаткызуға болады.
П сихопатияны ж еке клиникалы к топка бөлгеннен бастап, олардың
көріністерін жүйеге келтіруге талпыныс үнемі жасалып келеді. Психоптиялардың
әр кезеңде болжамды жіктеулері басты психикалык бұзылыстарының жеке
формаларын бөлу аркылы клиникалык принципке негізделіп кұрылды. Осы
негізгі бұзылыстардың сипаты на карай олардың формалары ны ң атауы
аныкталды.
Сонымен, казіргі уакытта психопатияның келесі түрлері ажыратылады:
козғыш (возбудимая), параноидты, шизоидты, психастениялык, истерялык,
аффективті және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: