Ежелгі грек философиясында адам бастапкыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тэртіп жэне ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір катынастар жүйесінде өмір сүреді. Өзінің барлық табиғи жэне элеуметтік ортасымен, көршілерімен жэне полиспен, жанды және жансыз заттарымен, жануарлармен және күдайлармен бірге ол біртүтас, 143
ажырамас элемде өмір сүреді. Ғарыш түсінігінің өзі мұнда адамдык мэнге ие болады, сонымен катар адам тірі ағза ретінде, макрокосмның бейнесі микрокосм ретінде, ғарыштың бір бөлігі ретінде пайымдалады. Гилозоизм позициясының, яғни тірі мен өлі арасындағы шекараны теріске шығарып, универсумның жалпы жандылығын мойындайтын позицияны ұстаған милет мектебі өкілдерінің көзкарастары дэл осындай еді. Тікелей антропологиялык проблематикаға өту софистердін сыншыл жэне ағартушылык эрекетімен жэне философиялык этиканын негізін калаған Сократтың эрекетімен байланысты болды. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны мен касиеттері болып табылады. Ол "жаксылык - білім" деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалык рационализм принципін негіздейді. Сондықтан да кайырымдылык пен эділеттілікті таныған адам жаман және әділетсіз қылык жасамайды. Адамның міндеті акикатты тану негізінде үнемі адамгершілік парасаттылыкка ұмтылуда. Жэне бұл ең алдымен өзінді өзің тануға, өз адамгершілігінің мэнін ұғынуға бағытталады. Демокрит - адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Демокрит бойынша, адам - табиғаттың бөлігі, табиғат сиякты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан кұралады. Тэннің