Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет



бет97/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

ә) а *b+с, (a+b) *с т.б. түріндегі мәселелер. (Көбейту мен бөлуге қатысты қарапайым мәселелерді өз ішіне алған мәселелер). Мұндай мәселелермен II сынып оқушылары көбейту кестесін түзуі және үйренуге дайындық кезеңінде бірінші рет танысады.
Бірінші мұндай мәселелерді суреттермен иллюстрациялау пайдалы саналады. Мысалы, осы мәселені қарастырамыз: “Уәли жазда көбелектен коллекция жинады: үш құтыда 6-дан, бір құтыда 4 көбелек болды. Уәлидің қанша көбелегі болған?” Оқулықта осы мәселеге қатысты предмет сурет
берілген, бірақ оны құтыны тіктөртбұрыш, көбелекті үшбұрышпен суреттеп, схемалық суретке айналдыру мүмкін.
Кейінгі мәселенің шартын қысқаша мынадай етіп жазу мүмкін: Қырып алды — 2 тұтынушыға 8 м-ден. Қалды — 7 м.
Бар еді — ? Немесе мынадай:
Қырқып алды — 2 тұтынушыға 8 м-ден. Қалды — 7 м. Сызба немесе қысқа жазудың жауабын іздеуге көмек береді:

8x2+7=16+7=23 (м).


Жауабы: топта 23 м шыт болған.
б) Екі көбейтіндінің қосындысы (айырмасы); екі бөліндінің айырмасын табуға қатысты мәселелер.
“Құрылысшылар әрқайсысында 6-дан бөлмесі болған 8 үй және әрбірінде 5-ден бөлмесі болған 7 үй құрды. Бұл үйлерде барлығы болып, қанша бөлме болған?”
Мәселені қысқаша етіп былай жазуға болады:
8 үй 6-дан бөлме. 7 үй 5-тен бөлме.
Мұндай мәселелерде өрнектеп шешу мақсатқа сай болмақ: 6х8+5х7=83 (бөлме). Жауабы: 83 бөлме.


29-§. Мыңдық және көптаңбалы сандар тақырыбында мәселелер шешуді үйрету методикасы


“Мыңдық” тақырыбында оқушылар жаңа мәселелерге тап болмайды.
Бұнда да “Жүздік” тақырыбындағы мәселелер қарастырылады. Тек мұндағы айырмашылық мынадан тұрады, яғни, осындай жағдайда бір таңбалы, екі таңбалы сандармен емес, үш таңбалы сандармен де жұмыс көріледі.Сондай мәселелердің бірін көріп шығумен шектелесіз: “Бір бала үш кітап оқыды.
Олардың бәрі 653 беттен тұрады. Бірінші кітап 256 бетті, екіншісі одан 58 бет аз. Үшінші кітап неше бетті?”
Мәселенің шартын былай жазамыз:
Барлығы: 653 бет I к. — 256 бет
I к. — ? 58 бет аз. III к — ? бет


Шешілуі:




1) - 256

2) +256

3) - 653

58

198

454

198 (бет)

454 (бет)

199 (бет)

Жауабы: үшінші кітап 199 бетті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет