Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Холестериннің метаболизмі



Pdf көрінісі
бет105/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

3.8. Холестериннің метаболизмі
Қалыпты жағдайда тәулігіне экзогенді ХСН-ң мөлшері 400-500 
мг-ды құрайды. Ішек қуысында экзогенді холестеринмен қоса өт 
жолы арқылы келіп түскен эндогенді ХСН-ң жалпы мөлшерінің 30%
сіңіріледі, ал қалған бөлігі өт қышқылдарымен бірге ішек арқылы 
шығарылады. ХСН мицелла құрамында сіңіріледі. ХМ құрамында 
бауырға жеткізіледі 
. Бауыр клеткаларына пиноцитоз арқылы қалдық ХМ құрамында 
сіңіріледі. Бауыр ХСН алмасуында ерекше орын алады. Атап 
айтатын болсақ, организмге қажетті ХСН-ң 90%-ы бауырда, азырақ 
бөлігі ішектің кілегей қабатында, бір бөлігі бүйрек үсті бездерде 
синтезделеді. ХСН-ң синтезеделу жылдамдығы белгілі бір дәрежеде
сіңірілген ХСН-ң санына тәуелді болады, тәулік барысында 
сіңірілген, сонымен қатар организмде синтезделген ХСН әдетте 1,5 
гр-нан аспайды. ХСН-ң тағам құрамында түсуі жоғарыласа, 
организмде оның синтезделуі азаяды ал, тағаммен ХСН түсуі азайса, 
организмде синтезделуі артады. Бауыр басқа тіндерге қан арқылы 
ХСН-ң тасымалдануына қатысады, себебі бауырда ЛП-ң құрамына 
кіретін апобелоктар ТТЛП синтезделеді. Тіндерден қолданыста 
болған ХСН бауырға ЖТЛП қайта тасымалдайды. 
Бұл ХСН тотығып, өт қышқылдарына айналады және бауырдан өт 
қышқылдары түрінде немесе бос ХСН түрінде бөлініп шығады. 
Бауырда ХСН-ң аз мөлшері этерифицирленіп деполанады. 
Холестериннің биосинтезі 
3 сатыда жүреді: 
1-сатысы: 
мевалон қышқылының
түзілуі β-гидроксил-β-
метил-глутарил-КоА түзілуінің бастапқы реакциялары жоғрыда 
кетон денелердің синтезінде қарастырылған болатын. [19 ].
Әрі қарай бұл қосылыс НАДФ-тәуелді ГМГ-редуктаза әсерінен 
тотықсызданып, мевалон қышқылына айналады. Тотықсыздану үшін 
2 молекула НАДФН
2
қажет болады. Бұл реакция қайтымсыз, ХСН 
синтезінің негізгі реакциясы деп есептеледі.
Егер мевалон қышқылы жеткілікті мөлшерде түзілген болса, 
қалған реакциялар жүруі мүмкін . (3.33). [97]. 
Мевалон қышқылының түзілуін ингибирлеу арқылы ХСН-ң 
биосинтезін реттеуге болады. Мевалон қышқылының түзілуі ашығу, 
АТФ-ң жетіспеуі және өсімдік тектес майларды пайдаланған 
жағдайда тежеледі. Атеросклерозға бейім адамның тағам калориясы 
мен энергия шығымы баланста болу қажет. 


147 
2-сатысы: Mевалон қышқылынан активті изопреннің түзілуі 
және олардың циклизацияланып скваленге айналуы.
Мевалон қышқылы фосфорланып және декарбоксильденіп 
изопентинилпирофосфат және оның туындысы активті изопрен 
түзеді,
(3.33) 
олардың қаңқасында 5 көміртегі атомдары болады. 6 молекула 
активті изопреннен 30 көміртегі атомынан құралған циклды 
қанықпаған қосылыс - сквален түзіледі. 


148 
3-сатысы: сквален ланостерин арқылы модификацияланып, 
холестеринге айналады, бұл кезде 3 көміртегі атомы жоғалады, 
бүйір тізбегі модификацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет