Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Фосфолипидтер мен гликолипидтердің алмасуы



Pdf көрінісі
бет104/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
3.7. Фосфолипидтер мен гликолипидтердің алмасуы 
Күрделі липидтерге липидтен басқа құрамында липидті емес 
компоненттер (белок, көмірсу немесе фосфат) бар қосылыстар 
жатады. Осыған сәйкес протеолипидтер, гликолипидтер және 
фосфолипидтер түрінде кездеседі. Энергия көзі ретінде жұмсалатын 
жай липидтерден айырмашылығы- күрделі липидтер пластикалық 
қызмет 
атқарады, 
негізінен 
биомембрананың 
құрылымдық 
компоненті болып табылады. Протеолипидтер жүйке жасушалары 
миелин қабатының және синаптикалық мембраналар мен 
митохондрияның 
ішкі 
мембраналарына 
еніп, 
құрылымдық 
қызметтер атқарады. Гликолипидтер митохондрия мембранасы 
жұмыстарына: рецепция процесіне, клетка аралық контактілердің 
реттелуіне, бақылануына қатысады. Оларға тіндердің жоғары 
спецификалығы тән, сондықтан клетканың сыртқы бетінде 
орналасып антиген рөлін атқарады. [30]. 
Фосфолипидтер клетка мембраналары құрылымының
түзілуінде, оның атқаратын қызметінде және лизосомалық 
ферметтердің активтенуінде, нерв импульсінің өткізілуінде, қан 
ұюында, иммунологиялық реакцияларда, клеткалық пролиферация
процестерінде және тіндердің регенерациясында, тіндік тыныс алу
циклінда, электрондардың тасымалдануында өте маңызды рөл 
атқарады. ФЛ-ң түзілуі бауырда , ішек қабырғасында, сүт 
бездерінде, аталық және аналық бездерде жоғары белсенділікпен 
жүреді. Әрбір ФЛ-ң синтезделуінен басқа олардың бір-біріне айналу 


145 
жолдары бар, осының арқасында қажет кезінде керекті ФЛ-термен 
қамтамасыз етуге болады. Ұзақ уақыт тағам құрамында холин, 
метионин жеткіліксіз болса , 
бауырдың майлы инфильтрациясы 
пайда болады. Бұл кезде негізінен ТАГ тіндердің құрған массасына 
шаққанда 45% құрайды, қалыпты жағдайда 7-14% - дан аспау қажет. 
Бауырда 
майлы 
инфильтрацияның 
пайда 
болуы 
фосфатидилхолин 
мен 
сфингомиелиндердің 
жеткіліксіз
синтезделуіне байланысты болады. Әдетте, холин мен метионинге 
қажеттілік көбінше қоректік заттармен толықтырылады.
ФЛ-р организмнің ЛП-ң түзілуіне ФЛ-тен басқа жеткілікті 
мөлшерде ТАГ және ХСН жұмсалады. 
Бауырда түзілген ЛП-р, атап айтатын болсақ: ӨТТЛТ-р қан 
ағымына түседі , яғни ЛП-ң түзілуін бауыр липидтерінің маңызды 
утилизациялану жолы деп қарастыруға болады.
Сондықтан, бауыр құрамында холин бар ФЛ-ң жеткіліксіз 
түзілуі ЛП-ң түзілуін бұзады және осы органда ТАГ, ХСН-ң 
жиналуына әкеледі. Холин, метионин және фосфатидилхолин 
липотропты заттардың тобына жатады, тамақ арқылы жеткілікті 
мөлшерде қабылдағанда бауырдың майлы инфильтрациясы 
дамымайды. ФЛ-ң ыдырауы бірнеше ферменттердің қатысуымен 
жүреді . Олардың әрбірі белгілі бір байланысты қатаң түрде судың 
қатысуымен гидролиздейді.
Фосфолипазаның әсерінен кейбір ФЛ-ң гидролизденуі тек 
катоболизмнің бір жолы деп қана есептелмейді, сонымен қатар 
эйкозоноидтардың пайда болу жолы ретінде маңызы бар. 
Фосфолипаза А

және А
2
ФЛ-ң құрамындағы май қышқылдарының 
құрамын өзгертуге қатысады. 
Гликолипидтер мен сфингомиелиндердің түзілуі үшін алдымен 
сфингозиннің синтезделуі қажет. Бұл (пиридоксальфосфат, 
марганец) пальмитоил-КоА серинмен конденсациялануы кезінде 
СО
2
мен КоА бөлініп, дегидросфинганин түзіледі.
Соңғысы НАДФН

арқылы тотықсызданып, сфинганин 
түзіледі. (3 - кетосфинганин редуктазаның қатысуымен), [23], ол 
сфинганинредуктазаның қатысуымен ФАД арқылы тотығып,
сфингозинге айналады. Түзілген сфингозин (бос май қышқылы 
қалдығын қосып алып) ацилденеді. Нәтижесінде церамид түзіледі. 
Церамидтен церобразиттер, ганглиозидтер, сульфидтер және 
сфингомиелиндер 
синтезделеді. 
Сфингомиелиндер 
мен 
гликолипидтердің катоболизмі лизосомада өтеді. 


146 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет