481
қан плазмасымен аз мөлшерде ауыз қуысына түсетін,
иммуноглобулиндердің басқа кластарының өкілдері, шырышты
қабатты зақымданудан қорғауға үлес қосады.
Ауыз қуысының жаралары
басқа тіндерге қарағанда,
инфекцияға сирек ұшырайды. Жалпы алғанда, аралас сілекей
әрдайым, сыртқы орта факторларының тұрақты және өзгергіш
әсерлеріне
қарамастан, ауыз қуысының гомеостазын тұрақты түрде
сақтауға ат салысады.
Сілекейдің
тазалау
қызметіне - механикалық, химиялық түрде
ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан, микроорганизмдер мен
детриттердің жинақталуынан сақтау және тазалау жатады. Бұл
сілекейдің үлкен жылдамдықпен түзілуі мен секрециялануы арқылы
жүзеге асады.
Сілекей құрамындағы лизоцим, лейкоциттер және
олардың эктоферменттерің (сыртқы ортаға бөлінетін ферменттер)
бактериоцидті әсері бар.
Сілекейдің антибактериалды әсері, тікелей кариес-
төзімділікке байланысты болады.
Сілекейдің
реттеуші
қызметі –
ауыз қуысы мен асқорыту
жолдары тіндеріндегі биохимиялық процестерді реттеу немесе
жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің жағдайын көрсете алатын
белоктардың безді клеткаларда нерв импульстердің әсерінен бірден
түзілуімен сипатталады.
Сілекейдің
асқорыту
қызметі.
Сілекей
құрамында
көмірсуларды гидролиздейтін α-амилаза және мальтаза ферменті
кездеседі
және
қажетті
оптимум
рН-ы
,
синтезделуі,
активаторларының бөлінуі(хлорид ионы),
бұл ферменттердің
қызметін қамтамасыз етеді.
Ересек адамдар тәулігіне 1-2 литрдей сілекей бөледі. Секреция
жылдамдығы күндіз 0,2-0,5 мл/мин, ал түнде 10 есе баяу жүреді.
Балаларда сілекей бөлу жылдамдығы ересектерге қарағанда жоғары.
Әсіресе 5-8 жастағы балаларда сілекейдің бөлінуі, жоғары
жылдамдықпен жүреді.
Гипосаливация және ксеростомия (ауыз қуысының құрғап
кетуі), кариестің дамуына ықпал етеді.
Сілекейідің бөлінуі,
бір жақты тоқтағанда, (өткізгіштерді
байлау, безді алып тастау) тістердің зақымдануы пайда болады.
Түрлі тітіркендіргіштер сілекей бөлу жылдамдығын 8-10 есе
арттыруы мүмкін.[34].