туралы жаңазамандык идеяларга дейін; Платонның «Идеясынан», Парменидтің «Болмысынан» жэне Плотиннің «Түтастық» ретіндегі діни- философиялык «Құдайынан» Гегельдің «Абсолюттік Идеясына» дейін - міне, әлемдегі адамның белсенді-эрекеттік болмысымен катар жалпы әлем болмысынын өз мүмкіндігі туралы түжырым жасауға мүмкіндік беретін «Дүниенің тұтас негізі не» деген философиялык сұрақка жауап іздеген ойшылдар мен рухани-интеллектуалдык ізденістердің толык емес тізбегі осындай. «Дүние» туралы талмай сұрақ бере отырып, ол 114
туралы интеллектуалды-рухани ой толғай отырып және әлемдегі өз болмысын игеруге ұмтыла отырып, өзінің шығармашылык әлеуетін жүзеге асыруға зор мүмкіндіктері бола тура адам абсолюттік мәңгілік пен Әлемнің шексіздігі алдында элі де болса бала сиякты қорғансыз. Батыстык өркениетгің кеңістіктік-уакыттык өсуі адамзаттың белсенді әрекеті шекарасын кеңейту қажеттілігін барған сайын алға тарта отырып, табиғи және әлеуметтік әлем туралы вдеяларды негіздейтін жаратылыстанымдык-ғылыми жэне философиялык концепцияларды дүниеге экелді. Субстанция идеясы - адамзаттың философиялык ойының ұлы жетістіктерінің бірі. Субстанция ұғымы философиядағы негізгі түсініктер катарына жатады, оның көмегімен философтар болмыстың өзіндік шартшлығын негіздеуге тырысады. Субстанция - бұл абсолюттік бастауды, түпнегізді бейнелеу үшін қолданылатын ұғым. Бұл бастау өзін негіздеу үшін өзге ешнәрсені талап етпейді. Субстанция өз-өзіне жеткілікті. Өз-өзіне жеткілікті идеясын барынша категориялык формада Б.Спиноза ұсынады: субстанция - «causa sui», яғни «өз-өзіне» себеп болып табылады. «Мен субстанцияны,