Оқулық o p s 3 философия негіздері


калыптасты. Олардың ілімдерін жеке-жеке бөліп карамай, жалпы



Pdf көрінісі
бет89/521
Дата21.09.2023
өлшемі13,05 Mb.
#181915
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   521
калыптасты. Олардың ілімдерін жеке-жеке бөліп карамай, жалпы
“энциклопедистер ілімі” деген ортак атпен біріктіріп Караганды жөн
көрдік. Негізгі өкілдері мен олардың еңбектері: Дени Дидро (1713-1784
ж., “Рамо жиені”), Ламетри (1709-1752 ж., “Адам - машина”), Гольбах
(1723-1789 ж., 
“Табиғат жүйесі”), Гельвеций (1715-1771 ж., “Адам
туралы”) т.б.
Энциклопедистердің пікірішпе, әлемнің түпнегізі - табиғат,
материя. Оның негізгі касиеттері: кеңістікте көсілу, салмак, бірлік, түр
(форма), козғалыс. Материяның кейбір түрлеріне белсенділік тэн болса,
кейбіреулеріне енжарлық тэн. Белсенділігінің арқасында материя,
ешқандай сырткы кұштің әсерінсіз, өзінен өзі туындайды жэне өз
дамуының себебі өзінде.
Кеңістік пен уакыт бір-бірімен тығыз байланысты, жэне олар
материяның негізгі қасиеттері. Ал козғалыс болса, ол материяныц өмір
сүру тэсілі. Денелер үздіксіз қозғалыста болады, тыныштыктың өзі де
козғалыстың бір түрі. Бірак олар қозғалысты механикалык қозғалыс
(орын ауыстыру) тұрғысынан карастырады. Сезімдік түйсіну - барлық
денелерге тэн. Олай болса, табиғатгың өзінде түйсіктерге ұксас касиет
бар. Ал, сана, сезімдік түйсіктері бар денелер, негізінде жоғары
дәрежеде ұйымдаскан материяныц түрінде болады (Гольбах).
Дүниеде 
себепсіз 
ештеңе 
болмайды, 
керек 
десеңіз
кездейсоқтыктың өзі де себептіліктің бір түрі. Өзгеріс, даму - жай ғана
көбею, пайда болу, жеделдету, бэсеңдету. Адам мен коғамдар осылай
дамиды. Сайып келгенде, дүниедегі өзгерістердің барлығы таза
механикалык 
заңдылыктарға 
бағынады. 
Мысалы, 
жануарлар,
адамдардың өздері де жаны бар машиналар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет