Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


БМҚ тотығуының энергетикалық шығымы



Pdf көрінісі
бет98/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

БМҚ тотығуының энергетикалық шығымы.

Май қышқылының β-тотығуы АТФ синтезіне қажетті энергия 


көзі болып табылады. β-тотығуы кезіндегі әрбір циклда 2 рет 
дегидрлену реакциясы жүреді бұл кезде ФПН
2
және НАДН
2
түзіледі.
 
Тыныс алу тізбегінде ФПН
2
тотыққанда түзілген 
энергиядан 2АТФ НАДН
2
тотыққанда бөлінген энергия 3АТФ 
молекуласының синтезіне жұмсалады. 21 АТФ, 7 молекула HАДН
2
-
нің әр бір тіндік тыныс алу тізбегінде тотыққанда түзіледі, 14 АТФ 7 
молекула ФАДН

-ң әр бірі тіндік тыныс алу тізбегінде тотыққанда 
түзіледі, 96 молекула АТФ, 8 молекула ацетил-КоА ҮКҚЦ-да 
тотығу 
нәтижесінде 
түзіледі, пальмитин 
қышқылы 
толық 
тотыққанда таза 130 молекула АТФ түзіледі

[17]. 
Пальмитил-КоА тотығуының жиынтық теңдеуі. (3.27). [91]. 
C
15
H
31
CO- KoA + 7 ФAД + 7 HAД + 7HSKoA → 
→8CH
3
CoKoA + ФAД + 7 (HADH+H 
+
(3.27).



132 
Тақ саны бар БМҚ тотыққанда жұп көміртегі бар БМҚ-дары 
сияқты-тотығу жолымен өзгеріп, АСҚ-н түзеді. Бірақ соңғы сатыда 
екі ацетил КоА түзілудің орнына АСҚ-ның бір молекуласы және 
пропионил КоА түзіледі. Соңғы өнім ерекше тотығады. Алдын ала 
карбоксилденіп, метилмалонил КоА түзеді, ал метилмалонил КоА 
метилмалонилмутазаның әсерінен қалдық "С"-нен метил тобына 
тасымалданады. (3.28).[92]. 
(3.28) 
Сукцинил КоА-ң ҮКҚЦ-ң реакциясына қатысып, бір АТФ 
түзеді, бір ФП және НАД тотықсызданады. Олар БТ тізбегінде су 
және энергия бөліп шығарады. Бұл энергия АТФ синтездеуге 
жұмсалады. 
Көп қанықпаған май қышқылының тотығуы. 
Көп қанықпаған май қышқылының 
(
КҚМҚ-ң) - тотығуы 
пероксидті немесе перекисті тотығу деп аталады. Бұл тотығуға 
(ОАТ) оттегінің активті түрлерінің бос радикалдары қатысады. 
КҚМҚ молекуласындағы қос байланысқа жақын орналасқан 
СН
2
-тобындағы сутегі атомы оттегінің активті түрінің әсерінен 
түзіледі. Нәтижесінде май қышқылының радикалы түзіледі. 


133 
Бұл май қышқылының радикалы О
2
оңай қосып алып, май 
қышқылының пероксидті радикалына айналады. 
Түзілген пероксидті радикал басқа КҚМҚ-нан Н
2
тартып алып, 
оны тотықтырып, радикалын түзеді, ал өзі тотықсызданып 
гидропероксидке айналады. 
Түзілген май қышқылының радикалы қайтадан 2-ші реакцияға,
әрі қарай, 3-ші реакцияға түсіп, тағыда радикалдар түзеді. Тізбек 
тармақталып өрісін кеңейте түседі. Сонымен, оттегінің активті түрі 
(ОАТ) тек процесті бастау, яғни иницирлеу үшін қажет, процесс 
басталса болды, тәуелсіз жалғаса береді. 3-ші реакцияда түзілген 
гидропероксид тұрақсыз қосылыс болғандықтан, қаныққан және 
қанықпаған альдегидтерге ыдырап кетеді. Қанықпаған альдегид 
қайта тотығу реакциясына түсіп, радикал түзе алады. Радикал 
гидропероксидке айналып, қайта ыдырап кетеді. 
Қорыта келгенде, пероксидті тотығудың алғашқы өнімі 
коньюгаттар, яғни КҚМҚ-дарында қос байланысты қабысу жүйесі 
пайда болады, онда гидропероксид түзіледі, ал реакцияның соңғы 
өнімдері малон диальдегиді және әртүрлі қаныққан көмірсутектері: 
метан, этан, пентан, гексан т.б. түзіледі. 
Сонымен, КҚМҚ-ң пероксидті тотығуы май қышқылдарының 
ыдырауының бір жолы болып табылады. 
Пероксидті тотығудан түзілген өнімдер, май қышқылы 
метаболизмінің кәдімгі өнімдері, себебі қалыпты физиологиялық 
жағдайда тіндерде өте аз мөлшерде болса да, тотығу процесі бос 
радикалдардың қатысуымен үздіксіз жүріп отырады. Пероксидті 
тотығудан түзілген активті бос радикалды өнімдер зат алмасу 
процесіне қатысады. 
Олар мембранадағы липидтердің құрамын, өткізгіштігін және 
организмнің (клетканың) өсу жылдамдығын реттейді. Сонымен 
қатар, фагтардың жұмысына, простогландиндер, протестерон 
гормондарының синтезіне қажет, десекте, бос радикалды өнімдер 
көбейсе аномальды реакциялар даму қаупін тудырады, себебі олар 
липидтердің пероксидті тотығуын туғызушылар, ал асқын тотықтар 
улы заттар, олар белокты денатурациялайды, ферменттер 
активтілігін төмендетеді, тотығудан фосфорлану процесін тежейді, 
клеткалардың 
мембраналары 
деформацияланады, 
сондықтан 
мембраналар бір-біріне жабысып қалады, кейде митохондрияны 
толық бұзады, клетканың бөлінуін тежейді, клетканы өлтіреді. 


134 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет