бұл элеуметтік жэне табиғи ортаның талабына деген жауап: табиғи- георафиялык орта адамзат кауьмдастығынан үнемі “жауап” талап етеді, ал тарихи көршілер тарапынан төнген кауіп, діни кемсітушілік және т.б. элеуметтік гұрғыдагы “талап” болып табылады. Өркениеттің токырауын Тойнби өзінің өткен жетістіктерін көшірумен ғана айналысып шығармашылык шарасыз күй кешкен шығарманшлык элитаның өз күшін саркумен байланыстырады. Бұл қоғамның барлык жағдайына зиянды эсерін тигізеді. Мұнын нэтижесінде өркениет өзінің ішкі бірлігі мен өзіндік багыт таңдау қабілетінен айрылды. Өркениеттің кұлдырау фазасы үш кезеңнен тұрады: өркениеттің тоқырауы, бұзылуы, жойылуы. Тоқырау мен жойылудың арасы ғасырларға, тіпті мыңжылдыктарға созылуы мүмкін. Мысалы, мысырлык өркениетте тоқырау б.з.д. XVI ғасырда орын алса, ал оның жойылуы б.з. V ғасырына сәйкес келеді. Екі мың жыл бойы ол “өмірдің тас болып калган өлімі” формасында өмір сүрді. Тоқыраудан кейін де ұзақ өмір сүретін өркениеттерді белгілеу үшін А.Тойнби осы “тас болып калган” өркениет терминін қолданады. Мысыр екі мың жылға катып калса, ал Қытай мың жылға тас болып калган. Бұл өзге өркениеттерде де кездеседі. А.Тойнби тарихта типологиялык тұрғыда ажыратылатын отыз алты өркениет бар деп есептейді. Ол өркениеттерді дамуы “толык іске асқан” жэне “іске аспаған” (мысалы, христиандык несториандык, христиандык монофизитгік, христиандык қиырбатыстык жэне т.б.) деп бөледі. Дамуы толык іске аскан өркениеттердің өзі тэуелсіз жэне сателлиттер деп бөлінеді. Тәуелсіздердің өзі мынадай өркениеттерге бөлінеді: өзгелермен байланысты емес