П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р


арақатынасын қарастыру керек. Үрдіс - жүйенің күй-жайының ауысуы



Pdf көрінісі
бет28/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2

арақатынасын қарастыру керек. Үрдіс - жүйенің күй-жайының ауысуы,
демек, білім беру үрдісі - әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй-жайының 
ауысуы. Сондықтан педагогикалык (білімдік) әрекет және педагогикалык 
үрдіс - екеуі бір нәрсе емес. Педагогикалык үрдіс - бүл қозғалыстағы, 
дамудағы әрекет. Тек оны ойша ғана тоқтатып, біз педагогикалык әрекеттің 
бөліктерін алаңсыз талдай аламыз.
Енді бір маңызды үғым 
“педагогикалык өзара әрекеттестік”, 
практика- 
лык педагогикалык әрекеттің мәнді белгісі - екі жақты сипатын бейнелейді. 
Бүл қасиет арқылы педагогикада мақсат қоюмен және басшылық етумен 
байланыстының бәрін сипатгайды. Судың кез келген молекуласындағыдай екі 
заттың, сутегі мен оттегінің атомдары бар болатыны сияқты, педагогикалык 
әрекеттің кез келген элементінде, оның “молекуласында” екі жақ: мүғалім мен 
оқушы, тәрбиеші мен тәрбиеленуші қатысады. Кгер осы екеуінің біреуін 
педагогикалык үрдістен алып тастаса, үрдістің озі ыдырайды, педагогикалык 
әрекет тоқтатылады.
Бірақ эқушы немесе тәрбиеленуші педагогикалык үрдіске жай ғана қатыс- 
пайды. Бүл - тірі адам және ол мүғалім сияқты қатысатын кейігғкер болып 
табылады. Егер дәлірек айтсақ, өзара әрекеттесушілік, себебі ол педагог 
әсеріне белсенді түрде жауап береді, ал мүғалім болса оқушының жауабын 
есепке ала отырып, одан әрі қарай жасалатын жүмысты қүрады. Кейде 
бейнелеп айтқанда (әрине, белгілі деңгейде асыра сипаттап), ештецеге үйрету 
мүмкін емес, әркім өзі ғана үйренуі керек дейді.
Осы айтылғанмен білім беру үрдісіне қатысушы екінші жактың, яғни 
оқушының қатысуының белсенді сипаты мен бүл үрдістегі қатар әрекеттер 
емес, оның қатысушыларының өзара әрекеттесуі сөз болып отыр.
Ең соңында, педагогикалык зерттеулерде 
іргелес ғылымнан алынган
үғымдарды 
боліп көрсетуге болады: психология (“қабылдау”, “меңгеру”, 
“ақыл-ойдың дамуы”, “еске сақтау”, “іскерліктер”, “дағдылар”), кибернетика 
(“кері байланыс”, “динамикалық жүйе”).
Математика, физика немесе логика сияқты ғылымдардан өзгеше педаго­
гика негізінен жалпы қолданыстағы создерді пайдаланады. Бірақ сөздер ғылыми 
айналымға түскен соң, табиғи тіл создері ғылыми терминнің өзіндік қасиетіне
- осы саланың ғалымдары бірдей үғынатын бір мағыналылық қасиетін алады. 
Соз ғылыми терминге айналғанда, ол үлкен ғылыми еңбектің көрінісі болып 
табылады. Сондықтан кейде “ғылыми сияқтыны” енгізгенде болатын қарсы- 
лықты гылыми терминологиядан бас тарту деп түсінуге болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет