Жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген болашақ мамандар нәтижесінде:
Ақиқаттыңақ жолында жүретін, риясыз сүйспеншілікпен отбасын, айналасын, шәкірттерін т.б жақсы көретін, дұрыс әрекет жасай отырып өзінде ішкі тыныштық орната алатын сол арқылы ешуақытта, ешқашан, ешкімге қиянат жасамайтын маман даярланады деп күтілуде.
Өзінің адами тұрғыдан қалыптасуына және кәсіби тұрғыдан шыңдалуына ықпал етеді.
Оқыту мазмұны бойынша бұрынғы жүйеде әлеуметтік тапсырысқа сәйкес келетін тұлға қалыптастыру, әлеуметтік ортада жетістікке жету үшін тұлғаның қабілеттерін дамыту көзделсе, қазіргі жүйеде тәрбиенің оқытудан басымдылығы және шын мәнісінде оқытуды тәрбиенің бөлігі ретінде енгізу, адам бойындағы рухани құндылықтардың көзін ашу, жарыққа шығару қағидалары қарастырылады.
Жоғары оқу орындарының білім алушыларына арналған бұл оқулық жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамның рухани болмысын ашуға теориялық және практикалық тұрғыда мүмкіндіктер туғызады