- Шыны ыдыстағы су тап - таза, мөлдір, адамзаттың баласы да дүниеге келгенде осындай таза жүрекпен дүниеге келеді. Енді бұл суға қара бояу қосылған суды әр тамшысын біртіндеп қосып отыратын болсақ су лайланып кетеді. Яғни адамзаттың баласы айналасындағы әр түрлі жағымсыз әсерлер, жаман сөздер, ғайбат сөз айту арқылы адамның жүрегіде осы су сияқты лайланып, қарая бастайды.
- Енді осы суға таза суды қосып үстемелеп толтырып тазалайтын болсақ су қайта бастапқы қалпына келеді, адамдар да өзінің жүрегін үнемі тазалап отыруы керек. Ол үшін риясыз сүйспеншілікпен жақсы көру, махаббат, мейірімділік, жүректі имандылыққа толтыру, айналасын нұрға бөлеу, жақсы сөздер айту, ниетті тазалау, ойды тазалау, сананы тазалау, сөзді тазалау және іс-әрекетінің дұрыс болуын қадағалау арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |