Азаматтық парызыңызды адал атқарып, абыройлы да, мерейлі өмір жолыңыздың бір белесі болып отырған 50 жасқа толған мерей-тойыңызбен Сізді М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих және құқық факультетінің ұжымы шын жүректен құттықтайды.
Сіздің өмір жолыңыз - қоғам мен кейінгі толқын жастарымыздың алдында тағзым мен дәріпке ие.
Қымбатты Әсет Сембайұлы! Біз Сізді жоғары оқу орнында қызмет атқарған басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңашыл, шығармашылық жұмыс стилі тиісті құрмет пен сенім әкелген ғалым, педагог ретінде білеміз. Сіз құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих және құқық факультетінің деканы, университеттің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, бірінші проректоры қызметтерін абыроймен атқаруы-ңыз, бүгінгі таңдағы егеменді еліміздің білімі мен ғылымы саласындағы жемісті еңбегіңіз сол қажырлы қайрат пен іскерлігіңіздің заңды нәтижесі деп білеміз. Ел құрметіне бөленіп, еңбекке деген ыждағаттылық, біліктілік Сізді жауапкершілігі мол, міндеті зор басшылық қызметтерді атқаруға жеткізді. Университет қабырғасында еңбек еткен жылдарда студенттердің санасына патриоттық тәлім-тәрбиені сіңірумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласуыңыз, білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесіңіз – Отанымыздың гүлденуіне бағытталған адал да риясыз қызмет етудің үлгісі болып табылады.
Бүгінде өмір-өзенде талмай жүзген, жаныңыздағы жарасымды жары-ңызға - арқа тұтар адал жар, ұрпақтарыңыз мақтан тұтар - асқар таудай әкесіз!
Қуанышты мерейтойыңызбен ізгі көңілден құттықтап, Сізге қажырлы еңбек, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Келешекте де ғалымдық, ұстаз-дық, азаматтық еселі еңбегіңізбен елге таныла беріп, жемісті жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз!