айта келіп, шынайы болмыс пен өткінші болмыстың айырмашылығын дәл көрсетеді. Кришна үшін шынайы болмыс - Жоғарғы Брахман - мэңгілікке оранған болмыс. Оның басталуы да, аныкталуы да болмайды, 101
оны ешкім туғызбайды, ол бүзылмайды және оның мэні бүкіл әлемді жэне одан тыс нәрсені де алып жатыр. Брахман - жалғыз, ол бір мезетте мэнді де мәнсіз, ол мэңгілік жэне шексіз. «Бүл бүкіл элемнің өн бойын қамтитын нәрсе, ешқашан да бүзылмайды. Тек денелер ғана өткіншінің бейнесі. Ол болса — мэңгілік. Өлшенбейтін, ол ешқашан да өлмейді». Брахман түріндегі болмыс туралы идея шрамандардың ең алғаш әлемнің мифологиялық картинасына деген сенімді жоғалтканда ең алғаш халық алдына шыккандағы рационалдык принципі болды. Ертедегі Үнді аумағындағы ұлы өзгерістер тұсында, бір мифологиялық түсініктің орнына екіншісі келіп, бірак өздерінің қүдайларына деген сенімді жоғалтып жэне де жаңа өзге халықтардың экелген қүдіретіне сенбестік білдіріп, адамның өмір қамына катысты маңызды мэселелер шешімін таба алмай жатқан кезінде адамзат ақыл- ойының күшіне деген шаманнық (баксының) бойындағы үміт халықтьщ бойында сенімділік ұялатты. Осылайша Арджуна Кришнаның өткір уәждеріне сене отырып, соғысқа батыл кіріседі. Оның батылдығы мен өжеттілігі, Брахманмен мәңгі байланыс орнатқаны үшін, Атманнан қолдау табады. Адамға ашылған Ақикат бойынша ол «Менге» (Атманға) не бола отырып, өз мүмкіндіктерінін көкжиегін кеңейте түседі, егер өз болмысында үйлесімділік болмысын, табиғи әлем болмысын бұзбай, заңмен, тэртіппен жүрсе Мәнділікпен байланыс орнатуға кабілетті