Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет103/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

ТАГ 
синтезінің 
реттелуі. 
Абсорбтивті 
кезеңде 
инсулин/глюкагон қатынасы ұлғайғанда бауырда ТАГ-ң синтезі 
активтенеді. Майлы тіндерде ЛПЛ-аза синтезі индуцирленеді, яғни 
бұл кезеңде адипоциттерге май қышқылдарының түсуі артады. Бір 
мезгілде инсулин глюкозаны тасымалдаушы белок – ГЛЮТ-4
активтендіргендіктен адипоциттерге глюкозаның түсуі артады және 
осы жерде глюкоза активтенеді. Нәтижесінде, майлардың синтезіне 
қажетті глицерол-3-фосфат және активтенген май қышқылдары 
түзіледі. Бауырда инсулин әсерінен гликолизді реттеуші 
ферменттері: пируватдегидрогеназды комплекстің, сонымен қатар
Ацетил-КоА-дан май қышқылдарының синтезіне қатысатын 
ферменттердің активтілігі мен саны артады. [33]. 
Осы өзгерістердің нәтижесінде ТАГ-ң синтезі жоғарылайды 
және ӨТТЛП құрамында қанға секрецияланады. 
ӨТТЛП-р майларды май тіндеріне апарады, сол жерде ЛПЛ-аза 
май қышқылдарының адипоциттерге тез өтуін қамтамасыз етеді 
және осы жерде ТАГ-ң құрамында деполанады. 
Майлардың мобилизациясы яғни, май қышқылдары мен 
глицеролға дейін гидролизденуі ашыққанда және активті физикалық 
ауыр жұмыс орындағанда постабсорбтивті кезеңде жүреді. Процесс 
гормонға сезімтал ТАГ-липазаның әсерінен жүзеге асады. Бұл 
фермент глицеролдың 1-ші көміртегі атомына жалғасқан май 
қышқылын үзгенде, диацилглицерол түзіледі, сонан соң басқа 
липазалар оны глицерол мен май қышқылдарына дейін 
гидролиздейді, олар қанға өтеді. Глицерол суда еритін зат 
болғандықтан, бос күйінде қанмен, ал май қышқылдары - плазма 
альбумині арқылы комплексте тасымалданады. 
Триацилглицеролдар мобилизациясының реттелуі. 
Депонирленген ТАГ-ң мобилизациясы адреналин, глюкагон, 
сонымен қатар азғантай дәрежеде соматотропты гормон және 
кортизол арқылы стимульденеді. Постабсорбтивті кезеңде және 
аштық кезінде глюкагон аденилатциклазды жүйе арқылы 
адипоциттерге 
әсер 
етіп, 
гормонға 
сезімтал 
липазаны 
активтендіреді; бұл липолизді және май қышқылдары мен 
глицеролдың қанға бөлінуін иницирлейді. 
Физикалық белсенділікте адреналиннің секрециясы артады, бұл 
да аденилатциклазды жүйе арқылы липолизді күшейтеді. 


144 
Адреналин екі түрлі әсер етеді: қанда концентрациясы төмен 
кезінде оның β
2
рецептор арқылы антилиполитикалық әсер етуі
басым болса, концентрациясы жоғары болғанда В-рецепторлар 
арқылы липолитикалық әсері басым болады. 
ТАГ-ң мобилизациясы кезінде қанда май қышқылдарының 
концентрациясы 
шамамен 

есе 
көбейеді, 
бірақ 
тез 
утилизацияланады. Ашыққанда немесе ауыр физикалық еңбекте 
бұлшықет, жүрек, бүйрек және бауыр үшін май қышқылдары 
маңызды энергия көзіне айналады. Бауыр май қышқылдарының бір 
бөлігінен кетон денелерін синтездейді, ол ми, жүйке тіндеріне 
энергия көзі ретінде қолданылады. 
Постабсорбтивті кезең абсорбтивтіге ауысқанда инсулин 
аралық механизмдер арқылы гормонға сезімтал липазаның 
активтілігін тежейді; нәтижесінде майлардың ыдырауы тежеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет