жасайды. Ал өз ойы мен жоспарын, сырткы кұрылымды өзгертудегі өз эрекеті мен актін жүзеге асыру үшін адам әлемге деген көзкарас тэсілі бейнеленетін жэне ондағы адам болмысы аныкталатын философиялык онтологияны дайындап шығаруы тиіс. Әлемдегі адам болмысының тэсілі және әлемге катынас типіндегі оның бейнелену тәсілі онтология болып табылады жэне одан бүкіл адам элемі туындайды. Демек, элемдегі Адамның позициясы көбіне социомәдени нактылықты, яғни Адам элемін пайымдау мен калыптастыруға мүмкіндік береді. 4.1 Шығыстық мәдениет элеміндегі адам болмысы. Шығыс дәстүрлерінде болмыс такырыбының қалыптасуы шынайы жэне өткінші болмыс такырыптарымен тығыз байланысты. Болмыстағы шынайылык пен өткіншіліктің ең ертеде түсіндірілуі мен олардың айырмашылығы Ригведа гимндерінде (Насадиясукта) кездеседі. Онда «сат» деп белгіленетін шынайы болмыс хаосты үйлесімділікке, тәртіпке заңды түрде реттейтін әлемдік күш ретінде аныкталады. Өткінші әлем пшнайы болмысты алмастыратын, салыстырмалы түрде ауысып отыратын, көзге көрініп қана тұратын сағым тәрізді нақтылык болып табылады. Шынайы болмыстан өзге шрамандар болымсыздыкты да айырады. «Асат» деп атай отырып, аскеттер оны киратушы күш ретінде сипаттайды. «Кена-Упанишадтағы» интеллектуалдык пайымдауларда болмыс сезім мен ақыл-ой аркылы кабылданбайтын, бірак өз формаларының накты көрінісі арқылы оның бар екендігін түжырымдауға болатын - Брахман деп түсіндіріледі. Егер оның формалары болса, онда оның мәні де бар, — деп түйіндейді аскеттер. Ал мәнділік деген не? Бұл сүраққа Удалака былайша жауап береді: «Барлық ... жаратылыстың түбірі Мәнділікте, түрағы Мәнділікте, сүйеніші Мэнділікте». «Бхагавадгитада» мифтік Кришна Брахман деп аталатын мэнділік түріндегі болмыс туралы