Өзін-өзі тану пәнінде инновациялық технологияны пайдалану


Келесі қағидалардың негізінде білім алушылардың құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады



бет11/13
Дата11.12.2021
өлшемі3,21 Mb.
#99280
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ozin-ozi

Келесі қағидалардың негізінде білім алушылардың құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:

  • 1. Ізгілікке бағыттылық қағидаcы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек студенттердің, оқушының емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
  • 2. Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидаcына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын бірлікте қарастыратын зайырлы білім;
  • 3. Әлеуметтік ынтымақтастық қағидаcы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап етеді;
  • 4. Ұлттық мұра қағидаcы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
  • 5. Табиғи сәйкестілік қағидаcы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет